Изотоптардың қолданылуы
Таңбаланған атомдар жәрдемімен жүргізілген зерттеулердің бірі-организмдегі зат алмасуды зерттеу. Аз уақыттың ішінде организм түгел жаңарып отыратыны дәлелденген. Оны құрастыратын атомдар жаңаларымен алмастырылған. Тәжірибелер көрсеткендей, бұл ережеге тек темір ғана бағынбайды. Темір гемоглобиннің қызыл қан түйіршіктерінің құрамына енеді. Тамаққа темірдің 59/26 Fe изотопты атомдарын ендіргенде олардың қанға мүлдем қосылмайтындығы байқалған. Тек организмдегі темір қоры таусыла бастағанда ғана организм темірді сіңіре бастайды.
Геофизика әдісінде тау жыныстарында болатын табиғи радиоактивті сәулелердің (көбінесе, гамма-сәулесінің) элементар бөлшектермен (нейтрон, протон, электрон) әсерлесуі түрлі аспаптармен өлшеніп, қорытындылары салыстырылады. Элементар бөлшектердің жасанды ағынын туғызу үшін радиоактивті изотоптар қолданылады. Радиоактивті изотоптар қолдану арқылы гормондардың түзілу құпиясын, олардың организмде таралуын, езгерістерін, бөліну жолдарын анықтайды.Кен байлықтарын Геофизикалық барлау әдістерімен іздегенде табиғи және жасанды физ. өрістер зерттеледі. Өлшеу жұмыстары физ. өрістердегі шамаларды өте үлкен дәлдікпен өлшейтін электрондық, радиотех., мех. және оптикалық күрделі приборлардың көмегімен атқарылады.
Радиоактивті изотоптар медицинада диагноз қою үшінде, терапевтік мақсатта қолданылады. Аз мөлшерде қанға енгізілетін радиактивті натрий қан айналысын зерттеу үшін пайдаланылады. Йод қалқанды безде, әсіресе базед ауыруына ұшыраған кезде бөлінеді. Арнайы құралдың жәрдемімен радиактивті йодтың жиналуына қарап, диагноз қоюға болады. Кобальттың интенсивті гамма сәуле шығаруы түрліше рак ауыруларын емдеуге пайдаланылады.
Радиоактивті изотоптар өнеркәсіпте де пайдаланылады. Бұған бір мысал ретінде іштен жанатын двигательдегі поршеньдік сақиналардың тозуын анықтау тәсілін келтіруге болады.
Поршеньдік сақинаны нейтрондармен сәулелеу арқылы ядролық реакциялар туғызып, оны радиактивті етеді. Двигатель жұмыс істегенде сақина материалының бөлшектері жағар майға түседі. Двигательдің белгілі бір жұмыс уақыты өткенде майдың радиоактивтілігін зерттеп, сақинаның тозуын анықтайды. Радиацияның көп дозасы өсімдіктермен микроорганизмдерде мутация туғызады. Бұл жеке жағдайларда жаңа бағалы қасиеттері мутанттарды пайда болуына (радио селекция) әсерін тигізеді. Осылайша бидайдың, үрме бұршақтың т.б. дақылдардың бағалы сорттары шығарылған. Радиоактивті изотоптардың гамма сәулесі сондай-ақ зиянды жәндәктерге қарсы күресте және тамақ өнімдерін консервілеу үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |