Күтілетін нәтижелер:
біледі: қағазды умаждау арқылы қар кесектерімен аққала жасауды;
игереді: аққала мен қар кесектерін кеңістікте дұрыс орналастыруды;
меңгереді: қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуді.
№ 23 технологиялықкарта
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қалдың материалдар мен жұмыс.
Тақырыбы: Аққала.
Мақсаты: жіппен жұмыс жасай білуге үйрету, қиылған жіптерден Аққаланың бейнесін жасауда саусаң қимыл қозғалыстарын дамыту, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ және қызыл түсті жіптер, желім, қылқалам, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: жіппен жұмыс жасау, жіптің ұсақ қиындылары.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотива-
циялық-қозғау-
шылық
|
Балаларға қағазбен умаждап аққала жасағандарын еске түсіреді, қардан өздері аққала жасағандарын әңгімелеп береді. Үлгіні көрсетіп, бүгін біз қиылған жіптерден Аққала жасаймыз деп оны жасаудың жолдарын түсіндіреді.
|
Балалар жіптермен жұмыс жасау жолдарымен танысады.
|
Үйымдас-
тырушылық-
ізденістік
|
(Аула, шарбақтардың суреті салынған қағаздар балаларға таратылады).
-Аққаланың бірінші үлкен бөлігін жасау үшін ең ұзын жіпті таңдап аламыз, оны дөңгелектеп орналастырып желімдейміз;
-Екінші бөлігіне жіпті таңдап алып, оны бірінші дөңгелектің үстіне орналастырамыз;
-Басына арналған жіпті алып, оны орналастырып, оның үстіне бас киімін қызыл немесе басқа түсті жіппен желімдейміз;
-Қолдарына арналған жіптерді желімдейміз;
-Орындалу реті аяқталған соң, оның мұрны, көзі, қолындағы сыпырғышы т.б. толықтырылады;
-Ұсақ қиылған жіптерді көбірек алып, ақ жіптердің ұнтақтарынан» Аққаланың ішіндегі дөңгелектерді толтыруымызға болады.Педагог балаларға көмектесіп, жіптерді қалай пайдалану керектігін, қалай қиюға болатынын айтып, үнемі бағыт беріп отырады.
|
Қағаздың бетіндегі мазмұнға қарай отырып, оны қалай орналастыру
қажеттілігін ойланады. Жіптерді ретімен таңдап алады, оны желімдейді, бір-біріне үйлесімділігіне қарайды, ұсақ қиындылармен ортасын толтырады. Басқа дене бөліктерін өз ойларынан жасайды.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Педагог балалардың жіптерді қалай пайдаланатынын, қалай желімдегеніне назар аударады, суреттің мазмұнын дұрысқұрастырғанына және жұмыстың сапасына қарай отырып қорытындылайды.
|
Балалар бірінің жұмыстарына бірі баға береді, ұнағанын айтады.
|
Күтілетін нәтижелер:
біледі: қиылған жіптерден Аққаланың бейнесін жасауды;
игереді: жіппен жұмысжасауды және оны қағаз бетінде дұрыс орналастыруды;
меңгереді: қажетсіз заттар: жіп қиындыларымен жұмысжасауды.
№ 24 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.
Тақырыбы: Инеліктер.
Мақсаты: инеліктің дене бөліктерін табиғи материалдардан дұрыс құрастыра білуге үйрету. Жан-жануарларәлеміне деген қызығушылыққа баулу, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: ағаш жапырақтары, ермексаз, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: ойнамақ боп, тікұшақ, үйеңкі ағашының жапырағы.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Ойнамақ боп еркелеп,
Әдейілеп, ерте кеп.
Гүлге қонды қалықтап,
Кіп-кішкентай тікұшақ.
- Ол не екен?
- Дұрыс айтасыңдар, ал инеліктің
не екенін кім айтады?
- Көктемде қаншама жөндіктер
пайда болады (ойыншықтар немесе
иллюстрациялар көрсетіледі).
Бірақ жөндіктердің барлығы
бірдей ояна қоймайды. Кейбірі әлі
ұйқыда жатыр. Бүгін біз инелікті құрастырамыз.
|
- Инелік -жәндіктерге жатады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Инеліктің суретін қарау.
Балалардың өзіндік жұмысы. Өр
бала өздеріне тиісті жұмыстарын
үстел үстінде орындайды.
Балалардың алдына табиғи заттар
қойылады.
- Жөндіктер туралы не айтуға
болады? Олар қандай?
- Олар несімен ұқсас?
- Олардың айырмашылықтарын
атаңдар.
- Инелік туралы не айтуға болады?
- Инеліктің денесін жасау үшін
қандай затты қолданамыз?
Дұрыс, ал осы таяқшаға үйеңкі ағашының жапырақшасын ермек саз арқылы денесіне біріктіреміз;
- Басы қандай болады, мұрты бола ма?
|
Балалар сұрақтарға
жауап береді.
Көлемі, өңі,қозғалысы жағынан әртүрлі, кейбірі ұшаалады.
Денесі, басы, аяғы, мұрты, көздері бар.
- Ұша алатынжәндік, ол тік ұшаққа ұқсайды;
Инеліктің денесі жіңішке, оған жіңішке таяқшаны аламыз;
Инеліктің денесіне ермексазбен қанаттарын біріктіреді.
Инеліктің басы үлкен, сонымен қатар көздері де үлкен болады, басын жасау үшін қоңыр ермексазды, ал көзін жасауға қара ермексазды қолданамыз. Инеліктің мұрты болмайды.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Көрме ұйымдастырылыпжақсы жасалынған жұмыс мадақталынады.
|
Балалар өздерінің инеліктері туралы айтып береді.
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: жәндіктер туралы білімдері бекітіледі, инеліктің дене бөліктерін жасауды;
игереді: инеліктің әр дене бөлігіне қай затты қолданатынын және заттың атауын айта отырып, өзара айырмашылығын байқайды, құрастырудың әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: қарастырған үлгі бойынша ұқыпты жұмыс жасай білу іскерліктерін.
№ 25 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қажетсіз заттармен жұмыс.
Тақырыбы: Қайықтар.
Мақсаты: қалдың материалдардан қайықты құрастыра білуге үйрету, саусаң бұлшық еттерін жетілдіру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: қақпақтар, тіс тазалайтын таяқшалар, ермексаз, ақ қағаз.
Сөздік жұмыс: қалдың материалдар, қақпақтар, желкенді қайық.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Педагог қалдық материалдардан жасалған қайықтың суретінкөрсетіп оған талдау жасайды.
Балаларға қақпақтарды таратыпбереді, одан желкенді қайықтықалай жасауға болатынын
түсіндіреді.
|
Балалар үлгіге
қарай отырып
қайықты жасауға
қажетті заттарды
таңдап а лады.
|
|
Үйымдастырушылық-
ізденістік
|
- Көгілдір түсті қағаз таңдаймыз,оның үстіне қақпақты қойып, ортасына кішкентай ермексаз қойыпаламыз;
- Қайықтың желкенін, шаршы аққағазды ортасынан дәл екіге бүктеп, оны бүктеу сызығы бойынша қиыпаламыз;
- Қиылған үшбұрыш қайықтыңжелкені болады, оны жіңішкеағашқақылқаламмен желім жағып алыпжапсырамыз;
-Желкеңді қақпақтың ортасындағыермексазға орналастырамыз,желкенді қайың дайын болады.
-Оны ыдысқа су құйып, жүзгізіпойнауға болады.
Балалардың қайықты жасау үшін қақпақты, қағазды және жіңішке ағашты қалай пайдаланғанына назар аударып, көмек көрсету.
|
Қақпақты,жіңішке
ағаштардықалай пайдалану керектігіне
көңіл аударады,
қағазды қос бүктеу
тәсілімен желкенді
қиып алады және
оны ағашқа жапсырып, қайықтыңортасына орналастырады.
Қайықпен ойын
ойнайды.
|
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік
|
Балалардың жасаған қайықтарына қарап, жақсы жасалғандары мадақталады.
|
Балалар өздері жақсы жұмыстарды таңдайды.
|
Күтілетін нәтижелер:
біледі: қақпақтан желкенді қайық жасауды;
игереді: қажетсіз заттарды тиімді пайдалана білу әдістерін;
меңгереді: қажетсіз заттарды пайдаланып ұқыпты жұмыс жасай білуді.
№ 26 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Достарыңызбен бөлісу: |