Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым



Дата27.08.2017
өлшемі59,35 Kb.
#29908



Түсінік хат

Тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 10 сыныптың физика пәні бойынша Электродинамика бөлімінің тұрақты электр тогы тарауына арнап құрылған.

Физика – оқушыға білім беретін жəне өзіндік тəрбиелік ықпалы бар, оның ақыл - ойын жəне логикалық ойлау қабілетін дамытатын, ерік-жігерін тəрбиелейтін өзіндік мазмұны жəне зерттеудің ғылыми əдістері бар жетекші ғылымдардың бірі болып табылады. Бүгін мектептегі «Физика» оқу пəнінің курсы ғылыми түрде ойлауды қалыптастыруға бағытталған, абстрактiлi-теориялық жəне практикалық ойлауын, сыни ойлау жəне талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік жəне шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, білігін техникада жəне күнделiктi өмiрде пайдалана білу.

Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым. Сабақтарымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында сергіту, топтастыру сәттері жүргізіледі.

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: сыныптағы диалогтік оқудың маңызы және қалай оқу керектігін үйрету сабақтың әрқайсысында көрініс табады. Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, ойлау қабілетін шыңдауын, өзіндік пікірін қалыптастыру және шешім қабылдау үшін жоспарладым. АКТ қолдану арқылы оқушылардың ғаламтор желісі арқылы өздігінен білім алу, іздену және сандық технологияға құзіреттілігін арттыруға бағыттау көзделеді. «Оқыту үшін және оқу үшін бағалау» модуліндегі бағалаудың формативті, суммативті түрлері қолданылды.

Талантты және дарынды балалар модулінде өз білімдерін жетілдіру, ойлау қабілетінің жылдамдығын арттыру, үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша барлық тапсырмаларды, сергіту сәттерін ескере отырып алдым. Орта мерзімді жоспарды жасау барысында мақсатты нақты қоюды, күтілетін нәтижені анықтап алуды, тізбектелген сабақтарды бір-бірімен байланыстыра алуды, әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды, барлық оқушыларды сабаққа тарту жолдарын үйрендім.






Сабақтың тақырыбы

1.Оқытудың негізгі мақсаттары

2.Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

3.Оқу нәтижелер

4.Бағалау соның ішінде оқыту үшін бағалау

5.Барлығын қосқанда

6.Негізгі дереккөздер




Тұрақты электр тогы заңы тарауы

Тұрақты электр тогы заңдылықтарын практикада қолдануды үйрену

Галереяға саяхат, ашық және жабық сұрақтар, он сұрақ, біреуін аласың – біреуін бересің, автобус аялдамасы, ақылдың алты қалпағы, конверт сұрақтары, тақырыптық теннис, көршіңе әңгімелеп бер

А)Тұрақты электр тогы заңдарын біледі

В) Тұрақты электр тогы заңдарын пайдаланып есептер шығарады

С)Тұрақты электр заңдарын бір-бірімен салыстырып қорытынды жасап, дәлелдейді


Екі жұлдыз, бір тілек әдісі, бағдаршам, Блоб ағашы, табыс критерийлері, жұлдыз арқылы, смайлик, бағалау парақшасы, мадақтау, асықтар арқылы бағалау, мадақтау сэндвичі, интервью, сумативті бағалау

1.Деңгейлік тапсырма,

2.практикалық жұмыс, 3.галереяға саяхат, 4.видеоролик, 5.кері байланыс, 6.видеоролик, 7.постер

8.кеңейтілген тапсырма

9.тәжірибе жасау,

10.тізбек құрастырады

11.көршіңе әңгімелеп бер

12.жұппен жұмыс


Амперметр, вольтметр, сымдар, электрондық оқулық, кітаппен жұмыс, видеоролик, флипчарт, Физика 10 сынып, Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев, Алматы «Мектеп» 2010

Постер, АКТ, асық, конверт, электрондық оқулық, Викепедия сайты, видеоролик, флипчарт,

Сөздер жазылған қағаздар, бағалау парақшасы,



1

Тармақталған тізбек. Кирхгоф ережесі


Кирхгоф ережесін практикада қолдануды үйрену

Галереяға саяхат, ашық және жабық сұрақтар, он сұрақ, біреуін аласың – біреуін бересің, зерттеушілік әңгіме

А)Кирхгоф ережесін тармақталған тізбекте қолданылатынын біледі

В) Кирхгоф ережесін пайдаланып есеп шығарады

С)Тармақталған тізбекті өз бетімен құрастырып, дәлелдейді


Екі жұлдыз, бір тілек әдісі, бағдаршам, Блоб ағашы

1.Деңгейлік тапсырма,

2.практикалық жұмыс, 3.галереяға саяхат, 4.видеоролик, 5.кері байланыс, 6.видеоролик, 7.постер




Амперметр, вольтметр, сымдар, электрондық оқулық, кітаппен жұмыс, видеоролик, флипчарт, Физика 10 сынып, Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев, Алматы «Мектеп» 2010

2

Токтың жұмысы мен қуаты. Пайдалы және толық қуат

Токтың жұмысы мен қуатының формуласын пайдаланып, есеп шығаруды үйрену

Автобус аялдамасы, , сұрақты ұстап ал, арасындағы айырмашылық тап, ашық және жабық сұрақтар

А) Токтың жұмысы мен қуатының /толық және пайдалы/ формуласын және оның қолдану аясын біледі;

В)Токтың жұмысы мен қуатын практикалық жұмыстар қалай пайдалану керектігін сараптайды;

С)Есептеулер барысында ток күші, жұмыс, қуатты салыстыру арқылы қорытынды жасайды.


Табыс критерийлері, жұлдыз арқылы, смайлик, бағалау парақшасы

1.Кеңейтілген тапсырма,

2.ашық және жабық сұрақтар,

3.тәжірибе жасау,

4. постер, 5.видеоролик, 6.табыс критерийлерін анықтау,


Кітаппен жұмыс, карточкалар, табыс критерийлері жазылған плакат, видеоролик, флипчарт,

10 сынып, Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев, Алматы «Мектеп» 2010



3

Джоуль-Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і



Электр тогының жылулық әрекетін Джоуль-Ленц заңымен анықтауды үйрену

Конверт сұрақтары, тақырыптық теннис, көршіңе әңгімелеп бер,

жарнама жасау, ақылдың алты қалпағы ашық және жабық сұрақтар,



А) Электр тогының жылулық әрекетін Джоуль-Ленц заңымен анықтауды біледі

В)Электр тогын басқа әрекетермен байланыстырып қолданады

С) Джоуль-Ленц заңын басқа заңдылыққа сүйеніп дәлелдейді


Мадақтау, асықтар арқылы бағалау, мадақтау сэндвичі, блоб ағашы

1.Тізбек құрастырады, 2.Есептер шығарады,

3. Көршіңе әңгімелеп бер

4.Жұппен жұмыс


Постер, АКТ, асық, конверт, электрондық оқулық, Викепедия сайты, видеоролик, флипчарт,

10 сынып, Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев, Алматы «Мектеп» 2010



4

Практикалық жұмыс №14

Тұрақты электр тогы заңдарына есеп шығаруды үйрену

Детальдарын қосу, кір жуғыш жіп, арасындағы айырмашылық, пазл,ашық және жабық сұрақтар

А) Тұрақты электр тогы заңдарына есеп шығарады;

В) Тұрақты электр тогы заңдарын практикада заңдарға сүйеніп табады;

С) Қиындағы жоғары есептердің құрауыштарын дәлелдей алады;


Мадақтау сэндвичі, блоб ағашы, интервью, сумативті бағалау.

1.Тест жұмысы

2.Деңгейлік тапсырмалар;

3.ашық және жабық сұрақтар

4.Тәжірибе жасау




Сөздер жазылған қағаздар, бағалау парақшасы,

10 сынып, Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев, Алматы «Мектеп» 2010




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет