Радиоактивті сәулелердің өтімділігі және олардан қорғану
Жасанды жолмен алынатын радиактивті изотоптарды радиоизотоптар деп атайды.
Алынған изотоптар:
Изотоптардың атомдары шығаратын радиациялық сәулелері олардың қозғалатын ортасының жай-күйі туралы үнемі хабар беріп тұрады. Сондықтан радиактивті изотоптардың атомдарын таңбалы атомдар деп атайды.
Радиактивті сәулелер радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады.
Иондағыш сәулелердің өтімділік қасиеттері:
- парақ қағаздан өте алмайды. Адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, жеген тағамы арқылы өтіп кетсе, өте қауіпті.
β –бөлшектрдің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1-2 см тереңдеп ене алады. Бірніше мм алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.
γ – сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін қоғасынның немес бетон плиталардың қалың қабаты пайдаланылады.
Изотоптардың активтілігі деп олардың бір секундта ыдыраған ядроларының санын айтады.
Активтіліктің өлшем бірлігіне беккерель (Бк) алынды.
Радиацияның организмге беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.
Дененің бір кг-да жұтылған радиация энергиясының мөлшері жұтылған доза деп аталады.
;
Е-организмде жұтылған радиация энергиясы, яғни сәулелену дозасы,
m –дененің массасы.
Жұтылған дозаның өлшем бірлігіне грей алынады.
Айналадағы ортаны радиация қалдықтармен ластау – адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары салдарынан радиактивті бөлшектер жер бетіндегі тіршілік атаулыны бірте-бірте жоятын болады. Сондықтан табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға жауапкершілік жүктеледі.
Радиациялық сәуленің адам ағзасына әсері.
Радиация мөлшері- Рентген
|
Адам ағзасына әсері
|
0-25
|
Әсері жоқ
|
25-50
|
Қан құрамына әсер етуі мүмкін
|
50-100
|
Қан құрамы өзгереді
|
100-200
|
Еңбекке қабілеті төмендеуі мүмкін
|
200-400
|
Еңбек ету қабілеті жоғалады
|
400-600
|
Қауіпті – 50%
|
600
|
Аса қауіпті
|
Достарыңызбен бөлісу: |