Нургуль: -Сәлеметсіздер ме Құрметті оқушылар және қонақтар. Бүгінгі күн Наурыз мейрамына қош келдіңіздер!
Ортамызға оқушыларымызды қошеметпен қарсы алып шақырайық.
Топтарды шақырамыз.
Көктем сәні бәйшешек гүл шырағы,
Гүл теруге қыз тобы ынтығады.
Тездетіңдер нәзік гүл, бәйшешектер,
Алғаш рет ерте шығып құлпырады.
1 « Ә » « Бәйшешектер » тобын қарсы алыңыздар.
Қыр гүлінен тарайды күн шуағы,
Қыз сырындай кейде бір мұң тұрады.
Қыздың күйін кешетін әдемі бір,
Қоңыраугүлдер қиырда өқлпырады.
« Ғ » «Қоңыраугүл » тобын қарсы алыңыздар.
Қызғалдақты талайлар жыр қылады,
Кең даланы жұпарға толтырады.
Көз жіберсең шіркін ай, қандай ғажап,
Қызғалдақтар қиырда құлпырады.
3« Ә » « Қызғалдақтар » тобын қарсы алыңыздар.
Сарғалдақтың далада жатыр әні,
Тыңдай білсең, әсем саз үн тұрады.
Жайқалып сап сары боп қыр гүлдері,
Сарғалдақтар қиырда құлпырады.
4 « Ә » « Сарғалдақтар » тобын қарсы алыңыздар.
Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн.
Ұлыстың ұлы күнінде әр бір жүрекке үкілеген үміт отымаздап, бақыт есігі ашылғандай болып, «аурулар айығамын, аштар тойынамын, лыпасыздар киінемін» деп келешекке сеніммен қараған.
Гульназ:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа жаршы болған Наурызым! Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
Окушылар тақпақтарын айтады.
1 – оқушы: О, жарандар, жараңдар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз той басталды,
Текке қарап тұрмаңдар.
2 - оқушы: Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар.
3 - оқушы:
О, жарандар, жараңдар, Тамашадан қалмаңдар,
Құс қанатты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар.
4 - оқушы:
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды
Нұрландырған даланы,
Наурыз көктем басталды.
Бәрі бірге: Наурыз мерекесі баршаңызға құт - береке әкелсін!
Нургуль: Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады окушылар)
Шашу, шашу шашайық,
Ән - думанға басайық.
Наурыз келді далама,
Жаңа жыл келді
(шашу шашылады)
2. Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
Келер жылға жетсек деп аман - есен.
Әр көктем сайын халқымыздың асыға күтетін мейрамы Ұлыстың ұлы күні наурыз тойын: күн мен түн теңеліп қасиетті жер ана қысқы ұйқыдан көзін ашып,табиғаттың бүршік атуын ұлықтаған мереке
Күн мен түн келеді
Уа жараңдар келіңдер,
Той қызығын көріңдер.
Наурыз тойға бас иіп,
Күн мен түнге сәлем беріңдер
Күн мен түнге сәлем беру. Алихан айтады.
Сәлем - анам алтын Күн
Сәлем қарты халқымның
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым.
Күн мен түн теңелгенде, жаңа ай толықсып толғанда, тұрмыс пен табиғат жаңарғанда жер жүзі жайнап, көк құт көзін (өсімдік) ашқан. Жер бетіне жақсылық ұялағанда, ұзақ пен жылқышы торғай (Нәуірзек) ұшып келген, жыл жерге түскен, Жер-ана тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген, Самарқанның көктасы еріген. Түнгі даланы адамдарға бақ-дәулет дарытатын Қызыр АТА аралаған.
Қыдыр ата:
Армысыңдар, халайық!
Армысыңдар, балалар!
Сендерге арнап көктемде
Қызғалдақты өсірдім,
Қырдан алып ортаға
Еселедім, көшірдім.
Белгісі болсын көктемнің,
Берекесін берсін өткеннің.
Наурыз тойға сыйлық ап
Сендерге бүгін жеткенмін.
Жүргізуші: Қыдыр ата үлкен рахмет сыйлығыңызға, енді бізбен бірге мереке тойлауға қалыңыз.
Қыдыр ата: Ия әрине.
Гульназ:
Ал, халайық т ұрмайық,
Әндетейік, шырқайық
Дөңгелесін бишілер,
Қол соғып қарсы алайық.
« Бәйшешек биі» 1Ә
Қыдыр ата: Ия әрине, рахмет балалар! Бүгінгі мерекеге, сендерге батамды берейін.
Ұлыс оң болсын!
Ақ дегенің мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Қадамын басқан оң болсын,
Жамандықтан қашыңдар.
Нургуль: Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Гульназ: - жүргізуші: Уа, халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл ата - бабаларымыз үй - үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.
3 бала: «Наурыз көже»
Ашық болсын қос қабақ
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Ішілетін, жейтіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
4 бала:
Арпа, бидай, тары бар,
Айран, малта тағы бар.
Ошақта шоқ әлі көп,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
Ауыз тигізу көже
Нургуль: Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білідреді. Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен. Наурыз-жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ.
Гульназ: Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілісетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
Жаңа жыл келеді.
Тауық музыкамен шығады.
1.Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық.
2. Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!
3. Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.(Наурыз кіріп келеді)
ән:Қош келдің жаңа жыл хор
1 - жүргізуші:
Кел, балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық - демекші, бүгінгі 1-4 сыныптар арасында өтіп жатқан «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған шарамызды қабыл алыңыздар
1 - жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»- деп Абай атамыз жырлағандай ортада « Қызғалдақтар » тобының « Қыз бен бала » айтысын тамашалаңыздар.
- жүргізуші:
Өмірін өте келе шал боларсың,
Томардай отқа түскен дал боларсың.
Ойнап-күл елмен бірге Наурызда,
Бұл күнге өмір өтсе зар боларсың.
Ән:
Нургуль:
Шыға келді сыланып сылаң келер,
Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.
Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында,
Мың бұрала билеген бұраң белдер.
Би « Қамажай » 3 « Ә » Қызғалдақтар тобының биін қарсы алыңыздар.
Ұшады аққу көлден қазыменен,
Жүреді көл жағалап жазыменен.
Жарасар ойын-күлкі осындайда,
Ойыңды баурайтұғын назыменен.
ӘН:
Алпыс жылдай жоғалып,
Қайта оралған Наурызым.
Талаптарды тас бұзып,
Сайраңдауда ұл қызың.
БИ: Ән: « Қазақы дастарқан »
Көрінер ағаш сұлу алмасымен,
Соғады ұста темір балғасымен.
Барады жыл айналып көрмегелі,
Аман ба ауыл-аймақ мал-басымен?
Наурыз-шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарқанға толған асы.
Ән:« Қазақы дастарқан»
Ана тау мен мына тау тиісіп тұр,
Бастарын бір-біріне иісіп тұр.
Екі тау баурайында өскен халық,
Құшақтасып наурызда сүйісіп тұр.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар! Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын 1 - жүргізуші: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!
Ортамызды ашайық. Енді тамашалайтындарыңыз « Қазақ биі» Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар.
Бүгінгі «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні » мерекесіне арналған шарамызды аяқтаймыз. Келесі « Ит » жылына дейін аман есен болайық. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |