Ортаңғы топ: «Тұлпар» Балалардың жасы


"Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне саяхат" дидактикалық ойыны



бет2/15
Дата11.03.2023
өлшемі44,04 Kb.
#171942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
13-17 наурыз

"Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне саяхат" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып, сын тұрғысынан ойлауға, талқылауға үйрету, салт-дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)

"Әдемі кілемшелер" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін үрдістерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
(математика негіздері)

"Киіз үйді құрастыр" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қағаз қиындыларынан киіз үйді құрастыру.
Педагог:
- Балалар, қазір біз "Киіз үйді құрастыр" дидактикалық ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: алдарыңда киіз үйді құрастыратын қиындылар бар. Мен ретімен киіз бөліктерін атап отырамын, сендер ойланбастан сол бөлікті тез алып, қағаз бетіне қойып, құрастырып шығасыңдар. Кідіріп қалған жұмыстар есепке алынбайды. Педагог балалармен бірге ойынды қадағалап отырады, соңында жақсы ойнаған балаларға киіз үй бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
(жапсыру)

Ұлттық ойын. Хан алшы
«Хан алшы» ─ қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі асық ойынының бір түрі. Ойынға 5 немесе 10 бала қатысады. Көп асықтың ең ірісі қызыл түске боялады. Бұл асық «Хан асығы» болып саналады. Асықтар тізіп қойған соң, ойын бастаушы «Хан асығымен» оларды көздеп, құлатады. Құлаған асықтарды жинап алады. Егер «Хан асығы» бүк, шік, тайқы қалыптарымен түссе, ойын бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.
Егер ойын бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында,
«Хан асығы» кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет