Қосалқы тарихи пәндер және олардың тарих ғылымында алатын орны


Қосалқы және негізгі тарихи пәндердің арасындағы тығыз байланыс



бет2/12
Дата07.02.2023
өлшемі41,3 Kb.
#167679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ктп (копия)

Қосалқы және негізгі тарихи пәндердің арасындағы тығыз байланыс.

Тарих пәнінің қосалқы салаларына палеография, метрология, нумизматика, хронология, сфрагистика, геральдика және генеология және т.б. ғылым түрлері жатады. Бұл пәндерді әр түрлі қырынан оқып-білу әлемдік тарихтағы тарихи оқиғалардың нақты уақыты мен орнын анықтай білуді үйренуге, тарихты оқып білуде шежіренің, таңбалардың, мемлекеттік белгілердің алатын орнын, зерттеу әдістерін оқытады. Қосымша тарихи пәндер мазмұны белгілі тарихи мәліметтерді байыта түсіп, тарихи оқиғалардың әр алуан деректік көзін саралауға, тарих ғылымын жан-жақты игеруге мүмкіндік береді.

  1. Палеография пәні мен міндеттері.

Палеография (көне грекше: παλαιóς «ежелгі; маңызды» + γράφω «жазу»)[1] – жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму заңдылықтарын зерттеумен, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын қосалқы тарихи пән. Жазу деректердің сыртқы бейнесін, сонымен қатар жазудың графикасын, материалын, қағаздағы бедерлерді,форматын, жазбаның көркемделуін зерттейді.

  1. Математикалық және тарихи хронология.

Хронология — уақыт өлшемі туралы ғылым. Ол өзінің атауын гректің «xpovos» — «уақыт» және «лоvоs» — «ғылым» деген сөздерінен алған. Бұл ғылым екі бөлімнен: аспан денелерінің қозғалысын есептеп шығару жолымен дәл астрономиялық уақытты табатын математикалық (астрономиялық) хронология және тарихи хронологиядан тұрады.
Тарихи хронология өз алдына екі міндетті — теориялық және қолданбалы міндетті қояды. Біріншісі уақытты есептеу жүйесін зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады, олардың арасындағы өзара қатынасты анықтайды және даталарды бір хронологиялық жүйеден екіншісіне аудару принциптерін жасап шығарады. Екіншісі оқиғалардың датасын қазіргі эраға және жыл санаудың жалпы қабылданған жүйесіне аудару үшін, осыған байланысты тарихи оқиғалардың датасын анықтау және нақтылау үшін жоғарыда көрсетілген ережелерді жүзеге асыруды қамтиды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет