Орта ғасыр Қыңырақ қаласы


Қыңырақ қалашығының географиялық орны



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#87965
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орта ғасыр Қыңырақ қаласы

Қыңырақ қалашығының географиялық орны
Қыңырақ қаласы Келес өзененің батыс жағына
орналасқан.
Ал қарсы жағында, яғни шығысында үлкен төбе бар.
Ауыл тұрғындары ол жерді 1961 жылдан бері зиратқа
айналдырған. Жоғарыда осы зиратқа қарай Қызылжар-
Дербісек тас жолын төтелеп салуға ұмтылып көргенін
жаңа айттық. Сол зираттың орны баяғыда қамал
болған деген сөз бар. Қазірдің өзінде адам жерлеу үшін
жер қазғандар дуалға түсіп қалып, қазу кезінде қатты
қиналғандарын айтатындар әлі де кездесіп тұрады. Сол
қамалдан Келес өзенінің астымен Қыңырақ қаласына
қарай өтетін туннель болған деген сөз бар. Себебі
зират алдындағы кедір бұдыры көп жыртып жіберіп,
бауға айналдырады. Сол бауды суғару кезінде неге
екені белгісіз су үнемі бір түзудің бойына сіңіп кете
береді және бұл жайт талай мәрте қайталанған. Сол
түзу шығыстан батысқа қарай созылып жатыр, яғни
Келес өзенінің тұсына перпендикуляр. Бұлда жер
астында бір қуыс орынның бар екенін білдірсе керек.
Жалпы Жаскешу тұрғындары өз бау-бақшаларын күту
барысында өз жерлерін қазған кезде табылған қыш
ыдыстар мен олардың сынықтары табылған жер
көлемін бағамдасақ, жоғарыда айтылған Отырар
қазбаларының көлемінен әлде қайда үлкен болып
шығады.
Мысалы № 1 мен № 2 құмыралардың табылған
жерлерінің арасы 130 метрден асып кетеді. Ал
ыдыстың табылған жерінен құлаған жарқабақтан
өлшегенде үлкен қыш табылған жерденде алыстау,
яғни 600 метрденде үлкен. Оған қосарымыз және
бар.Жаскешудің бір тұрғыны өз қажеттілігі үшін өз
үйінің маңынан тереңдеу шұңқыр қазбақшы болған
адам сүйегімен бір кішілеу құмыра шығады. Ол адам
ауыл молдасын шақырып құран оқытып адам
қаңқасымен құмырыны сол маңнан алыс емес жерге
қайта көмеді. Бізге ол жерде белгілі. Осындай заттай
дәлелдерден кейін бұл жерде балшықтан күйдіріп ыдыс
жасайтын технологиясы жоғары деңгейге жеткен ыдыс
өндірісі жақсы жолға қойылған қала болған деп толық
айта аламыз.Бұлар сол кездегі Ташкент шаһарына
саудаға шығару үшін жасалған ыдыстар болуы да
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет