Онтогенездің эмбриондануы және канализациясы Лекция № 25 Тақырыбы: Эволюциялық прогресс Жоспары:
1.Прогресс туралы түсінік.
2.Прогрессивті даму критерилері
3.Прогресс құбылысын классификациялау, олардың сипаттамасы, критерилері және арақатынасы
Лекция мәтіні:
1.Биологиялық прогресс- органикалық формадан тарихи процесі өзінің мазмұны жөнінен қайталанбайтын процесс. Бұрын өмір сүріп одан кейін жойылып кеткен формалары одан кейін болған филогенетикалық даму процесінде қайталанбайды. Эволюцияда ешқашан кері қозғалыс болмайды: кейде белгілі бір жайдайларда эволюцияның өткен кезеңімен ұқсас нәтиже болуы мүмкін. Бірақ мұны анықтай келіп қарағанда ол конвергенциялық ұқсастық болып шығады. Осылайша эволюцияның ілгері дамуы сипаты эволюцияның қаайталанбау заңы деп аталады. Бұл заңды қалыптастырған бельгиялық палентолог Л.Долло.
2. Алғашқы организмдер пайда болған кезден бастап органикалық дүниенің дамуы өрлеу жолымен –төменгі жоғарғы қарай қарапайымнан күрделіге қарай жүріп келеді,яғни прогресивтік жолмен дамуда.
Бірақ бұдан, органикалық табиғаттың дамуы тек бір бағытта тура жоғары өрлеу жолымен ғана жүріп отырады деген мағына шықпайды. Шын мәнінде организмдердің филогенетикалық дамуы өте күрделі және алуан түрлі болып келеді.
Осыған байланысты процесс деген ұғым органикалық дүниеге салыстырмалы түрде қолданылады. Энгельс айтқандай филогенезде пайда болған бейімділіктердің кез келгені “тұтасынан алғанда прогресс те, сондай-ақ регресс те болып саналады.Мұның негізі сол , ол органикалық дүниедегі әрбір процесс сонымен бірге регресс болып табылады, себебі бұл бір жақты дамуды бекітіп отырады және көптеген басқа бағыттарда дамуға мүмкіндік бермейді.
Организмдердің филогениялық дамуның бағыттары жайында желілі ілім құрған А.Н.Северцовтың еңбектерінде органикалық дүниенің тарихы дамуындағы процесс проблемасы әдейі талқыланған. Осы туралы Северцов өзі ашқан заңдылықтардың жануарлардың эволюциясын мысал ете отырып көрсетті. Кейінен бір қатар зерттеушілер осы заңдылықтарды өсімдік дүниесінде пайдаланады.
Северцовша органикалық дүнедегі процесс екі типке:
1)морфологиялық –физиологиялық процесс және. 2) биологиялық процесс.
Мұның бірінші жағдайында организмдердің тек қана құрылыстары мен функцияларындағы процессивтік өзгерістер жатады. Екіншісіне- түрдің өркендеуіне же ткізетін оның особьтарымен саны көбею ареалының кеңуі, сондай-ақ түр тармақтарының және басқа түр ішінде топтардың түзілулері сияқты өзгерістердің бәрі жатады.
Морфологиялық –физиологиялық процесс әрқашан биологиялық прогресске әкеп соғады, себебі құрылысы мен функциялары жөнінен жетік формада қоршап тұрған жағдайға бейімделген мүмкіншілік мол болады. Бірақ, ол биологиялық прогресске апаратын жалғыз жол бұл ған емес.
3. Северцовтың айтуынша биологиялық прогресстің кемінде төрт ортақ бағыты бар: 1)Араморфоз немесе морфологиялық –физиологиялық процесс
2) идиоадапциялық немесе жеке бейімділік,
3) морфологиялық физиологиялық регресс немесе
Достарыңызбен бөлісу: |