«Қош келдің, Құтты наурыз ! Қош келдің әз наурыз »
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Ұлыс күні кәрі - жас Құшақтасып көріскен Жаңа ағытқан қозыдай Жамырасын өрістен.
Ән мен күйді шалқытып, Інжу - маржан шашайық! Жиналған халық таң қалсын, Өнерден күмбез жасайық.
Наурыз мейрамында «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын» - деп тілек айтылып тағамдар әзірленіледі. Ұлыс күні дастарқанда тағам мол болса, сол жылы ақ мол болады деп ырымдап, әйелдер қауымы дастарқанда тағамның көп болуына қатты назар аударады.
Ақ тағамдар, мысалы жылқы сүтінен қымыз ашытады, түйе сүтінен шұбат жасайды, сиыр, қой-ешкі сүтінен айран, құрт, ірімшік, сүзбе, қаймақ, малта, ежігей, ақлақ, уыз, уызқағанақ, қатық, сүзбе, тосап, сүт көже, көбік, көпіршік, ақірім, сарымай сияқты әр алуан тағам, ал ұннан нан, қиықша, шелпек, таба нан, төп, бөртпе, қазанжаппа, жарма, күлше, төңкерме, нан салма және қолдама, еттен қазақша ет және еттің сорпасынан наурыз көже жасайды.
22 наурыз мерекесіне ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оны әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы ет мүшелерін қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол баршаны мейірімділікке, ізгілікке, бірлікке, татулыққа шақырады.
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.
Наурызым шат-думан көңіл тойы, Жан берген тіршіліккке өмір тойы. Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып, Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.
Гүлге орап, жасандырып жусан белін, Ақтарған арындатып думан селін. Сіңірген халық салтын қанымызға, Мейрамның құтты болсын, туған елім
Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – мереке. Наурыз тойы – жыр – аңыз, Қызық думан құрамыз.
Көктемде құстар өлкемізге ұшып келеді. Біз оларға жем береміз, үйшікте жасап береміз. Жеміс ағаштары гүлдейді және жапырақтары бүршік атады. Айналаға шөп өсіп, жердің беті жасыл кілемге айналады. Айналаны алқызыл жауқазын гүлдерінің иісі бүркеп алады.
Достарыңызбен бөлісу: |