«Музыка» оқу пәні
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат, 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.
Достарыңызбен бөлісу: |