Орта мектептің 7-9 сыныптарында кіріктірілген оқыту технологиясын ұйымдастыру және жүргізу



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,42 Kb.
#92377
1   2   3   4
Байланысты:
Нұржан Гүлнұр Орта мектептің 7-9 сыныптарында кіріктірілген оқыту технологиясын ұйымдастыру және жүргізу

“белл – ланкастер жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту” түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әр түрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200–300 немесе 600–ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында “дальтон – жоспар” оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі- оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі-оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3–4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдыыыыастыруды ұсынды.

  1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.

  2. Сыныптағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы.

  3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.

  4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.

  5. Оқытуды жылдың тұраааақтыыыыыы бір мезгілінде бастап , аяқтау.

  6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.

Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әр кезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ң алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай–ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта, оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттері мен ақыл–ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым–қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.

  1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын – ала белгілі болуы тиіс.

  2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.

  3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай–ақ сабақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.

  4. Сабақта мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.

  5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. “Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек”–деп Ж.Аймауытов жайдан– жай айтпағанын ескеру керек.

  6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.

  7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым–қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым–қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым–қатынас жасау және қарым –қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.

  8. Сабақта, оқушыларға білім берумен қатар, оларды өздігінен білім алудың әдіс–тәсілдеріне үйрету міндет.

  9. Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.

  10. Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір–бірімен өзара байланыста, бірін–бірі толықтырып тұрылуы қажет.

  11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу – техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет