Орталық Азия ұғымының тарихи, географиялық негіздері(§1-2)



бет108/185
Дата06.09.2024
өлшемі0,75 Mb.
#203912
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   185
Байланысты:
10-CЫНЫП 1-60 тақырып (1)

§56. Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және рухани мұрасы

  1. Қазақ халқының музыкалық дәстүрі байланысты: халықтың өмірі және тұрмысымен

  2. Әскери магия мен ата-бабаларға табыну салтынан пайда болды: жыр жанры

  3. Жырды жырау ненің сүйемелдеуімен орындады: қылқобыз, домбыра

  4. Қазақтардағы эпикалық дастандар саны: 100-ден астам

  5. Эпикалық дастандар: Ер Тарғын, Қыз Жібек, Еңлік-Кебек, Қозы Көрпеш Баян сұлу

  6. Қылқобыз және домбырады орындалатын күйлер: аспаптық музыка саналады

  7. Алғашқы күйді шығарушы: Қорқыт

  8. Эпикалық және аспаптық музыка дәстүрі байланысты: бақсы, жырау, қылқобыз жасаушы, Қорқытпен

  9. Аңшылар мен батырлардың ежелгі аспабы: сыбызғы

  10. Қазақ музыкасының неғұрлым көне үлгілері: құс пен жануарларға арналған күйлер, балалар немесе жануарлар төлдерін жоқтау күйлері

  11. Құс пен жануарларға арналған күйлер мен балалар немесе жануарлар төлдерін жоқтау күйлерінен ғалымдар ненің жаңғырығын көреді: тотемнің

  12. Жеті ішекті: жетіген

  13. Ішекті дәстүрлі халықтық аспаптар: адырна, сырнай, керней

  14. Ұрмалы дәстүрлі халықтық аспаптар: даңғыра, дабыл

  15. Тілікті аспап: шаңқобыз

  16. Қазақстанның орталығы мен батысында дамыды: домбыра күйі

  17. Домбыра күйінің шеберлері: Қ. Сағырбайұлы, Д. Нұрпейісова, Т. Қазанғапұлы, Дәулеткерей

  18. Орталық пен Шығыс Қазақстанда қалыптасты: кәсіптік ән мектебі

  19. Кәсіптік ән мектебінің өкілдері: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса

  20. Суырыпсалмалық айтыс өнері дамыды: Жетісуда

  21. Тапқырлығымен, өткір сөзімен көрермендерін тәнті етті: суырыпсалма ақындар

  22. Ұлттық мерекелер ішіндегі ең басты мейрам: Наурыз

  23. Наурыз парсы білдірді: Жаңа жыл дегенді

  24. Наурыз мерекеленді: көктемде күн мен түн теңелгенде

  25. Наурыз мерекесіндегі ең маңызды мәселе: 7 дәмнен тұратын наурызкөже дайындау

  26. Наурызкөжеге қосылатын 7 дәм: су, ет, тары, тұз, май, бидай, айран

  27. Наурызда ойналған ұлттық ойындар: көкпар, күрес, арқан тарту, атжарыс, қыз қуу

  28. Наурызда орындалған басқа салттар: ұйқыашар, селтеткізер

  29. Қазақтардағы мұсылман мерекелері: Ораза айт(рамазан айында), Құрбан айт

  30. Халықтық білім: этноғылым

  31. Фольклорға кіреді: халық әні, ертегі, мақал-мәтел, наным-сенім, ырым-тыйым

  32. Этностың рухани мәдениетінің салалары: фольклор, есептеу жүйесі, халықтық астрономия, халықтық медицина

  33. Қазақтар Орта Азия халықтары секілді қолданған күнтізбе негізделді: он екі жылдық мүшелге

  34. Жұлдыздар шоғыры: Жетіқарақшы, Арыстан, Үркер

  35. Даладағы малшылар мен жолаушылар айналасын бағдарлай білді: жұлдыздар мен жұлдыздар шоғыры арқылы

  36. Кеңестік кезеңге тән құбылыстар: дінге тыйым салу, ескі әдетті кеңестік әдеттермен алмастыруға ұмтылу, халықтың дағдыларын «өткеннің қалдықтары» деп жариялау

  37. Дәстүрге теріс әсер тигізіп, жойды: жаңғырту, индустрияландыру, урбандалу(қалаландыру)

  38. Орыстандыру саясатының жағымсыз салдарына ұрынған халық: қазақ

  39. Қазақша заманауи ғылым көрінуі тиіс: ғылым тілін қазақша жетілдіруден

§57. Далалық өркениеттің тарихи және мәдени ескерткіштері

  1. Қазақстанның алдында тұрған міндет: қоғамды жаңғырту

  2. Н. Назарбаевтың 2017 жылдың сәуірінде шыққан мақаласы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

  3. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттың басты міндеттердің бірі: рухани қайта өрлеу

  4. Рухани қайта өрлеу жолдарының бірі: Қазақстанның қасиетті(сакральды) орындарына қоғам назарын аударту

  5. Рухани дәстүрдің негіздерінің бірі: қасиетті(сакральды) орындар

  6. Рухани қайта өрлеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 ж. мамырда жасалған жоба: «Сакральды Қазақстан»(Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы)

  7. Мәдени-тарихи жадының аса маңызды құрамдас бөліктері: Табиғат пен мәдениеттің сакральды ескерткіштері

  8. Мәдени-генетикалық кодтың бұзылуына әкеледі: киелі жерлерді сыйыну мен құрмет тұтуды ұнатпау, дәстүрді ұнатпау

  9. Этнос және этникалық бірлестік үшін тілді жоғалтудан кем болмайтын қауіп:

Мәдени-генетикалық кодтың бұзылуы

  1. Ерекше құрметтелетін, қасиетті дегенді білдіреді: сакральды

  2. Сакральды сөзі тар мағынада білдіреді: «құдайға, дінге қатысты», « ғұрыптық»,

«діни ғұрыппен байланысты»

  1. Сакральды орындар жалпыұлттық маңызы жағынан бөлінеді: макросакральды және микросакральды болып

  2. Үлгісі бойынша сакральды(қасиетті) орындар неше топқа бөлінеді: 4

  3. Сакральды орындардың үлгілері: табиғи-ландшафтылы нысандар , археологиялық-сәулет ескерткіштері , Тауап ету, табыну нысандары , Тарихи- мәдени тұлғалар

  4. Нысанның сакральдігін анықтаудың аса маңызды шарты: оған адамдардың сыйынуы мен құрмет тұтуы

  5. «Сакральды Қазақстан» жобасының тізіміне енген жалпыұлттық маңызы бар сакральды орындар саны: 100

  6. Тізімге кірген табиғи-ландшафтылы нысандар: Әулие-Ақмешіт тауы(Ұлытау), Хантәңірі, Мұзтау(Белуха, Алтай), Шарын шатқалы, Қазығұрт тауы(Шымкент маңы), Қоңыр әулие үңгірі(Абай ауданы), Отпан тау(Маңыстау), Бектау ата(Балқаштың солтүстігінде), Жылаған ата(Қаратауда)

  7. Үңгірлердің өсіп-өнуіне байланысты мифологиялық аңыздар үшін барады:

перзентсіз ата-ана, бала көтере алмай жүрген әйелдер

  1. Археологиялық-сәулет ескерткіштеріне кіреді: археологиялық ескерткіштер, қоныстар, жерлеу орындары

  2. Археологиялық-сәулет ескерткіштері: Ботай, Беғазы, Тамғалы, Есік, Боралдай, Шілікті, Берел, түркілік кезеңдегі - Мерке, Жайсан ескерткіштері (12 нысан)

  3. Археологиялық-сәулет ескерткіштеріне кіретін ортағасырлық қалалар: Шірік- Рабат, Тараз, Жент, Сығанақ, Отырар, Созақ, Сауран, Сарайшық, Сайрам

  4. 14 ғасырға жататын ескі қаланың орны Екібастұз маңындағы қандай жерден табылыд: Ақкөл-Жайылма

  5. Ақ Орда хандарының ордасы орналасқан болуы мүмкін: Ақкөл-Жайылма жерінде

  6. Тауап ету, табыну нысандарына жатады: кесене, мазар, жерлеу орындары, мешіт, шіркеу

  7. Тауап ету, табыну нысандары: Қожа Ахмет Йасауи, Арыстан баб, Үкаш ата, Қарахан, Айша бибі, Маңғыстау жерасты мешіттері, Вознесенск кафедралдық соборы

  8. Алматыдағы христиандық қасиетті орын: Вознесенск кафедралдық соборы

  9. Тарихи-мәдени тұлғалар нысандары: Абылай хан, Әбілқайыр хан, Есім хан, Қобыланды батыр, М. Өтемісұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Ф. Достаевский, Т. Шевченко

  10. Қазақтардың жоңғарлармен соғыста жеңіске жеткен жерлері: Орбұлақ, Аңырақай, Бұланты

  11. Тарихи және саяси оқиғалармен байланысты жерлер: 1) қазақтардың жоңғарлармен соғыста жеңіске жеткен жерлері - Орбұлақ, Аңырақай, Бұланты, 2) саяси қуғын-сүргін құрбандарының АЛЖИР мемориалдық кешені, 3) Семей полигоны құрбандарына арналған – «Өлімнен де күштілер» монументі, 4) Нұрсұлтандағы «Астана-Бәйтерек», «Қазақ елі», «Мәңгілік ел» салтанат аркасы

  12. «Сакральды Қазақстан» жобасының тізіміне енген жалпыұлттық тізімнен бөлек өңірлік нысандар саны: 500

  13. Қазақстандағы «қазақы исламның» ерекшеліктері: ата-бабаларға(әруақтарға) сыйыну, әулие жерлерге тауап ету, салттардың болуы

  14. Кеңестік кезеңде болған сенім түрі: атеизм

  15. Кеңестік кезеңдегі діни-сенімдік тұрғыдағы кереғар әрекеттер: қасиетті мазарлар жойылды, сакральды орындарға, қажылық әрекеттерге тыйым салынды



§58. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар (1920-1930 жылдар)

  1. Кеңестер Одағы діни тұрғыдан: зайырлы мемлекет

  2. Кеңес Одағында үстем еткен саясат: діннен бездіру, ислам дініне қарсы

  3. Араб-парсы жазуына негізделген әліпби ауысты: латын әліпбиіне

  4. Латын әліпбиі 1940 ж. ауысты: кириллицаға

  5. ХХ ғ. 30 жж. КСРО-да тыйым салынды: Меккеге қажылыққа баруға

  6. КСРО-да жүргізілген насихат: атеистік

  7. Ислам дінін экономикалық, рухани, әлеуметтік негізінен айырды: атеистік насихат

  8. Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі: халыққа білім беру жедел дамыды

  9. 1920-1930 жж. кезеңіндегі білім саласындағы жаңалықтар: сауатсыздықпен жаппай күрес, жалпыға бірдей бастауыш, кейін толық емес орта білім беруді енгізу

  10. Индустрияландырудың қажетті ннгізгі шарты және маңызды идеологиялық құралы қызметін атқарды: білім беру

  11. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жоюға бағытталған Кеңес Өкіметінің алғашқы шаралары: «Сауатсыздық жойылсын!» қоғамының бөлімшелерінің ашылуы

  12. 1930 жж. соңында 50 жасқа дейінгі ересектер арасындағы сауаттылық деңгейі: 83,6



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет