Орта мерзімді (күнтізбелік -тақырыптық) жоспар «Математика» пәні 2 сынып


Орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар



бет5/10
Дата18.12.2023
өлшемі162,98 Kb.
#197489
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 СЫНЫП КТЖ 34апта 2023-2024 о ж Ләззат

Орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар
Түсінік хат
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі оқушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады. Мысалы, мына тапсырма үлгілері жазылым дағдысын дамытуға ықпал етеді:
1) оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
2) газет-журналдарға шағын хабарлама, мақала жазу;
3) белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
4) оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
5) грамматикалық және ортақ тақырыптар аясында шығармашылық тапсырмалар (ребус, пиктограмма, сөзжұмбақ, сәйкестендіру және толықтыру тест тапсырмалары) құрастыру;
6) ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
7) жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік құрастыру;
8) сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау.
9) диктант; грамматикалық тапсырмалар; бақылау ретіндегі көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары.
Пән бойынша 2-сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстарының көлемі:
1) сөздік диктант – 5-7 сөз; 2) диктант – 25-30 сөз; 3) мазмұндама – 40-60 сөз; 4) шығарма – 25-35 сөз.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау жиынтық жұмыстарын жүргізуді көздейді. Бірақ қажеттілігіне қарай мұғалім қосымша жұмыстар (диктант, мазмұндама, шығарма және т.б.) жүргізе алады, олардың нәтижелері сынып журналына қойылмайды. Ол білім алушылардың жетістіктеріне аралық мониторинг жүргізудің бір түрі және жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін ұсына отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кері байланыс болып табылады.


57-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны

Пән/Сынып

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

Қазақ тілі,
2-сынып

2*

2*

2*

2*

* –Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау шеңберінде бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі:
Қателер:
-​ сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескел қателер;
-​ емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;
-​ мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы (сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басында жазылмауы;
-​ орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады;
-​ бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;
-​ мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардың болуы;
-​ бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік қоры жұтаң, мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардың қалдырылуы;
-​ мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынада қолданылмауы.
Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі өрескел емес қате.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет