Қош келдің, наурыз-думан мақсаты



Дата08.07.2018
өлшемі29,13 Kb.
#48631
ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ-ДУМАН

Мақсаты:

Наурыз туралы түсінік беру, ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, халқымыздың салтын, әдет-ғұрпын құрметтеуге, өнерлі азамат болуға, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: әдемі безендірілген сахна

1-жүргізуші: -Наурыз құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң да жол болсын!

2-жүргізуші: -Наурыз құтты болсын аталарға,

наурыз құтты болсын аналарға.

Жыл сайын тойлайтын мәңгі бақи ,

Наурыз құтты болсын баршамызға деп, наурызға келген қонақтарды қарсы алайық.

Ноғайкөл мен Үшқамыс ауылы- кәне қонақтарды қарсы алайық. (балалар тұрып тілектермен бір-бірін қарсы алады)

-Ал тағы да қонақтарымыз бар .Бұлақсор ауылының қонақтары келе жатыр.


1-жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Көргендер де арманда, көрмеген де арманда,
Қызықтан тыс қалмаңдар.
Ұлыс тойы басталды.

2-жүргізуші: Алқа жұртым, той- думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз, інжу-маржан шашайық!


Би: Шаңырақ


  • 1-жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым! Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні ата – баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн . Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн тенесетін күн .

2 – жүргізуші: Иә, наурыз сөзі Нау-«жаңа», рыз-«күн» деген сөзден шыққан. Яғни, бұл қазақша күнтізбеде жаңа жыл мейрамы. Жыл басы наурызда айтылған ақ тілектің бәрі толық орындалады деп ата-бабамыз айтып кеткен. Сол секілді баршаңызға жаңа бақыт, жаңа шаттық, жаңа өмір, жаңа қуат тілейміз!
1-жүргізуші: Бүгін Наурыз біздің мектебімізге де келіп жетті.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, ..... Той бізге де келіп қалды.
Қазақтың қандай тойы шашусыз болған. Халайық! Тойымызға шашуын алып әжелеріміз келіпті, қарсы алайық.
1-жүргізуші: Армысыздар, әжелер!
1-әже: Бар бол балам! Амансыздар ма балапандарым ! Ақ мол болсын ,қайда барсың жол болсын! Етегіме сүрініп қабынып шашу шашайын деп мен де келіп қалдым!
2-әже: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық !
Бәріміз міне бас қосып,
Мейрамды қарсы алайық,
Ұлыстың ұлы күнінде,
Наурыз шашуын шашайық (әжелер шашуын шашады)

1-жүргізуші: Қашан да құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
2-жүргізуші: Уа, халайық теріп ал несібеңді. Қабыл болсын халқымның ақ тілеуі.
2-жүргізуші: 22 наурызда күн мен түн теңеледі, жер шуаққа кенеледі. Балалар, айтыңдаршы Наурызда кім ел аралап жүреді?

  • Қыдыр ата не әкеледі бізге?

  • Қане, қарсы алайық ендеше.

(Қыдыр ата келеді)

Қыдыр ата:

-Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Ұлы бақты болсын,

төрт түлік ақты болсын.

Қасиетті Наурыз мерекесі құтты болсын!



2-жүргізуші: -Қош келдіңіз, Қыдыр ата! Төрлетіңіз, қонақ болыңыз.

Қыдыр ата: -Ел араладым, адамдарға бақ-дәулет қонды, жақсылық пен береке тілеп жүрмін мен. Мінеки әдейі сіздерге де келдім мен: жақсылық тілеп, денсаулық тілеп, амандық тілеп келдім мен

2-жүргізуші: -Ата, жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер демекші, мына халыққа бата беріңіз

(Қыдыр ата бата береді)

2-жүргізуші: -Батаңыз қабыл болсын

1-жүргізуші: Қазақ қашан да үйіне келген қонағына ат мінгізіп, шапан жапқан ғой,бүгінгі біздің тойымызға келген Қыдыр атамызға жыр-шашуын тартайық.

  • Қол соғып тамашалап отырамыз. Өнерге шабыт керек, шабытқа шапалақ керек


Халық биі: «Қамшы»
2-жүргізуші: Наурыз қайта оралды, аты аңыз.
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз,
Үй- дастархан, дала- сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
1-жүргізуші: Жаңарған санасы,
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабаның,
Алып келді осы күн.
-Балалар, Наурыз мерекесі қандай мереке? (достық,көктем,еңбек,бірлік). Сонымен қатар, Наурыз мерекесі Салт-дәстүрлерді құрметтейтін ұлттық мереке
Көрініс: « Азан шақырып,ат қою»- балалар (Дастан, Дарина, Саян,Толғанай)
Төрде ата мен әже отырады.

Бала жүгіріп кіреді:

-Сүйінші, сүйінші. Апам бөпе алып келді.

Келіні бөпені алып кіріп, енесіне береді:

-Ботам,құлыным. Өмір жасың ұзақ болсын.

Атаға баланы ұсынып:

-Осы ауылдың үлкенісіз. Балаға азан шақырып, ат қойыңыз.

Ата баланы алып:

-Сенің атың Абай,- деп 3 рет құлағына айқайлайды.- баланы әжеге береді.Нәрестеге батасын береді.
2 – жүргізуші :
Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі.Қай халық болсын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. «Бала өмірдің жалғасы , көз қуанышы шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлген. Бала дүниеге келгеннен соң әр түрлі ырым – тыйымдар арқылы тәрбиеге шақырады .Сондықтан да тыйым сөздер тәрбие көзі болып табылады .Қазақы тыйымдар мен ырымдар: Нанға қатысты , жол жүруге, бесікке , сүт тағамдарына , пышаққа, ыдысқа, киімге , тамаққа қатысты.
1-жүргізуші : Жас сәбидің қалы, меңі үлкейіп кетпесін деп «Қалдыгүл», «Меңдігүл», «Анаргүл» деп ат қояды. Сәби өз үйіне «Ассалаумағалейкум» деп кірсе, ол үйге қонақ келеді.Сәби қолындағы затты шашу деп шашса, ол үйде той болады дегенді білдіреді. Ал енді бесікке қатысты тыйымдарға кезек берейік.

1 – ата-ана

Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайды. Қазақ халқына бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады.Үйге келген адам бос бесікті тербетуге болмайтынын, өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей-ақ білдірген.


2-ата-ана

Бесікті ашық қалдырмайды. Анда санда аластатып, жын-шайтаннан қорғайды.



1-жүргізуші: «Тәрбие көзі тал бесіктен» демекші,барлық тәрбие осы бесіктен басталады екен. Ендеше, бесікке салу көрінісіне назар аударайық.

Көрініс: « Бесікке салу»- ата-аналар
1.Бесікті аластау.
Алас, алас, пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
2. Тыштырма жасау.
3 . БісмілләҺи рахмани-раҺим-деп бесікке бөлеу.
4. «Бесік жыры» әні орындалады.

1-жүргізуші:
Енді ортаны баршаңызға ашайық ,
Көрерменге жырдан шашу шашайық .
Ән мен күйді , жыр мен биді шалқытып,
Өнерлермен інжу-маржан шашайық.


Би: Домбыра
2-жүргізуші:Ұлы күні Ұлыстың күн мен түні теңелген,
Күй шертіліп, айтылды ән ,би биледік бәріміз.
Енді ортаға сіздерді ойынға шақырамыз.

Ойындар:«Аударыспақ», «Арқан тартыс»

1-жүргізуші:«Біреу білмегенді,беру білер»дегендей,
Салт-дәстүрге байланысты осы отырған қонақтарға сұрақ қоялық

1. Жүннен жасалға бұйым.(Киіз)


2. Қазақта ат жарысын не деп атайды? (Бәйге)
3. 3 арсыз не? (тамақ ,ұйқы , күлкі)
4. Шешеннің әкесі саған кім?(нағашы ата)
5. Қазақтарда үй иесінің атауы кім?(отағасы)
6. Екі ақынның сөз өнерімен сайысы.(айтыс)

  • Қашанда қазақ халқының тойы сайыссыз өткізілмеген, ендеше ортамызға ақындарды шақырайық:


«Ақындар айтысы» - Мағжан, Гүлназ


7. Адамның он екі жылда бір келетін жас мөлшерінің өлшемі.(мүшел)
8. Қандай жілік қыз балаға берілмейді?(Кәрі жілік)
9. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды(Соғым)
10. Жеті санына байланысты ұғымдар? ( 7шелпек 7 қазына 7 ата )
11. Жеті атаны ата? ( Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат )
12. Дүниеде не тәтті? ( Ананың сүті, баланың тілі )

1-жүргізуші. Алтын түн төгеді шуағын,
Шырқаймыз өмірдің жырын біз,
Мың алғыс өзіңе, туған ел!
Мың алғыс өзіңе, Отаным!

2-жүргізуші. Жасай берсін жаңа күн!
Туа берсің жаңа нұр!
Дүр сілкініп дала бір.
Құтты болсын,Наурыз тойы,
Құтты болсын,Жаңа жыл!


.............. ұлың мен болам.
Әке шешем мақтаған,
Жарыс десе жайнаймын
 Намысымды қорғаймын.

Өнердің ашып есігін
 Шешендік сөзбен көсілдім
 Таныстырсам өзімді
 ......... менің есімім

Ал.......... сұлу қыз
Қандай  күшті бұрымың
Қасыңдағы қыздардың
Ішіндегі сұлу қыз

Мені мақтап не істейсің
Білем өзім сұлумын
 Дайынсың ба  мерекеге

 Соны айтып білдіргің.



Білім, ғылым өнерге
Қанат қағар кезім ғой
 Ата – салтын ертеңге
Жеткізетін өзім – ғой

Ой жігітім арманшыл
 Орындалсың арманың
Наурыз тойын тойлайық

Асыр салып ойнайық



Наурыз тойы құтты болсын

Осы отырған жамағат

Аман болсын ата-анамыз

Аман болсын еліміз




Наурыз келді

Көктем келді

Жер құлпырып, көктеді

Сал-дәстүрді аялаған

Халқым аман болсыншы


Бірге:           Еркем , еркем ,еркем- ай
                      Еркелеген еркем– ай
                     Бүгін болған мереке
                     Болсын тағы ертең -ай.

Бірге:           Еркем , еркем ,еркем- ай
                      Еркелеген еркем – ай
                     Бүгін болған мереке
                     Болсын тағы ертең -ай



.............. ұлың мен болам.
Әке шешем мақтаған,
Жарыс десе жайнаймын
 Намысымды қорғаймын.

Өнердің ашып есігін
 Шешендік сөзбен көсілдім
 Таныстырсам өзімді
 ......... менің есімім

Ал.......... сұлу қыз
Қандай  күшті бұрымың
Қасыңдағы қыздардың
Ішіндегі сұлу қыз

Мені мақтап не істейсің
Білем өзім сұлумын
 Дайынсың ба  мерекеге

 Соны айтып білдіргің.



Білім, ғылым өнерге
Қанат қағар кезім ғой
 Ата – салтын ертеңге
Жеткізетін өзім – ғой

Ой жігітім арманшыл
 Орындалсың арманың
Наурыз тойын тойлайық

Асыр салып ойнайық



Наурыз тойы құтты болсын

Осы отырған жамағат

Аман болсын ата-анамыз

Аман болсын еліміз




Наурыз келді

Көктем келді

Жер құлпырып, көктеді

Сал-дәстүрді аялаған



Халқым аман болсыншы

Бірге:           Еркем , еркем ,еркем- ай
                      Еркелеген еркем– ай
                     Бүгін болған мереке
                     Болсын тағы ертең -ай.

Бірге:           Еркем , еркем ,еркем- ай
                      Еркелеген еркем – ай
                     Бүгін болған мереке
                     Болсын тағы ертең -ай



Ұлыс күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
 Жаңа ағытқан қозыдай,
 Жамырасып өсірген.
 Наурыз той құтты болсын!


Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

О ағайын, келіңдер!
 Бүгін бізде –Наурыз көже

құрт - қатық,бұршақ  қосқан.

 Наурыз келсе,

құт келгені, халайық!

Есік ашып,шашу шашып,
 Ел боп қарсы алайық..

  Бүгін күн мен түн теңелді,
  Жер шуаққа көгереді,
  Соны тойлап ел енді.
 Қуанышқа кенеледі


 Наурыз той салтымыз,
 Көгерсін деп халқымыз
 Көшеге тал егеді.
 Бағымызда  бұлбұлымыз сайрайды.

Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.


Ұлы күні ұлыстың
 Күн мен түнді теңеген
 Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!


Уа, ағайын ,халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.


Оу, халайық халайық
 Әсем әнге салайық
 Наурыз тойын көңілді
 Бірге қарсы алайық





Қазағым, наурызың құтты болсын,

Көтерген шаңырағың биік болсын.

Тілектері ұлтымның қабыл болып,

Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.

Наурыз тойы- ақ батаның бастауы,

Береке мен бірліктің жалғасуы.

Жеті түрлі қасиетті дәмменен,

Байтақ елдің бір толады астауы.




 Наурыз келіп көктем сазы білінер,

Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.

Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,

Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.

Гүлі шығып дала жайнап құлпырған,

Далам қандай тамаша еді ән тұңған.

Бусап жатыр далам бүгін терлене,

Баурайынан қары кетіп құрсанған.




Алтын күні шуақ шашып аспаннан,

Жаңа жылым жыр думанмен басталған.

Ақ дастархан жайып қазақ төріне,

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.

 


Қазағымның жаңа жылы келгенде,

Елім менің қуанышта жүргенде.

Мендегі өлең тау суындай тасыйды,

Қазағымның шаттық жүзін көргенде.




Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,

Келген мына мерекеге қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,

Тойда бүгін ойнап- күліп тараңдар! 



Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.

Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,

 Арманы асқақтады көптен бергі.




Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,

Басқа ұлттармен татулыққа жар салған.

Дәстүрімен мақтанамын елімнің,

«Мен қазақ!»- деп дүниеге жар салам.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет