Байланысты: Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті Орталық Азия аймағындағы -emirsaba.org
2.Ортағасырдағы түркі мәдениеті. Философия мен ортағасырлық ғылымның дамуы.
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы.Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады."Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Түрік империясында мұсылман дінінің ғылымға, әдебиетке және мәдениетке үлкен ықпалы болды. Ірі мешіт жанынан ашылған түрік мектептері — медреселер -оқушыларға құдайға құлшылық етуді және құдай сөздерін жаттатып үйретті. Әрине, бұл медреселер өз заманына сай білімді адамдар дайындап шығарды.Олардың арасынан түрік сұлтандарына арнап мадақ өлеңдер шығарушы ақындар мен жыршылар да, сондай-ақ әйгілі ғалымдар шықты. Ақындардың бәрі бірдей тек сұлтандарды мадақтаушылар болған жоқ, олардың арасынан XV ғасырдың аяғы — XVI ғасырда парсы әдебиеті әсерімен түрік классикалық поэзиясының «алтын ғасырын» тудырған дарындар шықты. Түрік сәулет өнерінде жаулап алған елдер сәулетшілігінің де әсері байқалады. Ісләм діні бойынша жанды заттарды салуға тыйым салынады. Сондықтан бейнелеу өнерінде қабырғаларды өсімдік суреттерімен және геометриялық өрнектермен безендіру, ағашқа, металға, тасқа оюлар салу, ғанышқа, мәрмәрға түрлі өрнектер, тастан, шыныдан түрлі мозаикалық әшекейлер салу дәстүрі дамыды.
Осы жоғырыда айтқан өнер саласында түрік шеберлері үлкен табыстарға жетгі. Сондай-ақ олардың қару-жарақтарды әсемдеуі, алтын, күміс, піл сүйектеріне жүргізген керту оюлар шеберліктің шыңына жеткендігінің кепілі. Түріктердегі жазбаның болуы бірінші болып Қытай көздері айтылады. Моңғолияның солтүстігінде Орхон өзенінен табылған көне түркі жазбаларының ескерткіштері - стелалар (тас плиталар).Білге - қаған және күл - тегиннің құрметіне белгілі руникалық мәтіндердің ең ірі ескерткіштері сақталған. Әдебиет және ғылым:жазудың пайда болуымен бірге Моңғолияның және Енисейдің әдеби жанрлары, руникалық мәтіндері - тарихи құжаттар ғана емес, көрнекті әдеби шығармалар да дамиды. Исламды таратумен араб тілі кеңінен қолданылады,онда әдеби және ғылыми шығармалар жасалады.Түркі дәуірінің ғылыми және әдеби әлемінің жарқын өкілдері: әл Фараби, Юсуф Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмед Яссауи.Дін: ерте орта ғасыр кезеңінде түркі тілдес тұрғындар тілшілер болып табылды, Аспан мен жерге - суға бас иді, отты құрметтеу, өз нанымдарымен қатар зороастризм, буддизм, манихейство, христиандық таралды.
3.Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Исфиджаб (Сайрам), Баласагұн, Отрар, Суяб, Тараз, Шаш (Ташкент), Шымкент. Олардың ортағасырлық Қазақстандағы мәдени өмірдің дамуындағы маңыздылығын қарастыру.