«Өсімдік, балық ЖӘне ара шаруашылығЫ Өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»



бет2/3
Дата13.02.2017
өлшемі1,3 Mb.
#9273
1   2   3

Дәріс №9

Ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау, бал сынамасын алу және органолептикалық көрсеткіштерін анықтау.


ЖОСПАР

  1. Бал сынамаларын алу әдістері

  2. Балдың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау

  3. Ара шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

Балдан сынама алу тәртібі және оны зерттеуге дайындау. Органолептикалық көрсеткіштері

Балды тасмалдауға және сақтауға арналған ыдыс денсаулық сақтау органымен рұқсат етілген материалдардан жасалу керек. Тат баспаған болаттан, алюминний шыныдан жасалған, эмильденген ыдыстар мен және емен мен хвойдан басқа ағаш ыдыстарда сақтауға болады. Бал тексеруге оның ішінде ветеринариялық анықтама және омарташының ветеринариялық куәлігі болу керек.



Орташа сынама. Өнімнің бүкіл партиясынын сапасын көрсететін балдың бөлігі. Партия – деп балдың ботаникалық шығу тегі және жиналған жылы органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері технологиялық өндеуден кейін уақыттарда базарларда сату үшін жеткізу.

Ара балын сараптауға қабылдау үшін, зерттеу үшін әр бір тексеруге жататын ыдыстардан 100гр ара балын алады. Егер судың мөлшерін ариометр арқылы анықтау керек болса, онда сынама мөлшерін екі есе арттырады.


Балдың органолептикалық көрсеткіштері

Балдың түрі.

Ара балының түсін шыны цилиндрге құйып анықтайды. Түсі бойынша бес топқа бөлінеді: түссіз, ақшыл янтар, янтар тәрізді және қоңыр.
Балдың иісі.

Балдың иісі анық білінбесе, онда оның қақпағын жауып, су моншасында 45-49 С минут қыздыру арқылы анықтайды.



Балдың дәмі.

Балдың дәмін оны алдын ала 30 С-қа дейін қыздырып барып анықтайды.



Балдың консистенциясы.

Балдың консистенциясын оған шпательді батыру арқылы анықтайды. Содан соң шпательді суырып алып, одан бал ағу сипатына қарап балға баға береді. Жаңадан алынған бал сироп тәріздес. Бір екі айдан соң мұндай бал қоюланады. Сұйық бал шпательде азғантай ғана бал қалып, оның өзі жиі-жиі тамшылап тұрады.





Балдың жетілгендігін анықтау.

Балдың жетілгендігін 20 С температурада анықтайды. Оны қасықпен араластырып, қасықты ыдыстың үстіне үстеп араластырады. Егер бал қасықтап ағып тұрса, онда бал жетілмеген, ал бал қасыққа оралса, онда бал жетілген деп есептеледі.



Балдан ерітінді дайындау.

Ерітіндіні балмен судың 1:2 арақатнасында дайындалады. Колбаға 60гр бал өлшеп алып 120мл жылы дистилденген су қосады. Толық ерігенше араластырады. Бұл бал ерітіндісіні болады.



Балда көпіршігі бар жоғын анықтау.

Балды герметикалық емес ыдыста сақтағанда және ауа құрамының ылғалдылығы жоғары балдың құрамында судың көп мөлшерінің жинақ әкеледі. Алғаш көпіршіген кезде ароматы жоғарлап, содан кейін қышқылданған иіс пайда болады. Ол тәтті дәмге ұқсайды. Көпіршу ол жиі жетілмеген балда, оның құрамында 22% су болғандапайда болады. Балдың ашу кезінде қолайлы температура 14-20С. Бал көпіршіген кезде жоғарғы бетінде ақ көпіршік және көп мөлшерде газданған көпіршіктер пайда болады. Микроскопиялық зерттеу бойынша көпіршіктердің қоздырғышы дрожжыларекені анықталды. Бұл балды сатуға жібермейді, себебі ал тез ашиды.



Балды ветеринариялық санитариялық сараптау.

Балды зерттеу әдістері әр түрлі болып келеді. Себебі бал көп компонентті өнім болып табылады. Оның құрамында 70-ке жуық компоненттер кездеседі және оған әлі күнге дейін жалпы көрсеткіштер көрсетілмеген. Товарлы және гигиеналық талаптарға сәйкес ветеринариялық санитариялық сараптау өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарады.Балдың сапасын ветеринариялық санитариялық сараптау кезінде «Ветеринариялық зертханалар мен балды ветеринариялық санитариялық ережелеріне сәйкес» болуы керек. Бұл заңнамада балдың сапасын анықтау әдістері мен реті жазылады. Балды сараптауға алмас бұрын иесінен ветеринариялық анықтама алып, пасеканың паспортын қарайды. Егер де сол қағазда бал қандай да бір антибиотиктар мен залалсыздандырылған десе, онда сараптаушылар сол балдан қалған антибиотиктердің мөлшерін анықтайды. Ветеринариялық анықтама мен куәлікті ветеринар мамандары ғана беруі тиіс. Органолептикалық және зертханалық зерттеулерді МЕСТ 19792-87 талаптарына сәйкес тексереді. Сынаманың қалған мөлшерін иесіне қайтармайды оны техникалық утилизацияға жібереді. Ветеринариялық заңнаманы бұзған жағдайда; қылмыстық, административтік т.б. жауапкершіліктерге тартылады. Ветеринариялық сараптаудың қорытындысы болып әкелінген сынаманың жарамды және жарамсыз болуы, соған байланысты құжаттар тағайындалады. Ол ветеринариялық сертификат түрінде беріледі. Ветеринариялық сертификат сәйкестік сертификатын алмастырмайды. Балды жалпы екі топқа бөледі: толық қанды және толық қанды емес бал. Ал толық қанды емес балды 3 топқа жіктейді: фальсификацияланған, токсикалық, бұзылған бал деп топтастырады.

Фальсификацияланған бал дегеніміз оған әр түрлі тағамдық қоспаларды және азықтық заттарды қосымша қосу арқылы оның массасының үлкейтуі немесе оны бал араларын қантпен қоректендіру салдарынан алады.

Балдың ақаулары оның улылығы мен және бұзылғандығымен байланысты. Оларды табиғи және жасанды деп бөледі. Бірінші улылыққа терңс органолептиканы, ашу, қышқылдануды жатқызса, екіншісіне қыздыру, механикалық ластану, органолептикалық көрсеткіштердің мүлдем нашарлауы, жинау, сақтау шараларын дұрыс орындамау, сондай-ақ жетілмеген балды жатқызамыз.



Дәріс № 10

Балдың жалған – жасандылық түрлері және оларды анықтау әдістері

  1. Балды фальсификациялау түрлері

  2. Жасанды инверттелген қант мөлшерін анықтау

  3. Ұн және крахмал қоспалары

  4. Балдағы желатинді анықтау

  5. Қант (қызылша) крахмал патока қоспасын анықтау

  6. Крахмал патокасын анықтау

Балдың фальсификациялау әдістері көп және олар түрліше болып келеді: бұл дөрекі, тез табылатын жасандылар (ұнның, бордың және тағы басқа түрлердің механикалық қосылыстары), және кеңінен қолданылатын түрлер, бұларды табу қиынға соғады (араларды қант сиропымен қоректендіру және т.б.). Фальсификация бал құрамын бұзады. Фальсификация кезінде тауардың бір немесе бірнеше түрлері бұзылғандықтан, оның бірнеше түрлерін ажыратуға болады:

  • Түрлік (ассортиментті)

  • Сапалық

  • Сандық

  • Бағалық

  • Ақпараттық

Балға көбінесе түрлік және сапалық фальсификация тән. Түрлік (ассортименттік) жасандылық тауардың толық және жартылай түрінде, оның алмастырушы түрімен немесе бір, бірнеше белгілерінің ұқсастығының атымен сипатталады.

Фальсификация әдістерінің алмастырушы ұқсас құрамы және фальсифицирленген өнімнің келесідей әдістерін айқындайды:



  • өнімді біртіндеп сумен алмастыру;

  • өнімге төменгі сапалы алмастырушыны қосу, табиғи өнімге ұқсас болатындай;

  • табиғи өнімді имитатормен алмастыру;

Түрлік (ассортиментті) фальсификация түрлерінің алмастырушыларының барлығы екі топқа бөлінеді: тағамдық және тағамдық емес.

Тағамдық алмастырушылар – арзан тамақ өнімдері, өздерінің төмен бағаларымен ерекшелінеді және бір немесе бірнеше белгілерімен табиғи өнімге ұқсайды.

Тағамдық емес алмастырушылар органикалық және минералдық объектілерге жатады және тағамдық мақсатта қолдануға болмайды. Тағамдық емес алмастырушыларға әдетте бор, гипс, әктас және т.б. қолданады.

Жасанды инверттелген қант қоспасын анықтау (оксиметилфурфуролға реакция). Егер концентрациясы жоғары қант сиропын қышқыл қосу арқылы қыздырса сахарозаның, глюкоза мен фруктозаға инверсиясы (ыдырауы) жүреді. Осылай жасанды бал алынады. Түсі мен консистенциясы бойынша ол ара балына ұқсайды. Бірақ дәмі мен хош иісінде айырмашылық болады. Сондықтан оған табиғи бал қосады. Органолептикалық зерттеулерден мұндай фальсификацияларды анықтау қиын. Сондықтан да оксиметилфурфуролға реакция жүргізеді.

Оксиметилфурфуролға реакция.

Анықтау тәсілі. Фарфор тостағаншасына 4 – 5 г ара балын салып және 5 – 10 мл эфир құйып, үгіткішпен жақсылап езгілейді. Содан соң оны сағат шыныға құйып, оған резорциннің 5-6 кристалдарын қосады. Эфир бөлме температурасында буланып кетеді. Құрғақ қалдыққа 1-2 тамшы концентрленген тұз қышқылын қосады.

Егер балдың құрамында жасанды инверттелген қанттың қоспасы болса, онда қызыл шие немесе сары қызыл түс пайда болады. Тез қызыл түске айналады. Қыздырылған балдың түсі қызғылт сарыға немесе ақшыл қызылға боялады. Басқа түс пайда болады, онда реакция теріс деп есептеледі. Осы реакцияның көмегімен табиғи ара балына 10 процентті жасанды инверттелген қант қосылғандығын анықтауға болады.



Ұн және крахмал қоспаларын балға кристализация түрін, оның табиғилығын анықтайды.

Пробиркаға 3 – 5 мл ара балының ерітіндісін (1:2) құйып қайнағанына дейін қыздырады. Бөлме температурасына дейін салқындатады, оған 3-5 тамшы Люголь ерітіндісін қосады.

Егер анық көк түс пайда болса, онда балға ұн немесе крахмал қосындыларын білдіреді.

Балда ұн және крахмал қосындыларын анықтаудың қарапайым әдісі бар. Араластырылған дистилденген судағы балға бірнеше тамшы 5 процентті йод тұнбасын қосады. Егер қоспалар табылса ерітінді көк түске боялады.



Балдағы желатинді анықтау. Созылуын жоғарлату үшін оған желатин қосады. Бірақ бұл кезде балдың дәмі мен иісі нашарлайды. Диастазалық активтілігі және инверттелген қант мөлшерінің құрамы төмендейді.

Пробиркаға 5 мл бал ерітіндісін (1:2) және 5-10 тамшы 5 пайызды Танин ерітіндісін араластырады. Желатин бар болса ақ үлпершектер пайда болады. Ал лайланып кетсе теріс реакция болып есептеледі (желатин жоқ).

Сахарин, глицерин, желатин қосындылары фруктозаны анықтағанда пайдаланады. Ол табиғи балда аз (39 пайыз, 36,5 глюкоза).

Қант (қызылша) крахмал патока қоспасын анықтау. Балға қант патокасының қосылуы органолептикалық көрсеткіштері (патока иісі) жоғарғы созылу т.б. нашарлайды. Инверттелген қант мөлшерін және диастазалық активтілігін төмендетеді. Сапалық реакциялар қант патокасының құрамы раффиназаға трисахарид және хлоридиннің іздері кейбір реагенттерінің әсерінен тұнбаға түсірілуіне негізделген.

Азот қышқылды күміс реакциясы: пробиркаға 5 мл бал ерітіндісін (1:2) құйып, 5-10 тамшы 5 пайызды азот қышқылды күміс ерітіндісін (5 мл 95 мл дистилденген суға) қосады. Оң реакция кезінде күңгірттену болып, ақ түсті тұнба түзіледі (хлорлы күміс). Бал табиғи болса, тұнба тұзілмейді, теріс реакция.

Сірке қышқылды қорғасын және метилен спиртті реакциясы. Колбаға 5 мл 10 пайызды бал ерітіндісінде 2,5 қорғасын сірке қышқылы және 22,5 мл метилен спирті құйып араластырады. Қант патокасы бар болса, сары ақ тұнба түзеді. Табиғи бал ерітінділері жай лайланады.

Крахмал патокасын анықтау.

Хлорлы бариймен реакция.

Күкірт қышқылын бейтараптау үшін крахмал потокасын техникалық өңдеу процессесінде көмір қышқылды кальцинді қолданады. Потока құрамындағы оның қалдық мөлшері хлорлы барийге реакция береді. Пробиркаға 5 мл фильтрленген бал ерітіндісін (1:1) құйып, 1 процентті хлорлы барий ерітіндісін тамызып қосады. Реактивтердің алғашқы тамшылары №2 қосқандағы күңгірттену және ақ тұнбаның пайда болуы крахмал потокасын бар екенін көрсетеді.



Мүсәтір спиртімен реакция.

Крахмалды қанттандыру үшін крахмал потокасын техникалық өңдеу кезінде күкірт қышқылын пайдаланады. Ал осы күкірт қышқылының қалдық мөлшерін мүсәтір спиртіне ұстайды. Пробиркаға 2 мл (1:2) бал ерітіндісін құйып, 5-10 тамшы мүсәтір спиртін тамшылатып қосады. Крахмал потокасы болса, ерітінді қою қоңыр түске боялып, тұнбаға түседі.



Спирттік реакция.

Крахмал потокасының декстриндері спирттің әсерінен қышқылдың қатысуымен тұнбаға түседі. Ал табиғи бал декстриндерінің мөлшері өте аз болғандықтан тұнбаға түспейді.

Колбаға 10 мл қыздырылған бал ерітіндісін құйып (1:2), 3-5 тамшы 10 процентті Танин ерітіндісін қосады. Араластырып фильтрлейді. Басқа колбаға 2 мл фильтрат 2 тамшы концентрленген тұз қышқылын (меншікті салмағы 1:19) 20 мл 96 процентті этил спиртін араластырады. Оң реакция белсенді күңгірттену болып, ол сол арада тұнбаға түседі. Балдың крахмал потокасымен фальсификациялануы.

Балдың сулы ерітіндіде 96 процентті этил спиртін қосып араластырады. Ерітінді түсі сүт тәрізді ақ және мөлдір жартылай сұйық масса (декстрин) тұнба түзеді. Қоспа жоқ болса, ерітінді мөлдір, тек балмен спирттің кездескен жерінде лайлану сызығы кездеседі.



Дәріс № 11

Физика – химиялық көрсеткіштері бойынша балдың табиғилығын анықтау.

Жоспар;

  1. Балдың физико – химиялық көрсеткіші

  2. Бал құрамындағы су мөлшерін анықтау

  3. Бал құрамындағы сахарозаны анықтау

Балдың физико – химиялық көрсеткіштері оның құрамына және сапасына толық, дәл анықтама береді. Бірақ олар арнайы құрал – жабдықтарды қажет етеді. Бұл көрсеткіштерді арнайы ветеринарлық немесе санитарлық тағам өнімдерінң сапасын бақылау лабораторияларында, сертификация лабораториясында және басқа мекемелерде анықтайды.

Стандартты физико – химиялық балдың сапа көрсеткішін ГОСТ 19792-87 анықтау тәртібі берілген. Берілген әдістер арбитраж сапасында қаралуы тиіс. Балдың сапасын анықтау үшін күнделікті тәжірибеде қарапайым және жеңіл түрін қолданады. Физико – химиялық көрсеткіштер ішінен балдың сапасында ылғалдылық, сахароза құрамын және диастаза санын, оксиметилфурфурол құрамын және т.б. анықтайды.

Көптеген лабораторияларда анализ жасау үшін 1:2 қатынасында ерітінді дайындайды. Үлкен колбаға 60 г балды өлшеп және үстіне 120см3 жылы дистилденген су құяды. Бал ерігенше жақсылап араластырады, содан кейін 150С температурада суытады. Осылай ерітілген бал ерітіндісін тәжірибеде лабораториялық зерттеу үшін «бал ерітіндісі» деп атайды.



Балдың құрамындағы су мөлшерін анықтау. Балда судың болуы оны ұзақ сақтауға жарамдылығын және жетілгенін (зрелый) екенін анықтайды. Жетілген балдың ылғалдылығы 20 %, біркелкі массаға кристализацияланады, көп уақыт бойы табиғи құрамын сақтап тұра алады. Жетілмеген бал тез ашып кетеді. Балдың ылғалдылығы балды жинау кезіндегі климаттық жағдайларға, қант мөлшеріне (фркутоза көп болған сайын, ылғалдылығы жоғары), сақтау жағдайына байланысты.

Балдың және судың тығыздықтарының айырмашылықтарына байланысты бал қабаттану ерекшелігі бар. Бұл ерекшелігін балды бал тұратын жерлерден оның жоғарғы ылғалдылығынан бөліп алу үшін, сол сияқты сынама алу кезінде су мөлшерін анықтау үшін де ескереді.

Қалыпты ылғалдылық мөлшері балда – 21 % (кәсіптік өңдеу үшін және қоғамдық тамақтануда – 25 %).

Балдың ылғалдылығын рефрактометрлік әдіспен (ГОСТ 19792-87)? Сол сияқты балдың тығыздығы немесе оның су ерітіндісі арқылы анықтайды. Су құрамының ұлғаюы және температура көбеюы салдарынан балдың тығыздығы төмендейді. Мысалы, 16% су болса бал тығыздығы 150С - 1,443, 200С – 1,431 құрайды; 21% су болса сәйкес – 1,409 және 1,397 болады.

Су мөлшерін ареометр арқылы анықтау, бал ерітіндісі су мөлшеріне байланысты өзгереді. Егер балда су мөлшері көп болса, соғұрлым оның удельная массасы төмен.

Бал ерітіндісін (1:2) ареометр арқылы цилиндрге құйып, оның тығыздығын анықтайды. Ол табиғи балда су ерітіндісінде 1,110 төмен емес.

К. Виндиш кестесі бойынша бал ерітіндісінде құрғақ қалдықты анықтайды, содан кейін езілмеген балда есептейді және Су мөлшерінің процентті құрамын айқындайды.
Кесте 11 К. Виндиш кестесі бойынша бал ерітіндісінде (1:2)

құрғақ қалдықты анықтау


Тығыз

дығы


Құрғақ

қалдық, %



Тығыз

дығы


Құрғақ

қалдық, %



Тығыз

дығы


Құрғақ

қалдық, %



1,101

1,102


1,103

1,104


1,105

1,106


1,107

1,108


1,109

23,91

24,13


24,34

24,56


24,78

24,99


25,21

25,42


25,64

1,110

1,111


1,112

1,113


1,114

1,115


1,116

1,117



25,85

26,07


26,28

26,50


26,71

26,92


27,13

27,35


1,118

1,119


1,120

1,121


1,122

1,123


1,124

1,125


27,56

27,77


27,98

29,19


28,40

28,61


28,68

29,03

Дәл көрсеткішке келесідей факторлар әсер етеді: бал ерітіндісінің температурасы (анықтауды 150С жүргізеді; керек болған жағдайда ерітіндіні қыздырады немесе суытады); механикалық коспаларға анықтау.

Су мөлшерін анықтау, балдың құрамындағы құрғақ заттармен судың арақатынасына байланысты күн сәулесінің рефракциясының өзгеруіне негізделген. Неғұрлым құрғақ заттар көп болса, соғұрлым рефракция индексі жоғары болады. Ылғалдылығы 21% дейінгі балда 1,4840 тан төмен емес рефракция көрсеткіші болады.

Зерттелетін балдың 1-2 тамшысын шыны аяқшаменрефрактометрдің төменгі призмасына қояды. Призмаларды бекітіп, винттардың көмегімен ашық және қараңғы аралығын біріктіреді. Окулярдағы жіпшелердің қосылу нүктелерінде шкала бойынша прибордың көрсеткішін анықтайды. Анықтауды 3 рет қайталап орташасын есептейді. Кесте бойынша бал құрамындағы суды анықтайды.

Кесте 12. Рефракция индексне байланысты балдың құрамындағы су мөлшері, %




200С рефракция индексі

Судың мөлшері, %

200С рефракция индексі

Судың мөлшері, %

200С рефракция индексі

Судың мөлшері, %

1,5044

1,5038


1,5033

1,5028


1,5023

1,5018


1,5012

1,5007


1,5002

1,4997


1,4992

1,4987


1,4982

1,4976


1,4971

1,4966


1,4961

1,4956


1,4951

1,4946


13,0

13,2


13,4

13,6


13,8

14,0


14,2

14,4


14,6

15,8


15,0

15,2


15,4

15,6


15,8

16,0


16,2

16,4


16,6

16,8


1,4940

1,4935


1,4930

1,4925


1,4920

1,4915


1,4910

1,4905


1,4900

1,4895


1,4890

1,4885


1,4880

1,4875


1,4870

1,4865


1,4860

1,4855


1,4850

1,4845


17,0

17,2


17,4

17,6


17,8

18,0


18,2

18,4


18,6

18,8


19,0

19,2


19,4

19,6


19,8

20,0


20,2

20,4


20,6

20,8


1,4840

1,4835


1,4830

1,4825


1,4820

1,4815


1,4810

1,4805


1,4800

1,4795


1,4790

1,4785


1,4780

1,4775


1,4770

1,4765


1,4760

1,4755


1,4750

1,4745


21,0

21,2


21,4

21,6


21,8

22,2


22,4

22,6


22,8

23,0


23,2

23,4


23,6

23,8


24,0

24,2


24,4

24,6


24,8

25,0



Балдағы сахарозаны анықтау. Ара балын қант сиропының қосылғандығын балдағы сазарозаның мөлшеріне қарап анықтауға болады. Гүлден алынған балда сахароза – 5 %, ал шіре балында - 10% аспау керек. Бұл әдіс балдың құрамындағы сахарозаның глюкоза мен фруктозаға жасанды айналуға негізделген.

Анықтау әдісі.

Колбаға (250 мл) 5 мл 10% бал ерітіндісі және 45 мл дистилденген су құяды. Колбаны су ваннасына (800С) қояды. Колбаның ішіндегі температура 68-700С-қа жеткен кезде, оған 5 мл тұз қышқылын қосып араластырып, осы температурада 5 мин ұстайды. Содан соң колбаға 1-2 тамшы индикатор метилоранж құямыз, оған 10% натриий гидрооксидінің ерітіндісін қосып, қызғылт сары түс пайда болғанша титрлейміз. Колбаның ішіндегісін 200 мл дейін сумен толтырып, одан алынған 0,25% бал ерітіндісін 3 қайтара ауыстыру арқылы араластырады.

Мынандай формула бойынша анықтайды:


С= (X-Y)*0,95
Мұндағы, С – сахароза, %;

Х – инверттелген қанттың инверсияға дейінгі мөлшері;

У – инверттелген қаннтың инверсиядан кейінгі мөлшері;

Дәріс №12

Бал араларының вирустық, бактериалдық және өте ұсақ саңрауқұлақтар-зеңдік жұқпалы аурулары. (Америкалық және еуропалық шіріме, қапшықты тұқым, перицистоз, аспергилез, меланоз, паратиф және т.б.) осы ауруларға байланысты ара өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау.
Жоспар

I. Кіріспе

II. Бал араларының инфекциялық аурулары

1) Қоздырғышы

2) Ауру белгілері

3) Ауруды анықтау

4) Сақтандыру шаралары мен санитарлық бағасы

III. Қорытынды


Ара шаруашылығы жоғарғы қоректік өнім бал мен бағалы техникалық шикізат воск беретін ауыл шаруашылығының табысты көзі.

Сонымен қатар, араларды ауыл шаруашылық культураларын себу арқылы жоғары өмім алуына жағдай туғызады. Сондықтан, бұл ауыл шарашылық бөлімінің өсуі халық шаруашылығына пайдалы.

Ара семьясы біртұтас биологиялық тіршілік көзі. Сондықтан сақа араларға немесе личинкаларға ұрықтарға әсер етуші ауру қоздырғышы ұядағы байырғы тіршіліктің бұзылуына әкеп соқтырады. әр ұядағы аралар азайып, әлсірейді, ауру етек алып басқа ара семьяларын қамтуға дейін барады. өкінішке орай, зоотехникалық мал дәрігерлік жоғары білімі бар мамандар ара ауруларының пайда болу себептерін, алдын алуды, емдеу тәсілдерін толық біле бермейді. Сол себептен ара өсіретін шаруашылықтарға едәуір экономикалық зиян келеді.

Инфекциялық аурулар

Америкалық шіріме

Ауру қоздырғышы бірінші рет осы континентке анықталғандықтан осылай аталған. Бұл ауруға шалдыққан ара ұрықтары есейіп қуыршақалды (предкуколда) немесе қуыршақ (куколка) стадияларына ауысатын кезеңінде жаппай қырылады.



Қоздырғышы – Bac.liarve микробы. Ауру көбінесе жаздың екінші жартысында оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстардың омарталарында жиі ұшырасып, едәуір экономикалық зиян келтіруде. Індет көзі - ауырған немесе өлген личинкалар. Ауру бір личинкадан екіншісіне ұя тазалаушы, қоректендіруші аралар арқылы, сондай-ақ омартаға адасып енген аралардан, «барымташы» аралардан, әр түрлі жәндіктерден, паразиттерден сондай-ақ ауру ара семьяларынан алынған кәрез, көзгенектерді сау ұяларға қоюдан, омарташының немесе тексеруші мамандардың қалай болса солай жұмыс салдарынан жұғады.

Аурудың белгілері: бұл ауру ұрғашы, еркек және жұмысшы аралардың личинкаларына бірдей залалын тигізеді. Микроб ұяға түскен соң өсіп-өнеді де бір жеті-он күннен кейін кәрез ұяшаларының әр жерінде бірлі-жарым ұяшаның жабылмағаны, немесе аралардың кеміріп ашып тастағаны, сондай-ақ ішінде өліп жатқан өсіп қалған личинка байқалады. Осындай ұяшалар күннен күнге көбееді де, кәрез беті ала-құла болып, сау личинкалардың жас мөлшері біркелкі болмай шығады. Кейбір жабық ұяшалар ойыстанып, қақпақшасы 2-3 жерден тесіледі. Ауруға шалдыққан личинкалар сарғыш тартып білеуленіп, теңбілденбей қалады. Тіпті 2-3 күн өткен соң күңгірт тартып, қарая бастайды. Сыртқы терісі жыртылып, қоймалжың шірікке айналып, ұя түбіне жабысып қалады. Шығарғанда 5-10 сантиметрге дейін сағыздай созылып күлімсі иіс (ағаш желімі немесе шіри бастаған алманың иісі тәріздес) шығып тұрады.

Ауруды анықтау. Ауру тегін егжей-тегжейлі білу үшін кәрез бетінің ауырған личинкалар басым жерінен 10*15 см кесіп орамай жәшікке салып мал дәрігерлік лабораторияға жөнелтеді. Жолдама хатта материалдың қай кезде алынғаны, омартаның тұрған орны, ара семьясының номері, байқалған өзгерістер, шаруашылық аты, байланыс бөлімшесінің инексі көрсетіледі.

Емі, сақтандыру шаралары және санитарық бағасы. Егер америкалық шіріме бұл омартада тұңғыш рет, онда да бір ара семьясында ғана пайда болғаны анықталса, онда сол ұяның араларын күкірт түтіні немесе формалинмен уландырып өртейді. Ал ауру көптеген ара семьяларын қамтып, етек ала бастаса омартаны бір жылға карантинге жабады. Барлық ара семьяларын жаңа немесе зарарсыздандырылған таза ұяға көшіріп мынадай дәрілердің бірімен емдейді: норсульфазол натрий 1-2 г, сульфантрол 2,0 г, биомицин, неомицин, тетрациклин, эритромицин, окситетрациклин, мономицин, стрептомицин 500 мың, канамицин 400 мың, метицилин 350 мың ЕД өлшемімен алынып, 1 литр қант ерітіндісіне қосылады да қашан жазылғанша әр 4-5 күннен соң беріледі.

Басқа омартадағы ара семьяларының балы сау болып есептеуге болады, оларды жеке арнайы орындарда сақтайды, аралардан бөлек. Осындай бал қыс кезінде тоқашнан және кондитерлік өнімдер өндірісінде қолданылады. Араларға осындай балды қоректендіруге болмайды.



Еуропалық шіріме

Қазақстандағы көптеген омарталарда кездеседі. әсіресе оңтүстік аймақтарда, жаздың бірінші жартысында жиі байқалады. Шіріменің бұл түрінде негізінен жас, ашық ұяшалардағы личинкалар ауырып, қырыла бастайды.



Қоздырғышы. Вас альвей, стр.апис.көп жағдайда стр.плутон микробтары қосылып, ауруды едәуір асқындырады. Ауру жоғарыда айтылғандай жаздың бірінші жартысында кездеседі. Егер ара семьясы күшті, өсіп-өнуі жақсы болса, ауру өзінен өзі басылады. Кей жағдайларда шіріменің екінші рет күз айларында қайталануы мүмкін. Бұл жағдайда асқынаасқына аяғы америкалық шірімеге ұштасып, ұяда ұрықтардың, балапан аралардың санын азайтып, ара семьясына орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Аурудың көзі - ауырған ара семьясы. Бөлек ұяларға ауру үйір бөлінгенде, «барымташы» аралар, құрт-құмырсқа, айырқұйрық және басқа жәндіктермен де таралады. Кейбір жағдайда ұяның суықтығы, ұзақ уақыт ара семьясының ашығуы, қоректік заттардың тапшылығы, еркек, ұрғашы аралардың туыстық жақындығы аурудың жіті түрінің өршуіне әкеп соқтырады.

Аурудың белгілері. Ауру алғаш басталғанда кәрездердің ашық ұяшаларында бірлі-жарым (1-4) жас личинкалардың орындарынан қозғалғаны, түсінің солғындап, сарғайғаны байқалады да 2-3 күннен кейін осы ұрықтар күреңденіп қоймалжың шірікке айналады. Ұядан шығарғанда созылмай жыртылып, қоңырсыған иіс пайда болады. Кейіннен шіріген личинкалар кеуіп ұяшалар түбінде бос жатады, олар оңай алынады. Оңтүстікте орналасқан омарталарда (Шымкент, Қызылорда, Жамбыл) шіріменің екі түрі бірдей кездессе, ашқылтым иіс омартаға жақындағанда-ақ сезіледі.

Емі, сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Америкалық шірімемен бірдей.

Осы жағдайда балды, воскты, ара семьяларын және аналық араны сатуға, ара уын, пчелинное молочконы дайындауға болмайды.



Паратиф (Қылау)

Сақа араларды кенеттен қатты мазасыздандырып, ішін өткізіп, өлімжітімге ұшырататын жұқпалы ауру.



Қоздырғышы. Ентеробактер хафние. Ол жабайы араларда да залалды.

Бұл ауру Қазақстанның қысы ұзақ аймақтарында көбінесе ерте көктемде немесе жазғытұрым қайталанған суықтардан соң кездеседі. Ауру көзі - ауырған ара семьялары, жеке аралар. Бір ұядан екіншісіне кәрез ауыстырғанда, жалпы суатты пайдаланғанда, аралар адасып басқа ұяларға ауысқанда жұғады. Кейде ауру ұяның сыз тартып дымқылдануынан, аралардың лас шалшықтардан су ішуінен (әсіресе қора маңында) де пайда болады.



Аурудың белгілері. Ара денесіне түскен қоздырғыштың азкөптігіне, залалдығына қарай аурудың алғаш клиникалық белгілері 3-15 күннен кейін ғана белгілі бола бастайды. Ауруға шалдыққан аралар ұя ішіне, қондырма, кәрез т.б. заттарға мезгілсіз іш босатуынан ұядан күлімсі иіс шығып тұрады. Көптеген аралардың қанттары сіресіп, ұша алмай ұя төңірегінде жорғалап қалады. Осы жағдайдан бүкіл ара семьясындағы сақа аралардың 40-60 проценті қырылып қалуы мүмкін.

Ауруды анықтау. Лабораторияға әр ұядан 20-30 ара жіберіледі.

Емі, сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Омартаны таза сумен және тұз қосылған сумен қамтамасыз етіп, ұя төңірегін тазалап сыпырып, ара өлекселерін жинап өртейді. әр ара семьясын үстеп қоректендіріп, жалпы жағдайын жақсартады. әрбір күн сайын бір литр қант ерітіндісіне қосып 0,2 г левомицитин, 100 мың ЕД биомицин немесе 200 мың ЕД стрептомицин береді. Омарта мүліктерін - киім, құрал-саймандарды түгелдей зарарсыздандырады.

Паралич

Бұл ауру аралардың «май айындағы ауруы» немесе «орман омартасының ауруы» деген атпен Қостанай, Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстанда кездеседі. Көбінесе сақа аралар жаппай қырғынға ұшырайды.



Қоздырғышы - вирус.

Аурудың белгілері. Жаз айларында шығады. Кейбір аралар қатты мазасызданып, ұя төңірегінде домалай бастайды да, кілт тоқтай қалып, қанаттарын қимылдатуға әрекеттенеді. Қондырма тақтайшадан, ұя кіреберісінен мұндай араларды сау аралар жабылып итеріп тастап, қайта кіргізбей жатады. Көптеген аралар қарайып, бас, көкірек, құрсақ қылшықтары түсіп, жылтырланады. Бөксесі көтерілмей сүйретіліп «сал» болып қалады.

Ауруды анықтау. Мал дәрігерлік лабораторияларына 15-20 тірі араны 3 проценттік глицерин немесе вазелин майы құйылған құтымен жөнелтеді.

Емі. Жоқ. Ең дұрысы аурудан алдын алу.

Сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Әрбір ара семьясының жалпы малдәрігерлік-санитарлық жағдайын дұрыстайды, омартаны карантинге жауып, сыртпен қарым-қатынасты түгел тияды.

Аспергиллез

Ара ұрықтарын, кей жағдайда сақа араларды да қамтитын жұқпалы ауру.



Қоздырғышы. Аспергилла тұқымдас грибоктар тобы.

Аурудың белгілері. Ауру қыстың аяқ шеніне қарай немесе ерте көктемде кездеседі. Личинкалар барлық өсу сатыларында да ауруға шалдығып, қоңырқай тартады да ақыры өліп қалады. Қоздырғышы ара ұрықтарының желке тұсынан жарақаттап, бүкіл мойын, көкірегіне ауысады. өлген личинкалар семіп, кішірейіп кетеді. Зақымдаушы грибоктың тегіне қарай өлген личинкалардың денесі әр түсті болады (ақ сары, жасыл, қара). Ал сақа аралар ауырғанда денесін үлбіреген ақ мақта тәрізді түк жауып кетеді. Мұндай ауру, әсіресе ерте көктемде ұясының іші ылғал ара семьяларына тән.

Ауруды анықтау. Оны жай көзбен анықтауға болады. Сондай-ақ 20-30 ара өлексесін, 10*15 см кәрез бетін кесіп мал дәрігерлік лабораториясына жөнелтеді.

Емі. Жоқ. Ең дұрысы аурудың алдын алу.

Сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Ең алдымен, ұяны құрғақ ұстау керек. Ауырған семьяларда грибок өсіп, көгерген кәрездерді, қымтауға қойылған заттарды түгел ауыстырып, араларды 67 проценттік қант ерітіндісімен қоректендіреді.

Аспергилл грибоктары адамға да қауіпті. Сондықтан ауырған ара семьяларын тексергенде омарташы тазалық сақтап, ауыз, мұрнын ылғал дәкемен жауып алғаны дұрыс.

Зақымданған омартаны көзін жояды немесе жоғарғы температурада воскқа өңдейді. Ұялардың көгерген жылулыққа арналған материалдарын алмастырады. Ұяларды қысқартып, жылытады. Аралар азықтандыруын күшейтеді. Негізгі профилактикалық шаралар пасектерді құрғақ жерлерге орналастырады. Қыс пен көктемде ұяларда ылғалдылықты қадағалап отыру керек. Бал, воск, ұялар мен барлық құралдарды зарарсыздадырады.

Дәріс №13

Инвазиялық ауруларға байланысты ара өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау. Бал араларының ( акарапидозы, амебиазы, браулезі, мелеозы, физоцефалезы,нозематоз, варроатоз және т.б.) инвазиялық аурулары, осы ауруларға ара өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.

Жоспар


  1. Ауру анықтамасы және қоздырғышы

  2. Ауруды анықтау

  3. Емі және алдын алу шаралары

  4. Санитарлық баға

Браулез (ара биті) – Браула соска жәндігінің аналық немесе жұмысшы ара денесіне жабысып, қатты мазасыздандырып, ақырында тез арада өлтіріп тынатын инвазиялық ауру.

Қоздырғышы – Браула соска. Ол қызыл-күрең түсті, көлемі 1,1-1,3мм, денесі түкті, өте қозғалғыш үш жұп аяқтылы жәндік. Ара ұясында үш аптада толық өніп-өседі. Сақа браулалар артқы аяқтарымен аналық, жұмысшы аралардың басына мықтап жабысады. Алдыңғы аяқтарымен аралардың үстіңгі ернін тырналайды. Осының салдарынан ара аузына жем салғанда қатты мазасызданып, аузындағы шырынды қайта құсады. Осы сәтті аңдып тұрған браулалар дереу сорып алады. Браулалар өте қозғалғыш бір жерден екінші жерге еркін ауысады. Ара денесінен сыртқа түссе 2-3 күн тіршілік ете алады. Кейде бір аналық араға жүзден астам браулалар жабысып, бүкіл тыныс мүшелерін бітеп тастайды. Бұл жағдайда аналық ара жұмыртқалауын тоқтатып, әлсіреп өледі. Ал браула жабысқан жұмысшы аралардың гүл тозаңын, шырын жинау қабілеті төмендейді.

Ауруды анықтау – үшін браулаларды жинап алып, балға, глицеринге немесе спиртке салып лабораторияға жөнелтеді.

Емі – ауырған ара семьяларын фенотиазин түтінімен ыстайды, 1,5 г фенотиазинді қызарып шоқталған түтіндеткішке салып ақшыл қызғылт түтін шыққанда әр ұяның есікшесінен 30-40 рет үрлейді. Келесі ара семьясын осы әдіспен емдеп, ең соңында екі ұяға да қосымша 20 будақтан түтін жібереді. Емдеу жұмыстарын үш күн ұдайы кешке қарай жүргізіп, 10 күннен соң қайталайды. Ұядағы төселген қағаз үстіне құлап түскен браулаларды жинап өртейді.

Алдын алу шараларыомартаны карантинге жауып мал дәрігерлік- санитарлық қағидаларға сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізеді.

Карездерді ұялардан алып уақытша қоймаға апарып қою арқылы браулалардың личинка, қуыршақтарын өлтіреді. Араға он күн салып қя едендерін, рамаларды тазалайды. Бал жинаған ұяшалардың бетін пышақпен кесіп ашып, браулалардың жүретін жолдарын бұзады.



Санитарлық бағаараларды, ара аналықтарын және ара өнімдерін басқа шаруашылыққа және райондарға сатуға қатаң тиым салынады. Ұяшықтардан паразитті және личинкаларын тазалау мақсатында іс шаралар жүргізу қажет. Браулалардан басқа араларда басқа да паразиттер кездесуі мүмкін: шыбын личинкасы сенотаинии, қоңыздардың мелае тұқымының личинкасы, восктік қаракүйе (үлкен және кіші) және тағы басқа.

Мелеоз – сақа аралардың денлеріне қоңыз (майка) личинкаларының жабылуынан туындайтын инвазиялық ауру.

Қоздырғышы – қоңыз личинкалары ара денесіне әр түрлі шөптерден (әсіресе күнбағстан) гүл тозаңын, шырын жинағанда жабысады. Сондықтан оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда орналастырылған омарталарда жиі кездеседі.

Араларға әсіресе шұбар қоңыздың личинкалары қатты залалын тигізеді. Олар ара денесінің қатпар аралық жарғақтарына кіріп емін-еркін ара денесінің өлін сорып қоректенеді. Үлкендігі 3 -5 х 1 – 2мм ғана осы личинкалар ара денесіне қоныстанып, оны тез арада өлтіреді де, басқа араларға жабысады. Қоңыздың бір личинкасының өзі 3-4 араны өлтіре алады. Көінесе әлді семьядағы аралар қатты жарақаттанады.



Аурудың белгілері – аралар мазасызданып жүгіреді, секіреді, денесін тазалауға тырысады. Ұя түбіндегі қондырмадан көптеген ара өлекселерін көруге болады. Қоңыздың биологиялық өніп-өсу мерзіміне қарай мелеоз ауруы, көбінесе негізгі бал жинау кезеңінде омартаға зиянын қатты тигізеді. Әр семьядағы бал, гүл тозаңдарын жинағыш араларды күрт азайтады.

Ауруды анықтау – ара денесін мұқият қараса ауруды жай көзбен-ақ анықтауға болады.

Алдын алу шаралары – аурудың алдын алу омартада кездескен аналық қоңыздарды құртады да ара өлекселерін түгел жинап алып өртейді.

Түтіндеткішті ағаш көмірімен шоқтандырып жағады да, үстіне 50 г темекі жапырағын немесе ұсақ темекі салады. Сөйтіп осы ауру байқалған ара семьяларын түтіндетеді. 3 – 5 минуттан кешікпей ұя түбіне құлаған қоңыз личинкаларын жинап алып өртейді.



Акаркапидоз – немесе кенелік ауру, акарапис Вуди кенесі тудыратын, ересек аралардың инвазиялық ауруы.

Кенелер аралардың трахеасында тоғышарлық етіп, бітеп тастайды. Олар организмдегі қоректі заттарды сіңіріп, өздерінен улы токсин бөліп шығарып, аралардың өліміне әкеп соғады.

Трахеаға түскен аналық кенелер он шақты жұмыртқаларын салады. Организмнен тыс кенелер рамкаларда, омарта қабырғаларында, балда және т.б. жерлерде кем деген де 3-4 күн тіршілік ете алады.

Акарапидоз жыл мезгілінің кез келген уақытында шығуы мүмкін, көбінесе жазғытұрым пайда болады.



Санитарлық баға - акарапидоз және басқа да кенелер тудыратын аурулардан таза емес барлық ара семьяларына, көктемде фольбекс және тедион аэрозолымен залалсыздандырады. Басты алдын алу шарасы болып – араларды өсірген кезде барлық ветеринарлық-санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет.

Нозематоз – ол бірклеткалы спора түзуші нозема тоғышары тудыратын ауру. Аралардың организміне азық арқылы, ұяшықтарды тазалауда және зақымданған аралардан түседі. Ішекке түскенде споралар өсіп, тоғышар ішектің эпителий клеткасына енеді де сол жерде екіге тікелей бөліну арқылы көбейеді. Зақымданған араларда іш өту болады. Олар тез әлсіреп, ұшуға қабілеті болмайды және өледі. Қалған тоғышарлар спора түзіп, фекаль арқылы сыртқы ортаға түседі.

Ұяларда және балда нозема спорасы бір жылға дейін, ал суда үш айға дейін сақталады. Балды 60°С жоғары температруада қыздырғанда қоздырғыш 1сағат көлемінде өледі. Залалсыздандырушы формалин ертіндісі, фенол және едкалық нетра қоздырғышты бірнеше минута өлтіреді. Ауру аралардың суспензиясынан дайындалған препараттарды да зерттеуге болады. Ноземаларды қарағанда олар сопақша, күріш дәні және құмырсқа жұмыртқасы тәрізді болады.



Санитарлық баға - ауырған ара семьяларын жою керек. Аурудан таза емес шаруашылықтан шыққан ара және ара өнімдерін сатуға тиым салынады. Егер нозематоздар ерте қыста пайда болса, онда омарталарды қыстықтардан алып шығып, залалданған және зақымданған азықтарды гүлді табиғи бал және қантты сироппен алмастырады. Ауырған семьяларды жаңа немесе дезинфекцияланған,иқысқартылған және жақсы жылыланған омарталарға көшіреді. Көктем уақытында жақсы күтім жасап, температураны 35°С дейін көтеріп, ұялардың жан-жағын тақтайлармен қоршап, жылылайды.

Алдын алу - көктемде араларды жұмасына 1-2рет 30°С дейін суытылған қантты сироппен азықтандыру керек. Ара семьяларына арналған сироп құрамына 250 мл фумагиллин қосады. 50 шақты өлген араларды стерилді чашкаға салып лабораторияға жібереді.

Аралардың ұяларын, омарталарды, рамкаларды және ағаштан жасалған бөліктерді формалинмен, 2% хинозол ертіндісімен, 2% техникалық соды және 2% зольді щелок ертіндісімен залалсыздандырады. Халат, сетка, метал инвентарьларды 10 минут жай суда қайнатады.



Амебиаз (амебалық ауру) – аралардың мальпиги буындарында тоғышарлық ететін, амебалардың Malpighamoeba mellifica қоздырғышы тудыратын инвазиялық ауруы. Сыртқы ортада амебалар екі қабықты шар және домалақ формада болатын цистада сақталады. Циста, организмге азық не су арқылы түскен кезде вегетативті формаға еніп, мальпиги буындарына өздерінің псевдоподиясымен эпителий аралық клеткалар арқылы еніп, сонда қоректік заттарды сіңіреді. Егер қолайсыз жағдай туса, амеба көбеюін тоқтатып, циста түзеді.

Аурудың клиникалық белгілері әлі толық зерттелмеген. Оларда нозематоздағыдай белгілер болады деп есептелінеді. Диагностикасы олардың мальпиги буындарын порошокқа айналдырып, жұғынды дайындау арқылы, микроскоппен зерттеуге негізделген. Көбінесе, нозематозды тексеру үшін материал жібергенде, амебаны да қоса зерттейді.



Санитарлық баға – нозематоз ауруындағыдай болады.

Варроатоз (варрооз) – аралардың Varroa jacobsoni кенесі тудыратын эктопаразитарлық ауруы. Бұл кенелердің биологиясы толық зертелмеген. Көбінесе кенелер аралардың бүйірінде, құрсақ қуысында орнаасады. Кенелерді лупа арқылы көруге болады. Омартаның түбкі жағына бір парақ қағаз қояды да, семьяларын акарацидпен (мысалы, фенотиазинмен) залалдайды. Егер омартада бірнеше кенелер болса, олар қағазға құлайды.

Варроатоздан сау емес ұяшаларды карантинге жабады және ветеринарлық-санитарлық шаралар жүргізеді. Варроатозды емдеген кезде фенотиазин, кельтан, фольбекс, варроатиз, эфирсульфонат, нафталин және тағы басқа қолданады. Бірақ, көбнесе бұл препараттар токсинді болып келеді және балмен адсорбцияланады, сондықтан бұларды қолдану, балды жинар алдында бір ай бұрын рұқсат етіледі.



Дәріс №14

Жұпалы емес ауруларға байланысты ара өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау. Токсикоздар, ашығу, бал ара ұрлығы, құрғақ себінді, үсінген тұқым т.б. ауруларды, осы ауруларға ара өнімдерін ветеринариялықсанитариялық сараптау және санитариялық бағалау

Жоспар

1.Аралардың жұқпалы емес ауруларына жалпы сипаттама.

2.Азықтық уланулардың түрлері

а) Тозаңдық улану және ветеринарлық санитарлық бағасы

б) Шырынды улану және ветеринарлық санитарлық бағасы

в) Шіре балдан улану және ветеринарлық санитарлық бағасы

г) Химиялық улану және ветеринарлық санитарлық баға

Аралардың жұқпалы ауруларына азықтық токсикоздар, ашығулар, бал ара ұрлығы үсуі және құрғауы, тағы басқа көптеген аурулар жатады. Бұндай жұқпалы емес аурулур кезінде ересек аралар, сонымен қатар жас ұрықтардың өлуі де жиі кездеседі. Азықтық токсикоздарды - тозаңдық улану, бал шырынымен улану, шіре балдан улану және химиялық улану деп бірнеше топтарға жіктейді.



Тозаңдық улану (Майская больезнь) - көп жағдайларда ашық ұрықтың санының бұзлуы нәтижесінде және аралардың тозаңдық улы: аконита, тегеурінгүл, тамырдәрі, шомырсарымсақ, қазанақ және де тағы басқа өсімдіктермен улануы салдарынан болады.Сонымен қатар улы емес өсімдіктердің тозаңында егер оған улылық әсері бар микроорганизмдер өсетін болса,олар да улануға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Тозаңдық уланудың алғашқы белгілері – жас аралардың өлімімен сипатталады. Азықтың қорытылуына қажетті судың жеткіліксіз болуынан және тозаңның көп мөлшерде жинақталуының салдарынан ауру асқынады. Жекеленген аудандарда мұндай уланулар мамаыр айларында жиі байқалады. Алғашында аралар мазасызданып, сонына қарай күшін жоғалтып, солып қалады. Өлер алдында олар дамылсыз қозғалып, ауру және өлген араларда құрсағының көлемі ұлғаяды. Аралардың жас мөлшері 10-13 тәулік аралығында өлім - жітімге жиі ұшырайды.



Ветеринарлық санитарлық бағасы: тозаңдық улану улы өсімдіктердің гүлдеуі кезінде болады.Тозаң жинағына бұл уақытта қолдан, яғни жасанды түрде арарларды ұясынан шығуын болдырмау керек. Мұндай жағдайда арарларды 33 % қант сиропымен қамтамассыз ету керек және де араларды басқа орындарға орналастыру қажет. Ауру аралардың балтозаңын қолдануға рұқсат етілмегендіктен, аурудың созылмалы түрі кезінде ара ұяларының шеттерін балтозаңмен ауыстырып қояды. Ауру бал семьясына бірнеше күн литрлеп сұйық қант сиропын немесе жақсы гүл балын береді.

Шырынды улану( Нектарный токсикоз) - құрамында токсикалық қосылыстары барулы және жағымсыз өсімдіктердіңшырынынан болады. Қатты улану кезінде аралар тез өледі және де ешқашан өз ұяларына дейін жетпейді. Мұндай шірнеден алынған бал улы болып есептелінеді. Ауру негізінен гүлдену мен шырын жинаумен қатар жүреді. Аралар солып қалады да өте баяу қозғалады және ұясының маңында жатып қалады. Негізінен бұл аурумен ауырғанда емделініп шығады. Алкалоидтармен уланған кезде аралар өте тынышсызданып адамдар мен жануарларға қарсы шығады. 7-13 тәуліктен кейін аралардың жаппай қырылыу басталады. Құрамында улы зат андромедотоксины рододендрон шырынана алғашында жаздық аралар, соңынан жас аралар жәнеде личинкалары уланып өледі.Ауру аралардың тік ішегі кеңейген және де ашық сары сұйықтыққа толған. Бұл сұйықтықтар аралар үшін улы болып келеді.

Ветеринарлық санитарлық бағасы: негізгі профилактика ол басқа улы өсімдіктері жоқ аудандарға орын ауыстыру. Шырынды токсикозының алғашқы белгілері байқалған болса, бірден тіптен аз мөлшерде улы шырыны бар кәрездердің барлығын бірден жою қажет.Оларды азықтық мақсатта қолдануға болмайды. Ветеринарлық санитарлық іс – шаралар тозаңдық уланудағыдай.

Шіре балдан улану – бұл шіре балмен сипатталатын ауру. Шіре бал араның ас қорыту жүйесіне түсіп, оның жұмысын бұзады, содан кейін бүкіл организмнің қызметін бұзады. аралар өледі. Ауру кезінде аралар ұяларының қабырғаларына және кәріздерге қою қоңыр түсті нежіс бөліп шығарады. Жаз кезінде аралар жерде ұяның маңында жүреді және олардың құрсағы ұлғайған. Шіре балының улануы көмірсулардың, алкалоидтардың, гликозидтардлың, сапониндардың, минералды тұздардың және токсиндардың бөліп шығаратын бактерияларымен саңырауқұлақтарына байланысты.

Диагнозды өлегн аралармен ауру араларды клиникалық бақылаулар мен лабораториялық зерттеулермен, сонымен қатарды, ұяда кәрез балымен азықтанған араларды зеттеу арқылы қояды.Жарық жерлерде шіре балдары ашық сары түстен қою қоңыр түске дейін өзгереді. Сондықтанда балдың сапасын тек лабораториялық әдіспен ғана анықтауға болады.



Ветеринарлық санитарлық бағасы: зерттеу үшін ветеринарлық лабораторияға әр ара семьясынана әр ара ұясының жақтауларынан таза шыны банкаға 80 г балды алып зерттейді. Егер бал мөлшері жеткіліксіз болса, қант сиропын қолданылады.Қандай да себептермен аралар шіре балымен немесе түсті шіре балымен қыстап қалатын болатын болса, оларға онда арттырылған суғару жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл мақсатта оларға жылытылған су немесе 40 0 жылытылған қант сиропын қолданады.

Химиялық токсикоз – ол көптеген химиялық улы заттармен уланумен болады. Ауылшаруашылық пестицидтердің зиянкестерін қозғаласына байланысты төмендегідей : контактілі, жүйелі, ішектік және фумигантты деп төрт түрге бөледі. Ауру белгілерін іс - әрекетінің сипатымен сонымен қатар бал шырыны мен тозаңның құрамындағы химиялық улы заттар арқылы анықталады. Өте жоғарғы әсер ететін пестицидтердің әсерімен бал аралары өте тез өледі. Улану – қозғалыс жүйесінің бұзлуымен және салдануымен сипатталады. Аралар мен ұрықтар өледі. Аурудың созылмалы түрінде аралар өте баяу қозғалады, кәрізден түсіп, ұяның маңында жағалап жүріп, кей жағдайларда түсіп қалады.Егер пестицидтердің концентрациясы азықта аз мөлшерде болса, улану өте баяу, бірнеше айлап жүреді.Аралардың гексохлорлармен улануы олардың тынышсыздануы, айналып ұшуы және соңында құлауымен сипатталады. Содан кейін әлсіреу периоды болып, кейіннен аралар қозғалыссыз қалып өледі.Аралардың жаппай өлуі өсімдіктерге пестицидтерді шашқан күні және келесі күндері кездеседі. Кейбір уланулар паноспен сипатталады. Аралардың мышяк препараттарымен улануы кезінде ауыз қуысынана сұйықтық ағады және үнемі ішектер бос болады. Нақты диогнозды лабораторияға келген ауру араларды немесе өлекселерге берілген анамнез, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық көрінісі бойынша қоюға болады. Мұндай жағдайда аудандық агропром өсімдіктерге өндеу жұмыстары жүргізілгендігін анықтайды.Барлық қажетті жинақталған құжаттарды пат материалмен бірге лабораторияға жібереді.

Ветеринарлық санитарлық бағасы: егер аралардың балмен және тозаңмен улануы байқалса, ұялардағы барлық кәрездерді жойып, азықтандыру үшін қатерсіз бал немесе қажет болған жағдайда қант сиропын қолданады. Ара жанұясын омартадан алшақ 6-8 км қашықтықта басқа орындарға орналастырады. Егер бұл шараларды жүргізуге жағдай жоқ болса, ұяларды қыстаққа қалдырады немесе өзгеде алмастырушы орындарға қояды немесе оларды өзм орындарында тек итермесин жабық қалпында қояды. Мұндай жағдайда араларды суғарып, қадағалап отыру қажет.Өсімдіктерді фосфорорганикалық препараттармен және де гекохлормен өңдеген кезде араларды 2-3 күнге, мышьяк препараттары және фторлы қосылыстармен өңдеген кезде 4 күнге дейін, ал анабазин – суьфатпен, никотин – сульфатпен, минералды маймен өңдеу жұмсытарын жүргізгенде бір күнге дейін оқшаулайды. Ылғалдылық жоғарлағанда және температура төмендегенде, бұл мерзімді ұзартқан жөн. Бал араларының қыстауы кезінде олардың азық қорын тек шіре балына ғана емес сонымен қатар пестицидтерге де тексеру керек. Сонымен қатар тағамдық балды да зерттеу керек,

Дәріс №15

Омарталарды ветеринариялық санитариялық бақылау. Олардың өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау

Омарталарға қойылатын талаптар. Омарталар – құрғақ, жылы, жақсы тазартылатын, оңай желдетілетін, араларды қыста сақтап қалуға қолайлы болу тиіс. Омартаның ішіндегі рамкалардың арасы 7,5-8мм, рамканың қалыңдығы 25мм болу керек. Омартаны жасайтын ағаш қайыннан,шыршадан, майқарағайдан, самырсыннан, көктеректен болу қажет. Ағаштың ылғалдылығы 15% - дан жоғары болмау керек. Әр омартаның корпусының қабырғасын 2 немесе 3 тақтайдан жасайды. Омартаның сыртын олифамен домдап, 2 қабат ақ, сары немесе көкшіл қызыл түске бояйды. Омартаның төбесін металлмен жабады.

Омартаның құрылысы. Омартаның негізгі бөліктері: бір немесе бірнеше корпус, төбедегі тақтай, шатыр, түбі, жабысқан тақтай, алып салынатын тақтай, ұялы және магазиндік рамкалар.

Корпус – омарта қораптың пішіні тәріздес, төрт жағынан тақтаймен қоршаған. Оның ішінде аралардың жанұяларының орналастыратын ұяшықтар болады. Омартаның конструкциясына байланысты корпуста 10-нан – 20-ға дейін ұялы рамкалар болады. Корпустың алдыңғы қабырғасы араның жүісіне арналған жол.

Түбі – ол омартаның корпустық төменгі жағында орналасқан.

Жабысқақ тақтай – ол араның омартадан ұшып, қайта оралуына көмегін көрсетіп, жеңілдетеді.

Дүкендік надставка – ол араның жанұяларының ұяларын кеңейтуге арналған.

Төбе – ұяның ішіндегі жылуды сақтау үшін қажет.

Шатыр – омартаны сыртынан қоршап, атмосфералық қысымнан қорғайды. Омартада шатыр тегіс немесе бірскаттық және екіскаттық болады.

Алып – салынатын тақтай – көпкорпусты омартада бұл тақтай төменірек орналасады, басқа омарталарға қарағанда.Омартаның құрылысына екі алып-салынатын тақтай кіреді.Дүкендік рамка т.б. бар.

Көп корпусты омарталарда араларды күтіп бағу оңайға түседі, олардың ұяларын бұзбай кеңейте алады. Омарташы жалғыз немесе көмекшісімен көп ара жанұяларын күте алады. Омарталардан араларды көп корпусқа көктемнің бірінші жартысында көшіреді. Бұл кезде омарталарда рамкалардың ішінде төлдеу аз болады, сондықтан ол маңызды болып есептелмейді. Жазғы мезгілде төлдеу әрбір ұяда болады, оның көлемін кішірейткеннен төлдеудің бір бөлігі өлімге ұшырайды, сондықтан аралардың жанұяларының күші азайып, әлсізденеді.

Көп корпусты омартаға араларды ауыстыру ұзақ уақыт алады. Төлдеу кезінде суық тидіріп алмас үшін бұл кезеңді жылы мезгілде істейді. Таза дезинфекцияланған омартаны ескі омартамен ауыстырады, сонда араларды көшіреді, соның ішіне қысқа рамкада төлдеумен, бал және пергамен көшіреді. Төлдеуді омартаның ортасына орналастырады, ал перга мен балды шеттеріне қояды. Ескі омартада қалған араларды жаңа корпусқа қуады. Омарташы аналық араның ұяға енуін қадағалау керек. Ара жанұясының күшіне байланысты летокты 1-3 см кішірейтеді. Жазғы аралардан бал мөлшерін өте көп алады. Көп корпусты омартадан басқа: 2 корпусты 24 рамкалы омарта;Украиндық 20 рамкалы омарта; Белорустық 16 рамкалы жылытылған омарта; 16 рамкалы дүкендік надставкалв омарта; бір корпусты 2 дүкендік омарта; т.б түрлері бар.

Тақырыбы № 1 Балықтың жас екендігін (балаусалығын) анықтау үшін сынама алу және органолептикалық зерттеу

Сабақтың мақсаты: Студенттерді балықтың жас екендігіне (балаусалығын) органолептикалық зерттеу әдістерімен таныстыру және обьектілерде әдістемелік нұсқауды меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1. Зерттеуге сынама алу.

2. Тірі балықты органолептикалық зерттеу және санитарлық баға беру.

3.Мұздатылған, тұздалған, суытылған, қақталған ысталған балықтарды органолептикалық зерттеу және санитарлық баға беру.

4. Консервіленген балықтың органолептикалық көрсеткіштері.

3-ші 4-ші сұрақтар бойынша лабораториялық сабаққа арналған жұмыс дәптерлеріне конспект жазу.



Сабақтың қысқаша мазмұны: Балық тұрақсыз өнім, сақтау шарттары ескерілмеген жағдайда жылдам бұзыла бастайды. Бұған балық бұлшықет ұлпасының болбыр құрылымы мен ылғалдылығының жоғары болуы, гликоген деңгейінің төмен болуы, қанықпаған май қышқылдары мөлшерінің жоғары болуы, балық сыртының шырыштанып тұруы, ферменттер белсенділігінің басым болуы қолайлы жағдай туғызады. Балықтың санитарлық зерттеуін сорты мен сапалылығын анықтау мақсатында жүргізеді. Балық зерттеуге тірідей, салқындатылған, мұздатылған, тұздалған, қақталған және ысталған күйінде түсуі мүмкін.

Балықтың партиясы деп атауы бір, өңдеу тәсілі мен сорты бір, бір өндіріс орынынан бес күн аралығында шығарылған және сапасын куәландыратын бір құжатпен рәсімделген өнімнің белгілі-бір мөлшерін айтады. Сондай-ақ, тірі балық партиясы балықтың бір түрінен ғана құралуы тиіс,ал көлік құралының бір бірлігіне салынатын теңіз балығының партиясы ұзындығы мен салмағы бірдей бір-екі балық түрінен құралуы мүмкін. Облыс, аймақ шегінен тыс жерлерге шығарылатын тірі балық партиясына малдәрігерлік куәлік жазылады. Әрбір партия зерттелуі тиіс.



Сынама алу

Өнімнің сапасын анықтау үшін зақымдалмаған тасымалдау ыдысындағы партияның әр жерінің кез-келген тұсынан таңдама алынады.



Партиядағы ішінде өнімі бар

тасмалдау ыдысының саны,

дана


Таңдама (тексеруге алынатын ішінде өнімі бар тасымалдау ыдысы) мөлшері, дана

2-25

26-90


91-150

151-280


281-500

501-1200


1201-3200

3201-10000

10001-35000

35001-150000



2

3

5



8

13

20



32

50

80



125

Тірі балықтың сапасын бақылау үшін партияның әр жерінен сорттамай-ақ салмаққа шаққанда 3% дейін балық алынады. Бір ғана сапа көрсеткіші (органолептикалық, физикалық немесе химиялық) бойынша қанағаттанарлықсыз зерттеу нәтижесі алынғанның өзінде, алғашқы таңдама мөлшеріндей өнімді қайтадан зерттейді.

Өнім сапасына органолептикалық баға беру үшін жоғарыда келтірілген кестеге сәйкес алынған тасымалдау ыдысынан 3-5кг өнімді немесе 3-5 бірлік тұтыну ыдысын, ал блок түрінде мұздатылған өнімдерден 1-2 блокты алып қарайды.

Бір дана балықтың салмағы 2 кг жоғары болса, тексеруге 3 данадан көп емес балықты алады.

Тұтыну ыдысының орамы мен өнім сапасының бүтіндігін сақтау (кеспей, тілмей, теспей, т.б.) шарты қойылған жағдайда, кесте бойынша алынған тасымалдау ыдысындағы барлық өнімге органолептикалық баға беріледі.

Зертханалық тексерулерге кесте бойынша алынып,беті ашылған ішінде өнімі бар тасымалдау ыдысынан нүктелік сынамалар алады. Нүктелік сынама алу үшін органолептикалық зерттеуге қолданылған өнімді алуға рұқсат етіледі.

Әрбір беті ашылған, ішінде өнімі бар тасымалдау ыдысының әр жерінен үш-үштен нүктелік сынама (бір дана немесе, блок балықтың бөлігі, өте ұсақ балықтың бірнеше данасы немесе үштен бір бөлігі) алып, бір-біріне қосады да, салмағы 3,0 кг аспайтын біріктірілген сынама құрайды.

Біріктірілген сынаманы мұқият қарап, одан салмағы 3,0 кг аспайтын орташа сынама бөліп алады.

Балықтың орташа сынамасының салмағы төмендегідей болуы керек:




Балық данасының салмағы, кг

Орташа сынама салмағы

0,1 және одан да аз

0,-0,5


0,5-1,0

1 кг жоғары



0,3-0,5 кг

6 балық


3 балық

3 балықтың басына жақын жерден, орта тұсынан және құйрық жағынан денесінің жартысына дейінгі тереңдікте бұлшық еттің 3 көлденең кесіндісін (1,0 кг көп емес) алады


Блок түрінде мұздатылған өнімдердің орташа сынамасының жалпы салмағы 0,6 кг аспауы керек.



2. Органолептикалық зерттеу.

Сыртқы түрі мен түсін анықтау.

Өнімнің түсін, сыртқы түрі мен тері жабынының жағдайын визуальды жолмен анықтайды.

Өнімнің түсін жаңа кесілген көлденең тілікте анықтайды, тілікті еті мол жерден жүргізеді. Мұздатылған өнімді алдын-ала жібітіп алады. Тері асты ұлпасының сарғаю деңгейін анықтау үшін балықтың терісін сыпырады: салмағы 0,5 және одан төмен балықтардың терісін бүкіл денесінен, салмағы 0,5 кг жоғары балықтардың сарғаюы мүмкін болатын жерінен сыпырады.

Консистенциясын анықтау

Жаңа ауланған балықтың консистенциясын визуальды немесе өнімді саусақпен ептеп қысу арқылы анықтайды.

Мұздатылған балықтың консистенциясын балықтың немесе өнім блогының терең қабатында температура 0-ден +5ºС-қа дейін жібітілгеннен соң барып анықтайды. Өнімнің температурасын балықтың ең қалың жерінің орта тұсынан өлшейді, ол үшін ойық жасап, оған металл жиекті термометр орналастырылады.

Тұздалған, маринадталған, қақталған, ысталған, кептірілген балық өнімдерінің консистенциясын төмендегі жолдармен анықтайды:



  • өнімнің ең етті деген жерлерін саусақпен басып көру арқылы;

  • өнімнің ең қалың жеріндегі көлденең кесіндінің шетін басып көру арқылы;

  • шайнап көру арқылы (дәмі бірге анықталады);

Өнімнің иісін анықтау

Балықтың иісі (тірісінен басқа) балықтың денесіне арқа қанаты мен басы аралығына, аналь тесігіне жақын жерден омыртқаға бағытталып енгізілген, ішкі мүшелеріне аналь тесігінен, жаралар мен механикалық зақым тиген жерлерден немесе еті ең қалың жерінен, блоктың терең қабатына енгізілген пышақ немесе шпилька бетін, сондай-ақ желбезек бетін иіскеу арқылы анықталады.

Мұздатылған балықтың иісі өнімді жібітпей, қыздырылған пышақ немесе шпильканы сұғу арқылы анықталады.

Ұсақ балықтың иісін бетіндегі шырыш иісі бойынша анықтауға рұқсат етіледі.

Тірі балықтың иісін сыртынан және желбезегінен анықтайды.

Байқау (сынама) қайнатпасы. Өнімнің иісін анықтау барысында күмән туған жағдайда қолданылады. Мұздатылған балықты алдын-ала жібітіп алады. Балықты кәдімгі кулинарлық өңдеу кезіндегідей мүшелеп, қақпағы сәл таза ашық ыдыста, бөтен иіс-қоңысы жоқ, тұздалмаған суда піскенге дейін қайнатады. Өнім мен судың ара қатынасы 1:2 болу қажет. Қайнату сынамасы кезінде және одан кейін будың, сорпаның және піскен өнімнің иісін анықтайды. Сорпа мен өнімнің иісін екінші қайталап дәмді ажырату кезінде бағалайды.

Балықтан жасалған тағамдардың дәмін анықтау

Кулинарлық өңдеусіз тұтынуға арналған балық пен балық өнімдерінің дәмін шайнау арқылы анықтайды



Ішкі мүшелердің күйін анықтау

Бұл үшін балықты қайшымен жарып ашады. Екі тілік жасайды: біреуі ақ сызық бойымен аналь тесігінен бастап желбезек доғаларына дейін, екіншісі сол жерден бастап бүйір сызығы бойымен басқа дейін.

Құрсақ қабырғасының сол жақ жартысын алып тастап, ішекті, бауырды, ұйқы безін, талақ пен бүйректерді қарайды.

Студенттер балаусалық дәрежесі жайлы қорытынды жасап, санитарлық баға береді. Нәтижелерді жұмыс дәптеріне жазып, артынан оқытушының жетекшілігімен орындалған жұмыстың сапасын сараптап, талқылайды. Жұмыс дәптерін сынақ тапсырғанда көрсетеді.



Өздік жұмыс: АКР орындау

Тірі, тоңазытылған, мұздатылған, тұздалған, кептірілген, суық және ыстық қақталған балықтың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау.

Кезекші студент 1 данадан әртүрлі балықтарды таратады және келесі көрсеткіштерді зерттейді: сыртқы түрін, консистенциясын, иісін, дәмін және балықты жарып ары қарай тексеру жүргізеді.

Студенттер органолептикалық зерттеу нәтижелері бойынша балықтың жас екендігіне қорытынды жасайды.



Тақырыбы № 2 Балықтың жас екендігін зертханалық зерттеу әдісі.

Сабақтың мақсаты: Балықты лабораториялық зерттеу және санитарлық сапасын анықтау.

Негізгі сұрақтар:

1. Сыртқы және терең қабаттарының бұлшық еттерінен жұғын-таңба жасап бактериоскопиялық зерттеу.

2. рН анықтау

3. Редуктаза үлгісі

4. Желбезекті қайнату арқылы пероксидазаға сынама қою.

5. Күкіртті сутегінің асқын тотығын анықтау.

6. Несслер реакциясы

7. Балықтың токсико-биологиялық бағасы. Балықтың улылығын және т.б. гидробиоттарды анықтау әдісі.

7-ші сұрақ бойынша конспект жазу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Кезекшіні тағайындау. Өткен практикалық сабақты қорытындылау, өтетін тақырыпты талқылау және конспектілерді тексеру. Балықты лабораториялық зерттеу әдістерін жазу. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.

Бактериоскопия

Балықты сақтау шарттары бұзылған жағдайда микробтар тері бетінен бұлшықеттің терең қабатына ене бастайды.

Екі жұғынды таңба жасайды, теріні сыпырғаннан кейін бұлшықеттің беткі және терең қабаттарынан. Грам бойынша бояп, микроскоппен қарап бағалайды.

Көрсеткіштер

Балауса

Балаусалығы күманды

Балауса емес

Микробтар саны

Боялу сипаты

Жұғындының сипаты


Микробтар жоқ немесе беткі қабатта бірен-саран коккалар мен таяқшалар;

Нашар;


Ұлпа қалдықтары байқалмайды;

Бетінде 30-60 диплококк немесе диплобактерия, тереңде 20-30 микроорганизм;

Қанағаттанарлық;

Ыдыраған ұлпа қалдықтары байқалады ;


Бетінде 60-тан астам ,басым

көпшілігі таяқшалар, тереңде 30-дан астам;

Жақсы;

ыдыраған ұлпа қалдықтары өте көп;



РН анықтау

Етке қарағанда балықтың бұлшықеттерінде рН-тың қышқыл ортаға қарай жылжуы байқалмайды. Бұл балық етінде гликогеннің аз болуына байланысты.



Әдістеме. 10г бұлшық ет ұлпасын алып, ұсақтап турап, үстіне 10 есе көп мөлшерде дистильденген су құйып, 15 минут тұндырады (экстрагирлейді). Сосын сүзеді. Пробиркаға 6 мл фильтрат құйып, 1 мл паранитрофенол индикаторын қосып, мұқият араластырады. Басқа бір пробиркаға 3-4 мл алынған қоспаны құйып, Михаэлис компараторының алдыңғы қатарының (артқы қатары жарық фильтрі жағынан) ортаңғы ұясына орналастырады.

Алдыңғы қатардың шеткі ұяларына Рн көрсеткіштері бар эталондар орналастырылады. Қоспа мен эталон түсі сәйкес келгенше эталондарды ауыстыра береді. Сәйкестік іздеп отырған рН мәні болып табылады.

Бағалау:

Рн 6,5-6,8 – балық балауса;

Рн 6,9-7,0 – балаусалығы күмәнды;

Рн 7,1 және одан да жоғары – балауса емес;



Редуктаза сынамасы

Бұл сынама балық бұлшықеттерінің бактериалдық ластануын анықтауға қолданылады. Микробтар, әсіресе шіріткіш микробтар бұлшықетке түсіп, көбею барысында ферменттер, көбінесе редуктазаны бөліп шығарады. Редуктаза қалпына келетін фермент, сондықтан индикаторды түссіздендіреді. Сынаманы қою кезінде индикатор ретінде метилен көгі қолданылады. Метилен көгі ерітіндісінің жылдам түссізденуі редуктаза белсендірек және бұлшықетте шіріткіш микроорганизмдер де көбірек дегенді білдіреді.



Әдістеме: 5г балық фаршын пробикаға салып, үстіне дистильденген су құяды, шайқап, 30 минут тұндырады. Сосын 1 мл метилен көгінің 0,1%-дық судағы ерітіндісін қосып, фарш біркелкі боялуы үшін пробирканы жақсылап шайқайды. Экстракт үстіне 1 см қалыңдықта вазелин майын құяды. Пробирканы термостатқа қойып бояудың түссіздену уақытын бақылайды және де вазелин майы астындағы көк түсті сақинаны есепке алмайды.

Бағалау:



  1. 2,5 сағаттан көп – балық балауса;

  1. 40 минуттан 2,5 сағатқа дейін – балықтың балаусалығы күманды;

  1. 20 минуттан 40 минутқа дейін – балық балауса емес;

Пероксидаза реакциясы

Пероксидаза тотыққыш фермент болып табылады, балауса балықтың бұлшықетінде ол белсенді, өнім сапасы төмендеген жағдайда оның белсенділігі төмендейді.



Реакция мәні. Бұлшықет құрамындағы пероксидаза сутегі асқын тотығын оттегі түзе отырып ыдыратады. Түзілген оттегі бензидинді тотықтырады да, парахинондиимид қосындысы түзіледі. Ол өз кезегінде тотықпай қалған бензидинмен әрекеттесіп, біртіндеп қоңырға айналатын көк түс береді.

Әдістеме: Реакцияны желбезектен алынған фильтратқа қояды, себебі қан айналымы жоғары, тотығу-тотықсыздану үрдістері белсенді жүреді және онда фермент бар. 5г желбезек кесіп алып ұсақтайды, үстіне 50 мл дистильденген су құйып, экстрагирлейді және сүзеді. 2 мл фильтрат алып, оған 5 тамшы бензидиннің 0,2%-дық спирттік ерітіндісін және 2 тамшы 1%-дық сутегі асқын тотығын тамызады.

Бағалау:


  1. прбиркада қоңырға айналатын көкжасыл түс – балық жас;

  1. пробирка түсі өзгермейді–балықтың жас екендігіне күманды немесе жас емес;

Фаршты қыздыру арқылы күкіртсутекті анықтау

Күкіртсутек бұлшықет ұлпасының ақуыздарының, әсіресе аминқышқылдарының ыдырауы арқасында жиналады, және де шіру үрдісінің бастапқы сатысы болып табылады.



Әдістеме. Кең пробиркаға 15-20г балық фаршын бос қылып (тығыздамай) салады. Содан кейін сүзгіш қағаздың жіңішке тілігіне диаметрі 4-5 мм үлкен болмайтындай етіп 10% сілтілік сіркеқышқылды қорғасын тамшысын тамызады. Тілікті пробиркаға салып, пробирканың орта тұсына дейін тұратындай етіп тығынмен бекітеді. Пробирканы су моншасына (50-55ºС) орналастырып, 15 минут ұстайды да қағазды алып шығып, реакцияны оқиды.

Бағалау:



  1. тамшы боялмаған немесе әлсіз қоңыр түсті – балық балауса;

  1. тамшы қоңыр-қызылсары түсті – балықтың балаусалығы күманды;

  1. тамшы қара-қоңыр түсті – балық балауса емес;

Аммиакты Несслер реактивімен анықтау

Аммиак бұлшықет ұлпасының ақуыздарының, көбіне құрамында күкірті бар аминқышқылдарының ыдырауы салдарынан жиналады және шіру үрдісінің басталу сатысын білдіреді.



Әдістеме: 10г балық фаршын өлшеп алып, үстіне 100 мл дистильденген су құяды және 15 минут бойы экстрагирлейді. Сүзіп, пробиркаға 2 мл фильтрат өлшеп алып, 10 тамшы Несслер реактивін тамызады. Шайқап араластырып, түсі мен мөлдірлігінің өзгеруін бақылайды.

Бағалау:


  1. пробика ішіндегі сұйықтың түсі жасыл-сары, мөлдір немесе сәл лайлы – жас балауса;

  1. қанық сары түсті, лайлы – балықтың жас екендігіне күманды;

  1. сары-қызылсары немесе қызылсары түсті, тез пайда болып тұнбаға түсетін үлпектер кездеседі– балық жас емес;

Өздік жұмыс: АКР орындау

Студенттер балықтың токсико-биологиялық бағалау әдісінің мәнін айтады. Балықтың улылығын анықтайды. Кезекші студент 4 данадан балықты таратып, балықтың улылығын анықтауда түрінің өзгеруін, өлген инфузориялардың кездесуін,

Студенттер улылығының нәтижесі бойынша балыққа санитарлық баға береді. Нәтижелерді жұмыс дәптеріне жазып, жұмысты орындау сапасын талқылайды.

Тақырыбы № 3 Балықтың балаусалығын (жастығын) зертханалық зерттеу

Сабақтың мақсаты: Зертханалық әдістер көмегімен балықтың санитариялық сапасын анықтау.

Негізгі сұрақтар:

1. Зертханалық зерттеуге балық сынамасын дайындау.

2. Бактериологиялық зерттеу.

3. рН анықтау

4. Редуктаза сынамасын қою.

5. Пероксидазаға раекция қою.

6. Фаршты қыздырған кезде күкірт сутегін анықтау.

7. Несслер бойынша аммиакты анықтау

8. Балық етіндегі ылғалдылықты анықтау

9. Уылдырықты сапасына органолептикалық зерттеу.

1,2,3,4,5,6,7 қайталау, 8,9 сұрақтарға зертханалық сабақтарға арналған жұмыс дәптерлеріне жазбаша жауап беру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекшіні тағайындау, өткен сабақтың теориялық материалын бекіту, ағымдағы тақырып бойынша сұрау, конспектілерді тексеру, Грамм бойынша бояудың, Михаэлис комператорында рН –ты анықтаудың, пероксидаза реакциясының техниасын көрсету. Әр студент балық сынамасын алып, жоғарыда көрсетілген әдістеме бойынша зерттейді. Балық етіндегі ылғалдылықты анықтау және уылдырықтың сапасына оргнолептикалық баға беру бойынша аудиториялық бақылау жұмысын жүргізу.

Өздік жұмыс: АБЖ орындау жолдары

1-ші тапсырма. Балық етіндегі ылғалдылықты анықтау.

Анықтау әдістемесі: 5г сынама өлшеп алып, құрғақ Петри табақшаларына салып, кептіргіш шкафқа қояды (өлшеуді 2 тәулік ішінде 3-4 рет жүргізеді). Өлшеудің алдында сынамасы бар табақшаны концентрленген күкірт қышқылы бар эксикаторларда суытады. Ылғалдылықты кептіргенге дейінгі және одан кейінгі ет сынамасы бар табақшалардың салмағының айырмашылығын есептеу арқылы анықтайды. Салыстыру үшін бақылау ретінде тұщы су балықтарының етіндегі ылғалдылықтың орташа мәліметтері (78-79%) қолданылады. Балық етіндегі ылғалдылықтың жалпы мөлшері жоғары болған сайын, оның сапасы төмен болады. Бұндай балық тез шіри бастайды.



2-ші тапсырма. Балық уылдырығына органолептикалық баға беру және оның сапасын анықтау.

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша балықтың санитариялық бағасы туралы қорытынды жасау. Нәтижелерді жұмыс дәптеріне жазу. Жасалған жұмыстың сапасын (дұрыстығын) талқылау.



Тақырыбы № 4 Балықты гельменттермен (құрттар) және олардың балаң құрттарымен зақымдалуын тексеру.

Сабақтың мақсаты: Адамдарға және т.б. қауіпті описторхозбен, дифиллоботриозбен және метаганимозбен зақымдалған балықтарды тексеру әдісін оқу. Балықтардың люменсцентті-спектральды анализн меңгеру. Балықтардың зиянкестеріне және улы балықтарға сипаттама беру.

Негізгі сұрақтар:

1.Гельминтологиялық зерттеу үшін сынама алу.

2.Опистархоз личинкаларына балықты тексеру.

3.Метоганизм және анизакидоза личинкаларын табу үшін балықты тексеру.

4.Тұщысу балықтарын плероцеркоидпен зақымдалуын тексеру.

5.Люменсцентті-спектральды анализ.

6.Балықтардың зиянкестерін жалпы сипаттау және зақымданған балықтарға санитарлық баға.

7.Улы балықтарға жалпы сипаттау және санитарлық баға

4, 5, 6, 7-ші сұрақтар бойынша лабораториялық сабақ үшін жұмыс дәптеріне конспект жасау.

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекші тағайындау, өткен тақырыпты сұрау, конспектілерді тексеру. Студент оқытушының көмегімен гельминттердің личинкаларымен зақымдалған балықтарды тексеру методикасын жазады.

1. Сынама алу.

Гельминтерге тексеру үшін балық партиясынан 13-30 негізіндегі орташа сынама алады. Сойып ішкі органдарын паразиттер түскен бұлшық еттерді тексереді.



2.Описторхтардың личинкаларына балықтарды тексеру.

Личинкалар арқа және құйрық бөлігінің бұлшық еттерінің ұлпаларынан табылады, ал кейде сыртқы қабыршақтарынанда табылады. Бұл жағдайда сыртқы қабықтарда 2мм тереңдікте немесе тері асты клечаткада шоғырланады. Д=0,2-0,4 мм, сопақша домалақ қалың қабықты цистода



Копрессор әдісімен тексеру

Скальпелмен арқа жүзбе қанатының бір жағының астындағы қабыршақты сылып, терісін екі бағытта кеседі. Бірінші кесу арқа жүзбе қанатының алдынан бүйір сызығына дейін перпундикуляр кеседі. Екінші кесу бірінші кескіннің аяғынан құйрық жүзбе қанатына дейін бүйір сызық арқылы. Содан кейін пинцетпен терінің шетін көтеріп және тері асты клечатка бұлшық ет үстінде қалу үшін, ақырындап 25 см2 аймақта кеседі. Бұлшық ет қабатын (0,2-0,5 см) кеседі. Оларды ұсақтап турайды, компрессорумның астыңғы шынысына салады. Микроскоппен көреді. Личинкалар айқын көрінеді. Цистаданың ішінде үлкен қара дақ көрінеді, қуық және екі сорғыш көрінеді.

Санитарлық баға:

- Балық бұлшық еті қатты зақымдалса, онда оны техникалық утилдеуге жібереді: залалдандырылған қатыру арқылы терісі бағалы аңдарға тағам ретінде қолданады.

- Жеңіл зақымдалса зарарсыздандырады; 30 мин қайнату арқылы, 15°С температурада 14 тәулік мұздату арқылы, 14% жоғары емес тұздық концентрациясында жақсы тұздау арқылы, тұздау 14 тәуліктен кем емес.

3.Адамға қатерлі анизакидоздың және метаганимоз личинкалары табылған балықты тексеру.

Метаганимоз - личинкасына күдікті балықтан қабыршығын, қанатын, желбезегін алып және заттық шыны арасына орналастырып, кіші ұлғайтқышпен зерттейді.

Метацеркарии - шар тәрізді немесе сопақша пішінде Д 0,18 0,21мм-ге дейін болады. Цистаның ішінде личинкалар көрінеді, пішіні аздап таға тәрізді. Жақсы көріну үшін қабыршақтың астыңғы жағынан жұқа қабатын алып тастайды және препаратты 5% глицериннің судағы ертіндісімен өңдейді.

Санитарлық баға:

-өңдеу жүргізеді-желбезегін, қанатын, қабыршығын алып тастайды; алынған бөлінділерді қайнатып желім жасау үшін қолданылады немесе жояды. 30 мин қайнатып залалсыздандырады немесе 18-20°С температурада 8-10 тәулік мұздатады.

Анизакидоз личинкалары 1,5 см-ге жетеді; ақшыл немесе қызыл түсті. Бұлшық етті, шажырқайды, бауырды, серозды қабықтарды, ішек қабырғаларын зақымдайды. Ұлпаларда спирал немесе үтір тәрізді жайылған, кейде капсула сияқты кездеседі. Сельдтерде арқа бұлшық еті зақымдалады.

Санитарлық баға:

- 14°С температурада личинкаларды мұздатса 7 тәулікке дейін төзімді және тірі қалады. 35 тәулікте әлсіз болады. Сол үшін балықты 20-21°С температурада бір апта мұздатып заласыздандырады.Студент оқытушының жетекшілігімен описторхоз личинкаларына балықты тексереді. Әр студент балықтан сынама алып, оны көрсетілген нұсқау бойынша тексереді. Содан кейін анализ жасап, жасалған жұмысты талқылайды. Нәтижесін жұмыс дәптеріне жазады. Аудиториялық бақылау өткізу.



Өздік жұмыс: АКР орындау

Тапсырма 1.Плероцеркоидтармен зақымдалған балықты тексеру әдістемесін жасау.

Тексеру әдістемесі. Нақты диогноз қою үшін балықтың денесін, ішек қарнын, бауыры мен уылдырығын қарайды. Комперссорлық әдіспен тексереді. Личинкалар дене қуысында, мүшелерде және бұлшық еттерде шоғырланады, олар ақ сары түсті, ұзындығы 1,5 см, ені 4-5 мм әжімдері болады. Бас жағы көлемдірек, сорғыштары бар; аяқ жағы жіңішке, сүйірленген. Бұлшық еттеріді қарап, фибринозды капсулалар табылса, диффилоботриоз личинкаларын триэнофороз личинкаларынан ажырату керек. Диффилоботриоз личинкаларының бас жағында ілмектері болмайды, триэнофороз личинкаларында 4 ілмегі болады.

Тапсырма 2 Балықты люминсцентті-спектрлі анализ жасау.

Зерттеу әдісі. Зерттеуді люминсцентті микроскоппен жасайды (арқа бұлшық еттерінің терең қабаттарынан кесінділер алады) 360-370 нм УКС әсерінен жаңадан өлтірілген балықтардың бұлшық ет ұлпасы ашық көк түс беріп жарық шығырады (флюоресцирует), ал қан тамшылыры қою қоңыр түс береді. Балықты, сусыз 10 сағат бойы, бөлме температурасында сақтаса бұлшық ет ұлпасы мен қан интенсивті түс береді.

Санитарлақ баға:

Күмәнді балық бұлшық еті күңгірт түсті, әлсіз сарғыш реңді. Қан ашық қоңыр түсті.

Балауса емес балық күңгірт ашық көк түсті, сарғыш жасыл реңді.



Тапсырма 4. Балық зиянкестері: тері жегіш қоңыз және ірімшік шыбыны.

Тапсырма 5.Улы балықтар: қос керек

Жасалынған өзіндік зертханалық жұмыстардың барлық нәтижелерін жұмыс дәптеріне жазу. Анализ жасап, қорытынды жазу.



Тақырыбы № 5 Ара өнімдерімен танысу. Балдан сынама алу тәртібі және оны зерттеуге дайындау.

Сабақтың мақсаты: Ара шаруашылығының өнімдерімен танысу; Балдан сынама алу тәртібі және оны зерттеуге дайындау; Ара шаруашылығы тарихы және ара балымен танысу.

Негізгі сұрақтар:

1.Ара шаруашылығының өнімдері.

2.Балдан сынама алу тәртібі және оны зерттеуге дайындау.

3.Ара шаруашылығының тарихы

4.Бал- азықтық өнім.

3 және 4 сұрақтар бойынша конспект жасау.



Сабақтың қысқаша мазмұны: Алдынғы өткен тақырыпты теориялық бекіту және тапсырма бойынша сұрақ–жауап алу. Оқытушының жетекшілігімен студенттер ара шаруашылығының өнімдері және балдан сынама алу тәртібінен қысқаша сипаттама жазады.

  1. Ара шаруашылығының өнімдері

Ара шаруашылығы ауылшаруашылығының дамыған бір саласы болып табылады. Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолданылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызын кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Олар: аналық ара сүті, прополис, бал ара уы;

Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген. Лабораториялық зерттеулермен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігі анықталған.

Бүгінгі таңда бал тек қана жоғарғы тағамдық өнім ғана емес сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Ара балы табиғаттың керемет сыйы. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.

Лабораториялық зерттеулер мен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігін анықтаған. Оның құрамында организмге бағалы жүздеген компоненттер бар: глюкоза, лебулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлеиенттер, минералдар, горманалды, антибактериалды тағы басқа заттар. Осы бір пайдалы да дәмді өнімді белгілі жәндіктер бал аралары өндіреді.



Балауыз- аралардың арнайы сөлінен түзілетін қатты, ұсақ түйіршікті, түссіз, қошқыл-қоңыр түсті зат. Өндірістің 40-тан астам салаларда, соның ішінде авиациялық, текстильді, фармацевтикалық, сонымен қатар медицинада, парфюмерияда және косметикада кең қолдану тапқан.

Гүл тозаңы- аралар гүлден жинайды, моносахаридтерге, минералды және белоктық заттарға, ферменттерге, витаминдерге, өсу гормондарына өте бай. Ол ара тұқымын азықтандыру үшін, аналық сүтін ферментті және балауызды өндіретің бездерді қамту үшін қызмет етеді. Тозаң концентрленген өнім болып саналады және медицинада, косметикада қолданылады.

Перга- аралармен жинап алынған және өңделеген әр түрлі өсімдіктердің тозаңдары. Ол маңызды белокты азық, оның жеткіліксіздігі ар жанұясының өмір сүруінің нашарлауына әкеледі. Ферменттердің әсерінен тозаңда сүт қышқылды ашу жүреді, осыдан түзілген сүт қышқылы тозаң мен бал қосылысын консервілеп оны пергаға айналдырады. Құамында белок, қант, май, минералды заттар, сүт қышқылы, витаминдер, гормондар бар.

Прополис- араның желімі, бал алып жүруші аралар дайындайтын шайырлы зат. Аралар прополиспен ұяның қабырғаларына жағып, тесіктерін бітеп, кәрезі ұяшықтарын сылайды. Олар стерильді және берік болу үшін. Прополистің негізгі бөлігі ретінде өсімдік шайыры, балауыз, эфирлі майлар, гүл тозаңы саналады. Құрамында әртүрлі элементтер, витаминдер, бактероицидтік, антитоксидтік, қабынуға қарсы анестезирлеуші және стимульдеу қасиеттеріне ие.

Ара уы- аралардың секторлы сөлінің өнімі, түссіз өткір иісті, күйдіргіш дәмі бар өте қою сұйықтық. Медицинада кеңінен қолданылады.

Маточное молочко – жас аралардың арнайы сөлінің секіреті, бұнымен олар балаң құрттарды және аналық араларды қоректендіреді. Спецификалық иісі және қышқыл дәмі бар желе тәрізді ақ сарғыш зат. Бұл медицинада алдын алу және емдеу мақсатында парфюмрия өндірісінде крем жасау үшін қолданылады.



2. Балдан сынама алу тәртібі және оны зерттеуге дайындау.

Балды тасмалдауға және сақтауға арналған ыдыс денсаулық сақтау органдарының рұқсат етілген, материалдарынан жасау керек (тот баспайтын болаттан, алюминийден, шыныдан жасалған, эмильденген ыдыстарымен және емен мен хвойныйдан басқа ағаш ыдыстармен).

Бал тексеруге оның иесінде ветеринариялық анықтама және омартасының ветеринариялық-санитариялық паспорты болуы керек.

Орташа сынама- өнімнің бүкіл партиясының сапасын көрсететін балдың бөлігі. Партия деп балдың ботаникалық шығу және жиналған жылы, органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері, технологиялық өңдеуден кейін уақытында базарға сату үшін жеткізу.

Ара балын сараптауға қабылдау үшін зерттеу үшін әр бір тексеруге жататын ыдыстан 100 гр ара балын алады. Егер судың мөлшерін ареометр арқылы анықтау керек болса, онда сынама мөлшерін екі есеге арттырады.

Өздік жұмыс: АКР орындау

Тапсырма 1. Ара шаруашылығының тарихы

Бал- емдік және тағамдық өнім, адам ағзасына оң әсер етіп мүшелермен ткандерді қан ман лимфаны қалпына келтіреді. Ара жер шарының ежелгі тіршілік иесі. Полентологтардың мәліметі бойынша олар алғашқы адамдарға дейін миллион жылдар бұрын пайда болған. Балдың пайдасы туралы алғашқы қауымдық адамдар дәуірінен белгілі. Ара балы бағзы заманынан бері барлық халықтар емдік мақсатта қолданған. Египеттің 3500 мың жыл бұрынғы Египеттік медициналық кітабында «Адам ағзасының барлық бөлігіне арналған дәрілерді дайындау» құрамында балы бар рецептер жазылған. Бағзы заманнан бері Қытайларда ара шаруашылығымен айналысқан. Б.з.д II- III мың жылдықта олардыі медицинасында балды емдік зат ретінде қолданған. Ежелгі Қытайдың өсімдіктер кітабында былай деп жазылған «Бал ішкі мүшелерді емдеп жазады, ағзаға күш беріп, денеге жеңілдік және өмір сүру уаытын ұзартады». Ал Үндістанда ара шаруашылығы төрт мың жыл бұрын дамыған. «Мәңгілік сусыны» кітабында бал ең күшті ағзаны қуаттандырғыш заттар құрамына кіргізілген. Үндістер балды антидот ретінеде де қолданған. Ертедегі Грек мәдениетінеде ара шаруашылығы, және балдың емдік қасиеті жөнінде көптеген деректерді байқауға болады. Грек мифологиясында балдың қасиеті туралы көптеген аңыздар бар. Гомердің «Илиада мен Одиссея» шығармашылығында балдың қасеиті туралы көп жазылған. Ал Пифогор өз еңбегінде балдың әр түрлі емдік қасиеті туралы суреттеген. Ежелгі медицина реформаторы атақты Гиппократ әр түрлі ауруларға балды қолдануда табысқа жеткен.Соңғы кездері балды жараны емдеуге қолдану туралы көптеген мәліметтер ұшырасуда. Хирург Л.М.Криницкий балды балық майымен қосып жараға, күйікке остеомелитке қарсы қолданған. А.Л.Мисников пен А.С.Лашков балды емдік мақсатта бауыр мен өт жолдары ауруларына қолданған.



Тапсырма 2. Балға азықтық тағам ретінде сипаттама беру.

Ара балы - аралардың қатысуымен гүл нәрінен алынатын тағам. Ол тәтті, хош иісті, созылмалы сұйық болып келеді, ал кей жағдайда (сақтау кезінде) консистенциясы қою, кристалды болады.

Анықтауына орай ара балы гүлден алынған ара балы және шіреден алынған ара балы болып бөлінеді. Гүлден алынған ара балы гүлдің нәрінен жиналады. Ол монофлорлы (бір гүлден) және полифлорлы ( әр түрлі гүлдерден алынған) болып келеді. Монофорлы балға жеке ағаш, қара құмық, жоңышқа, қараған т.б. өсімдектерден жиналған гүл нәрі жатады. Полифорлы далалық, қырлық, ормандық және аралас шөптерден алынады.

Шіреден алынған ара балын аралар әр түрлі бал- қарағай және қылқан жапырақты ағаштардан, сонымен қатар құрт – құмырысқалардан бөлініп шыққан тәтті заттардан алады. Шіре балын сапасы төмен деп, екінші сортқа жатқызады, бірақ оны сатуға рұхсат береді.

Балды жағрафиялық (аймақ) белгілері (башқұрттық, алтайлық, қиыр шығыстық және т.б.) мен өңдеу тәсілдеріне (кәрез бал, секциялық, өздігінен ағу, центрифугаланған) бойынша ажыратады.



Конситенциясы бойынша ара балы сұйық, қою, сироп тәріздес, кристалды болып бөлінеді.

Түсі бойынша түссіз, ақ, янтарь түстес, қоңыр түстес болып бөлінеді.

Ботаникалық тегі бойынша жоңышқа балы, күнбағыс балы, мақта балы, және т.б. болып бөлінеді.

Дәмі бойанша тәтті, тіл қуыратын, тәтті қанттың дәмі бар, ащы дәмі бар және т.б. болып бөлінеді.

Бал көптеген ауруларға, ішек қарын трактісі әсіресе асқазан және он екі елі ішектің жара ауруларына созылмалы гастрит ауруына ем ретінде қолдануға болатын керемет азықтық өнім.



Тақырыбы № 6. Балдың органолептикалық көрсеткіштерін зерттеу

Сабақтың мақсаты: Балдың органолептикалық көрсеткіштерін зерттеу әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1.Балдың органолептикалық көрсеткіштері

2. Балдың жетілгендігін анықтау

3. Балдан ерітінді дайындау

4. Балда көпіршу бар-жоқтығын анықтау.

5.Балдың құрамында доминантты тозаңдарды анықтау.

6. Балдағы механикалық қоспаларын анықтау

7. Балға берілетін ветеринариялық анықтама және куәлік

4,5,6,7 сұрақтар бойынша конспект жазу

Сабақтың қысқаша мазмұны: Алдынғы өткен тақырыпты теориялық бекіту және конспектілерін тексеру, кезекші тағайындау. Балдың органолептикалық көрсеткіштерін зерттеу әдістерін жазу.

1.Балдың органолептикалық көрсеткіштері

Бал түрі.

Ара балының түсін шыны цилиндрге құйып анықтайды. Түсі бойынша бес топқа бөлінеді: түссіз, ақшыл янтарь тәріздес (ақшыл сары), янтарь түстес (сары) және қоңыр.



Бал иісі.

Балдың иісі анық білінбесе, онда оның қақпағын жауып, су моншасында (45-49 °С) 10 минут қыздыру арқылы анықтайды. Балдың иісі әлсіз, күшті, нәзік, жағымды, ал кейде жағымсыз (шіре балының кейбір түрлері) болуы мүмкін.



Бал дәмі

Балдың дәмін, оны алдын ала 30°С дейін қыздырып барып, анықтайды.



Балдың консистенциясы

Балдың консистенциясын оған шпательді батыру арқылы анықтайды. Содан соң шпательді суырып алып, одан бал ағу сипатына қарап, балға баға береді. Жаңадан алынған бал сироп тәріздес. Бір екі айдан соң мұндай бал қоюланады. Сұйық бал шпательде азғантай ғана бал қалып, оның өзі жиі жиі тамшылап тұрады.



2. Балдың жетілгендігін анықтау

Балдың жетілгендігін 20°С температурада анықтайды. Оны қасықпен араластырып, қасықты ыдыстың үстіне үстеп арластырады. Егер бал қасықтан ағып тұрса, онда бал жетілмеген, ал бал қасыққа оралса, онда бал жетілген деп есептеледі.



3.Балдан ерітінді дайындау.

Ертіндіні балмен судың 1:2 арақатынасында дайындайды. Колбаға 60 г бал өлшеп алып 120 мл жылы дистеллденген су қосады. Толық ерігенше араластырады. Бұл «бал ертіндісі» болады.



4. Балда көпіршу бар-жоқтығын анықтау.

Балды герметикалық емес ыдыста сақтағанда және ауа құрамының ылғалдылығы жоғарылағанда балдың құрамында судың көп мөлшерде жинақталуына әкеледі. Алғаш көпіршіген кезде ароматы жоғарылап, содан кейін қышқыл иіс пайда болады. Ол тәтті дәмге ұқсайды. Көпіршу ол жиі жетілмеген балда, оның құрамында су 22% оданда жоғары болады. Балдың ащуы кезінде қолайлы температура 14-20°С. Бал көпіршіген кезде жоғарғы бетінде ақ көпіршік және көп мөлшерде газдалған көпіршіктер пайда болады. Микроскопиялық нәтиже бойынша көпіршудің қоздырғышы дрожжылар болады. Бұл балды сатуға жібермейді, өйткені ол тез ашиды.



5.Балдың құрамында доминантты тозаңдарды анықтау.

Балда шаң қоспаларын анықтау. Бал әр кезде көрінбейтін құрамында гүл тозаңдарын сақтайды. Ол балды витамин, ақуызбен қамтамасыз етеді. Тозаңның балдың құрамында болуы ол балдың қай өсімдік түрінен екені анықталады.

2 сынама (50 г-нан) араластырған балды алады. Градуирленген колбада өлшейді. Көлемін 100 мл Н2О жеткізеді. Центрифугада 5 мин ұстайды. Тұнбаны сұйықтықтан бөліп алып центрифугалайды, бұдан түзілген тұнба суспензия түріне ену үшін. Суспензияны микропипеткамен алады да, заттық шыныға тамызып термостатта 35°С та кептіріп, кедр майын тамызып, микроскоп арқылы көреді.Тозаңды дәндерді санап және доминантты тозаңды анықтайды.

Бағасы: Гүлді тозаңдардың % дық мөлшері оның жалпы массасынан төмен болмау керек.



  • лавандада 10

  • жалбыз (шалфей) 20

  • цитруста, жоңышқада, бедеде, т.б. 30

  • күнбағыста 35

  • каштанда 45

6.Механикалық қоспаларды анықтау. Олар табиғи, өсімдік тозаңы, өсімдік тозаңы (ара өлекселері, бөліктері, личинкалары) және артық (шаң, күл, т.б.) болып бөлінеді. Олар көрінетін және көрінбейтін болады. Кейінгісін микроскоп арқылы анықтайды.

Әдістеме. 50 г балды 50 мл жылы суға езеді. Ертіндіні түссіз шыны цилиндрға құйяды, механикалық қосапалар цилиндр бетіне немесе түбіне шөгеді.



7. Ветеринариялық құжаттар және куәлік

Балды базарға әкелгендегі ветеринариялық құжаттар туралы айту. Жұмыс жүргізгендегі алынған мәліметтердің қорытындысын береді.



Тақырыбы №7 Балықты санитариялық бағалау бойынша қорытынды сабақ.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Бірінші коллоквиум бойынша ауызша сұрау, білімін бағалау, баға қою, конспект тексеру. Аудитория бойынша бақылау жұмысын алу.

Коллоквиум сұрақтары:

1Зертханалық зерттеу үшін балықтан сынама алу

2.Балық өнімдерінің тәсілдері мен бағалануы

3.Тірі балықты органолептикалық зерттеу және санитарлық бағасы

4.Мұздатылған, тоңазытылған, тұздалған, суытылған, ысталған, қақталған және консервіленген балықтардың органолептикалық көрсеткіштері және санитарлық бағасы

5.Микротәсіл, балықтың токсико-биологиялық бағасы

6.Балықтың улылығын және т.б. гидробионттарды анықтау әдісі

7.Балық етіндегі ылғалдылық мөлшерін анықтау әдісі

8.Икраның сапалы екендігіне органолептикалық көрсеткіштері

9.Гельминтологиялық зерттеулерге сынама алу

10.Балықты опистархоз личинкаларына зерттеу тәсілі

11.Балықты метоганимоз және анизакидоз личинкаларына зерттеу тәсілдері

12.Тұщы су балықтарын плероцеркоидпен зақымдалуын анықтау тәсілі

13.Балықты люминсцентті спектрлі анализге тексеру

14.Балықты зақымдағыштарға жалпы сипаттама және балыққа санитарлық баға беру

15.Улы балыққа жалпы сипаттама

СОӨЖ сұрақтары.

1.Жасанды бал. Витаминді және емдік бал.

2.Балды базарда сатудағы ветеринариялық санитариялық талаптар.

1- ші, 2-ші сұрақтар бойынша жұмыс дәптеріне жазбаша жазу.



Өздік жұмыс: АКР орындау

1.Жасанды бал құрамын сипаттап айту. Витаминді және емдік балдың қалай алынатынын және қантты балдан айырмашылығын айту. Жасанды балды қанттан, араның қатынасуынсыз алынады.Түрі жағынан ара балына ұқсайды, тек химиялық құрамы жағынан айырмашылығы бар. Оны дайындау үшін қанттан сироп жасайды, 80% құрғақ заттардан тұрады, оған лимон және сүт қышқылын қосып, қайнатып ерітінді дайындайды. Сахароза фруктоза мен глюкозоға дейін ыдырайды.



Жасанды балдар

Олар қою сироп тәрізді өнім сияқты болып көрінеді,оларды сахарозаның сұйықтарын тағамдық қышқылдармен қосып қыздыру арқылы алады-ол жағдайда сахароза ептеп гидролизданып глюкоза мен фруктозаға айналады және балды эссенцияларды одан әрі қарай немесе ептеп табиғи балды қосумен алады. Оның құрамында 20%-ке жуық су, 30% дейін сахароза, 50% дейін глюкоза және фруктоза болады.

Жасанды балдардың каллориясы, табиғи балға жақын болғанымен,олардың тағамдық бағалылығы төмен, себебі оларда витаминдер,ферменттер, микробтарға қарсы қойылатын бактерицидтер және минералдық заттар жоқ. Құрамында 60 %-тен аз емесинвертті қант болады.

Тауарлық жүйеге шыны банкаларда «Жасанды бал» деген атаумен түседі.

Өңдеу тәсілдеріне қарай бал:кәрезі бал, секциялық, пресстелген, центрифугаланған бал деп ажыратылады.

Витаминді және емдік бал

Аралар қант сиропынан өңдеп оған витаминдерге байытылған шырындар мен сөлдерді қосады. Алайда,балдарда витаминдердің жоғары құрамы байқалмайды, себебі аралар олардың мөлшерін өз тұтыну көрсеткішіне дейін өзгертеді. Негізгі көрсеткіштері бойынша ондай бал қантты бал сияқты және ол фальсификат болып саналады.



Қантты бал

Аралардың қант шырынын өңдеу барысындағы өнім. Сахароза ферментінің әсерінен гидролизге ұшырайды. Түзілген қант балы табиғи бал сияқты негізінен фруктоза мен глюкоза қоспасынан құралған. Жетілу процесінде мальтоза мен кейбір басқа қанттар синтезделінеді. Ара өңдеуінің нәтижесінде оған ферменттерді, зольді элементтерді, витаминдерді, бактерицидтік заттарды енгізеді. Алайда, онда аромаикалық заттар және басқа да бағалы компоненттер болмайды. Негізгі физико-химиялық көрсеткіштері бойынша осындай балды табиғи балдан ажырату қиын. Қантты балды арнайы өңдіру және оны ара балы түрінде сату фальсификация болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет