ХІІ ғасырда Каньяганың билеушілері қастандық ойлап, Гананың бұрыңғы территориясын (Солтүстік Бемдущ, оңтүстік Багана,Диага бөлігі)
қаратып Сосо мемлекетін құрайды. ХІІ ғ ішінде Сосо мен Мали Гана ға қатер төніп тұрды.батыс Суданның сауда орталығы болудан қалды.
1203 жылы Сосо Гананың бүкіл жерін иемденді. Астанада қалған бай отбасылары мен саудагерлер қаладан кетті. Осылайша Сосо бүкіл Батыс Суданның маңызды сауда керуенін иемденді. Осылардың келуімен 1224 жылы Уалата қаласы пайда болып, экономикалық орталығы деп есептелді.
Сосоның қарсыласы Маи мемлекеті болды, Суданның сауда орталығында орналасқан бай аймақтардың бірі.
В) Мали мемлекеті Мали мемлекетінің пайда болуы УІІ ғасыға сай келеді. ІХ ғасырда арабтардың деректерімен дәл келеді. Малидің шекарасы Нигердің алдыңғы ағысы шығысқа қарай, Беледугудың солтүстікке қарай, Бакой өзенінің алдыңғы ағысы батыста. Малидің орталығы солтүстік аймағы болды. ІХ ғасырда ислам дінін қабылдады, кейбіреулері өздерінің алғашқы наным –сенімдеріне сенді. Арабтың және бербердің саудагерлері мен мұсылмандары Малиге келе бастады. Себебі солармен күнделікті сауда-қатынастық жағдайда болу үшін.
Малидің экономикалық және политикалық гүлденуі ХІІ ғасырдың ІІ-ші жартысына сай келеді. Сол кезде Мали Кейта жеріне еніп, бұл жаңа династия болды. Мемлекеттік қайраткер , еңірі представитель ол Сундиата болды (1230-1253жж). Оның қарамағында мықты, тәртіптіәскер болды. Алғашқы жорығы Сангаран және Футо-Джаллон аймағы болды және Мали жеріне қосып алды. Кейінен Сосо патшалығының оңтүстік жерін, және Малиге Сосо территориясының көп бөлігі кірді. 1240 жылы Сундиаттардың басшылығымен Сосо жерінің бәрі Малиге кірді. Сундиаттың билеуімен Малидің жаңа астанасы ретінде –Ниани қаласы болды.
Батыс Судан жеріндегі ең мықты айбатты мемлекет –Мали болды. ХІІғ.ІІ жартысында Мали соғыстарды жалғастыра береді. Ниани астанасы осы уақыттың ішінде Нигердің үстіңгі ағысынан ірі сауда орталығы болды, осыны басып Магрибтан және Ливиуан сауда керунеі өтті. Мали империясына Батыс Судандағы- Уалата және Тимбукту мәдени орталығы болды. Малидің экономикалық жағдайы күннен күнге кеңейе түсті. Египет пен Магриб елімен сауда айырбас қарым-қатынаста болды. Айрбас ретінде Гана еліндегі сияқты мұнда да тұз, алтын, шыныдан жасалған бұйымдар жүрді. Ішкі саяси жағдай жақсара түсті. Марокканың сұлтанымен дипломаттық қарым-қатынаста болды.