17 Дәріс. Арабтар. Мақсаты: Аравияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары.
Халифаттың мемлекеттік құрылысы.
1. III-VI ғ.ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, діні, саяси тарихы. Арабия түбегі 3 млн. шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ежелден бұл территорияны арабтар мекендеді. Бұл аймақтың әртүрлі аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы біркелкі болған жоқ. Табиғат жағдайларына қарай оның тұрғындарын отырықшы егіншілер, көшпелі малшылар деп бөлуге болады. Аз ған бөлігінде егіншілік дамыды. Иеменнің қару жарақ шығарумен, тері өңдеумен даңқы шықты. Оңтүстік Арабияда алтын шығарылды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық саудамен айналысуы себеп болды. Арабиядағы көшпелі малшыларды – бедуиндер деп атады. Бедуиндер негізінен түйе өсірумен, сонымен бірге жылқы, қой, ешкі өсірумен шұғылданды. VI-VII ғасырларда бедуин тайпаларында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау процесі жүріп жатты. Тайпа ақсүйектері қора-қора малымен, жайылымдарымен ерекшеленіп тұрды. Бұлармен қатар өздерін заңды түрде тәуелсіз деп есептейтін, бірақ мәжбүрлі түрде ақсүйектерге жұмыс істейтін тәуелді адамдар болды. Арабтарда маңызды мөлшерде құлдықта таралды. Құлдар негізінен Африкадан әкелінген шетжерліктер болды. Құл еңбегі экономикалық құрылыстың негізі болған жоқ.
Иемендегі құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы және бедуиндердегі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі Арабияның сыртқы жаулап алушылардың обьектісіне айналу кезіне сәйкес келді. VI ғасырда Византия мен Иран Иемен мен Батыс Арабия арқылы өтетін сауда жолдары үшін күрес жүргізді. 572-628 жылдары Иемен Сасанидтік Иранның сатырабына айналды.