www.twig-bilim.kz - BBC Motion Gallery студиясының бейнесабақтары негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған электронды оқыту кешені. Баланы дамыту мен PISA тестілеріне дайындауға арналған ресурс.
«MEKTEП OnLine» - орта мектептің оқу пәндері бойынша бейне- сабақтар.
IоT BOARD - заттар интернетін зерттеуге арналған модульдері мен датчиктері бар бір тақталы жиынтық.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 11-сыныптағы заттар интернетін үйрену үшін IoT Board жиынтығын пайдалану ұсынылады. Жиынтық өлшеуге қажет барлық датчиктерден, Bluetooth және Wi-Fi желісіне қосылуға арналған кіріктірілген модульдерден тұрады. IoT Board -заттар интернетін тиімді әрі ыңғайлы оқытуға арналған аппараттық-бағдарламалық құрал.
Ерекшеліктері:
барлық датчиктер мен компоненттер жиынтықтың ажырамас бөлігі, бір тақтада дәнекерленген;
заттар интернеті модулі кіріктірілген;
панельдегі дайын электр сызбасы бөлшектерді байланыстыруға ыңғайлы;
электр желісімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік;
тақта электр және перифериялық қосылымдарға арналған қорғаныс элементтерімен жабдықталған;
қуат блогынан электр қуатын тұтынатын негізгі нүктелерге мыс өзектер жүргізілген;
модульдерді компьютердегі USB кабелі арқылы программалауға болады;
тақтадағы әр компонент үшін шелкографияда дайындалған пиктограммалар түрінде нұсқаулар көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |