- Меңгерілетін білім, білік және дағдылар (құзыреттері) Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту үдерісінде студент педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға теориялық , әрі практикалық дайындығын және оның кәсібилігін сипаттайтын көрсеткіштерінің бірлігі ретінде құзіреттіліктерді менгеруі кажет:
болашақ мұғалімнің құнды түсініктерімен, оның қоршаған әлемді сөзіну және тану кабілеттерімен, онда бағдарлану, өзінің рөлін және арналғандығын саналы түсінумен байланысты құнды-мағыналы құзыреттілік;
мақсатты білім және біліктермен оку-танымдык іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлексия, өзіндік талдаумен байланысты калыптасатын оку-танымдық құзыреттілік;
болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын оқу пәні мазмұнындағы, білім беру саласындағы және сонымен бірге қоршаған әлемдегі акпараттармен қамтамасыз ететін ақпараттық құзыреттілік;
айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативті құзыреттілік;
физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмоционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі.
Білім: студенттерді адамгершілік жəне əлеуметтік-психологиялық талаптарға сай педагог-тəрбиеші ретінде ғана емес, жан-жақты қалыптасқан тұлға ретінде бəсекеге қабілетті құзыретті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
Білік: оқушылардың дамуы мен тəрбиесіндегі нақты мəселелерді айқындап, оларды шешудің əдістемесін;
тəрбиелік шаралардың жоспарларын дайындап оларды ұжымдық - шығармашылық істер бойынша ұйымдастыру формаларын;
оқушылармен, ата-аналармен, əріптестерімен жағымды қарым-қатынас жасау жəне туындаған кикілжіңді шешудің əдіс-тəсілдерін тиімді қолдана алуы керек. Дағды: өз іс-əрекеттеріне, сынып оқушылары жəне кəсіби міндеттері үшін жауапты болу дағдылары қалыптасады.
Пәнді оқып-меңгеру арқылы психологиялық техникалар мен озық әдістерді қолдана білу дағдыларын игеретін болады;