Қысқаша теориялық мәліметтер: Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің шарты. Мектептің педагогикалык кеңесі мен сынып жетекшісінің семинарлары (сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі).
Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау. Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын бакылау.Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес , сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сынаптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі . Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден , оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.