11 - тарау. 9-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
57. Пәндік нәтижелер.
58. Білім алушылар:
1) нысанның ұзындығын анықтайтын қарапайым құралдарды қолдану тәсілдерін;
2) заттың бейнесінің жазықтықта орналасуын білдіретін сөздер;
3) заттарды белгілі бір нышаны бойынша топтастыру тәсілдерін біледі деп күтіледі.
59. Білім алушылар:
1) температураны қызуөлшегіш көмегімен өлшеу;
2) заттардың және сусымалы заттардың көлемін және мөлшерін өлшеу үшін қарапайым шамаларды қолдану;
3) уақытты сағат бойынша анықтау (1 сағат дейінгі дәлдікпен);
4) заттектердің әр түрлі қасиеттерін анықтау (сусымалылық, қаттылық, ергіштік, жабысқақтық);
5) әр түрлі форматтағы (дәптерлік, альбомдық, ватман) және әр түрлі орналасқан (көлденең, тік, бұрыш астында) қағаз бетінде бағдарлау;
6) заттардың суретін аяғына дейін салу;
7) көшеде бағдарланады: оң, сол жақта және мектепке қарама-қарсы жақта, артқы аулада не бар екенін білу;
8) күнтізбені пайдалану;
9) сағаттарды пайдалану дағдыларын меңгереді деп күтіледі.
60. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) өз мүмкіндіктері мен қажеттііліктері туралы адекватты түсініктер;
2) тіршілікті қамтамасыз ету туралы адекватты түсініктер;
3) әлеуметтік өзара әрекет етудің әр түрлі жағдайларында (оқу, еңбек, тұрмыстық) сөйлеу тілдік және сөйлеу тілдік емес коммуникативтік қатынасты алмаса бастау және қолдау икемділік;
4) қолжетімді оқу және тәжірибелік тапсырмаларды шешудегі белсенділік пен мақсатқа бағытталығын танытады деп күтіледі.
61. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) мұғалімнің көрсетуіне немесе ауызша нұсқауына сәйкес заттық жағдайда әрекет ету қабілетінен;
2) көрсетілімге немесе ауызша нұсқауға сәйкес жақын кеңістікте бағдарлау, тәжірибелік сипаттағы тапсырысты орындау икемділігінен көрініс табады деп күтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |