«Өсімдіктер физиологиясы» Мамандық: 6В05101 Биология



Дата18.12.2021
өлшемі104,26 Kb.
#102842
Байланысты:
физиология


Биология кафедрасы КАРМЕНОВА Б.К.

Пәні: «ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Мамандық: 6В05101 Биология, Очная (2018, каз, 15 обуч.)



Сұрақтар

1

Фототыныс алудағы гликолат айналымы өнімі

  1. Малат

  2. Оксалат

  3. Аспартат

  4. Глиоксилат

  5. фосфоэнолпируват

2

Жарық фотосинтез қарқындылығына қалай әсер етеді?

  1. Жарық неғұрлым күшті болса, фотосинтез де пропорционалды мөлшерде күшейеді

  2. Фотосинтез қарқыны жарық күшіне кері пропорционалды

  3. Фотосинтез қарқынының жарықтан тәуелділігі S – тәрізді қисықпен бейнеленеді

  4. Фотосинтез қарқынының жарықтан тәуелділігі қос өркешті қисықпен бейнеленеді

  5. Фотосинтез қарқынының жарықтан тәуелділігі логарифмдік қисықпен бейнеленеді

3

Эвгалофиттер дегеніміз не?

1. тұзға төзімділігі жоғары өсімдіктер

2. тұзға сезімталдылығы жоғары өсімдіктер

3. құрғақ тұщы ортада өсетін өсімдіктер

4. сорғыш қабілеті төмен өсімдіктер

5. клека сөлінің осмос қысымы төмен өсімдіктер



4

Өсімдікті қандай жағдайда өсіргенде этиопластар түзіледі?

  1. жарықта

  2. қараңғыда

  3. құрғақ топырақта

  4. оранжереяда

  5. құнарлы топырақта

5

Хлорофилдің қарапайым құрылымын анықтаған кім?

  1. М.Цвет

  2. М.Ненцкий

  3. К.Тимирязев

  4. Г.Фишер

  5. Р.Вильштеттер

6

Клеткадағы қай органоид барлық құрылымдарды өзара байланыстырып тұрады және белок пен липидтердің түзілуіне, тасымалдануына қатысады ?

  1. рибосома

  2. Гольджи аппараты

  3. митохондрия

  4. эндоплазмалық тор

  5. вакуоль

7

Фотосинтез қарқыны неге байланысты?

  1. a хлорофилдің мөлшеріне

  2. b хлорофилдің мөлшеріне

  3. жарық деңгейіне

  4. оттегі мөлшеріне

  5. каротиноидтар мөлшеріне

8

Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы қандай? Теріс жауапты табыңыз.

  1. тіршілік ортасы

  2. негізгі құрылым түзгіш компонент

  3. температура реттегіш

  4. фотосинтез барысындағы оттегі көзі

  5. өсу мен дамуға қажет қуат көзі

9

Қандай судың еріткіштігі жоғары?

  1. байланысқан судың

  2. бос судың

  3. иммобильденген судың

  4. капиллиярдағы судың

  5. тұзды судың

10

Бос су мөлшері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым... Теріс жауапты жазыңыз

  1. транспирация қарқына жоғары

  2. тыныс алу қарқына жоғары

  3. фотосинтез қарқына жоғары

  4. өсу жылдамдығы жоғары

  5. құрғақшылыққа төзімділік жоғары

11

Байланысқан су неғұрлым көп болса, соғұрлым...

  1. өсімдіктің қолайсыз факторлерге төзімділігі жоғары

  2. судың қозғалу жылдамдығы жоғары

  3. өсімдіктегі зат алмасу қарқыны жоғары

  4. өсімдіктің өсу қарқыны жоғары

  5. клетканың бөліну қарқыны жоғары

12

Өсімдіктегі өрлеу бағыттағы су ағымы не үшін қажет? Теріс жауапты көрсетіңіз

  1. жер үсті мүшелерді су мен минералдық заттармен қамтамасыз ету үшін

  2. тургор қысымын қалыптастыру үшін

  3. температураны реттеу үшін

  4. улы заттарды шығарып тастау үшін

  5. топырақтағы су шығынын азайту үшін

13

Өсімдік клеткасының қай бөлігінде су мөлшері жоғары болады?

  1. ядрода

  2. цитоплазмады

  3. эндоплазмалық торда

  4. вакуольде

  5. клетка қабығында

14

Судың өрлеу ағынының қозғаушы күші...

  1. тек тамыр қысымы

  2. тек транспирация

  3. тамыр қысымы мен транспирация

  4. төменгі және жоғарғы қозғаушы күштерсіз-ақ

  5. күн сәулесі көмегімен

15

Су тапшылығы қашан пайда болады?

  1. судың булануы оның сіңірілуіне артық болғанда

  2. судың сіңірілуі оның булануынан артық болғанда

  3. судың булануы мен сіңірілуі тепе-теңде

  4. ауа ылғалдығы мен топырақ ылғалдығы жоғары кезде

  5. су тапшылығы өсімдікте болмайды

16

Осмос дегеніміз...

  1. иондардың жартылай өткізгіш мембрана арқылы клеткаға енуі

  2. иондардың жартылай өткізгіш мембрана арқылы клеткадан сыртқа шығуы

  3. жартылай өткізгіш мембрана арқылы еріткіштің өтуі

  4. ерітіндінің жартылай өткізгіш мембрана арқылы өтуі

  5. бұл жартылай өткізгіш мембрана арқылы иондардың диффузиясы

17

Химиялық потенциал дегеніміз...

  1. молекуланың энергиялық деңгейі

  2. осмостық қысым

  3. гидростатикалық қысым

  4. заттар концентрациясы өлшемі

  5. ертіндінің су сіңіргіш қабілеті

18

Судың өткізгіш түтіктерімен қозғалуына әсер ететін күш

  1. иондар потенциалының градиенті

  2. молекулалардың өзара ілінісу қабілеті

  3. фотоассимиляттар градиенті

  4. су потенциалы градиенті

  5. жалпы ағыс

19

Бір грамм құрғақ масса түзілуге жұмсалған су мөлшері

  1. транспирация қарқыны

  2. транспирация өнімділігі

  3. транспирация коэффициенті

  4. транспирация көрсеткіші

  5. транспирация тиімділігі

20

Устьицелер саңылауының жабылуы неге байланысты?

  1. қоршаған клеткалардың тургор қысымына

  2. жапыраққа жарық түсуіне

  3. траниспирация кезіндегі су булануының су сіңіруден артуына

  4. көмірқышқыл газының концентрациясы артуымен

  5. түйіскен клеткаларға көп калий иондарының енуіне

21

Фотосинтез барысындағы оттегінің шығу тегі...

  1. көмірқышқыл газынан

  2. глюкозадан

  3. судан

  4. крахмалдан

  5. фосфоглицерин қышқылынан

22

9 Хлорофилдің химиялық табиғаты.

  1. күрделі эфир

  2. фосфолипид

  3. феофетин

  4. дикарбон қышқылы

  5. полиизопен

23

Фотосинтездің жарықтағы сатысы қайда өтеді?

  1. хлоропласт стромасында

  2. хлопластың ішкі мембранасында

3. хлопласт тилакоидтарында

  1. хлопластың сыртқы мембранасында пигмент-белок жинағында

  2. хлопластың матриксінде

24

Реакциялық орталық дегеніміз...

  1. тилакоидтағы орын

  2. грана бөлігі

  3. П 700 және П 680 пигменттерінің белокпен жинағы

  4. антенналық пигмент-белок жинағы

  5. суды тотықтырғыш пигмент-белок жинағы

25

II фотожүйеге кірмейді

  1. П 680

  2. Z

  3. S

  4. ферредоксин

  5. феофетин

26

Көмірқышқыл газының негізгі байланысу жолы С3-жол деп неге аталады?

  1. 3 молекула глюкоза түзілетіндіктен

  2. 3 кезеңнен тұратындықтан

  3. алғашқы өнім 3-фосфоглицерин қышқылы (триоза) болғандықтан

  4. СО2 -нің триозалармен байланысатынынан

  5. үш көміртекті қосылыс-фосфоэнолпируват түзілетіндіктен

27

1 СО2-нің С3-жолымен байланысқандағы алғашқы өнімі...

  1. қымыздық сірке қышқылы(ЩУК)

  2. фосфоглицеральдегид

  3. фосфоглицерин қышқылы

  4. глюкоза

  5. рибулозофосфат

28


Судың клеткағы енетін басты жолы қалай?

  1. диффузия

  2. пассивті сіңірілу

  3. активті, энергия жұмсау арқылы

  4. осмостық сіңірілу

  5. молекулалық байланыстар әсерімен

29

Осмостық белсенді заттарға қай оргонелла бай?

  1. протопласта

  2. митохондриялар

  3. вакуоль

  4. хлоропластар

  5. сферопластар

30

Плазмолиз дегеніміз не?

  1. клетканың ісінуі

  2. судың сыртқа шығуына байланысты протопластың көлемі кішірейіп, қабықтан ажырауы

  3. заттардың секреттенуі

  4. судың клеткаға енуі

  5. вакуольдың клетка қабығына түсіретін қысымы

31

Ашық электрон тасымалдағыш тізбек қайда орналасқан

  1. Хлоропластың сыртқы мембранасында

  2. жарықжинағыш жинағында

  3. тилакоид мембранасында

  4. хлорапласт стромасында

  5. грана тилакоидының қуысында

32

Тұйық электрон тасымалдағыш тізбекте электрон мынандай тәртіппен тасымалданады. Теріс жауапты көрсетіңіз

    1. Цитохром b6 темірлі-күкіртті белок

    2. цитохром f пластоцианин

    3. Ферредоксин цитохром b6

    4. Ферредоксин ФАД

    5. темірлі-күкіртті белок цитохром f

33

Кальвин циклі өнімі

1. оксалоацетат

2. малат

3. пируват

4. фосфоэнолпируват

5. фосфоглицерат



34

Хетч-Слек циклі өнімі

1. гликолат

2. глиоксилат

3. гидроксипируват

4. малат

5. серин



35

. Кальвин циклі ферменті

1. малатдегидрогеназа

2. транскетолаза

3. фосфоэнолпируваткиназа

4. аминотрансфераза

5. оксигеназа



36

Хетч-Слек циклінің негізгі ферменті

1. фосфоэнолпируваткарбоксилаза

2. рибулозодифосфаткарбоксилаза

3. гликолатоксидаза

4. аминотрансфераза

5. оксигеназа



37

Мыналардың қайсысы макроэлементтер қатарына жатады?

1. Co


2. Mo

3. Mn


4. Mg

5. Cu


38

Микроэлементтер қатарына қай элемент жатпайды?

1. марганец

2. кремний

3. мыс


4. молибден

5. бор


39

Нитрификация дегеніміз...

1. күрделі, көпсатылы, бірнеше топтағы бактериялардың қатысуымен жүретін аммонийдың тотығу процесі

2. екі топтағы арнайы бактериялардың қатысумен жүретін екі сатылы тотығу процесі

3. екі топтағы арнайы бактериялардың қатысумен жүретін үш сатылы азоттың тотығуы

4. үш топтағы бактериялардың қатысумен жүретін екі сатылы

процесс


5. үш топтағы бактериялардың қатысумен жүретін үш сатылы

күрделі процесс



40

Қай гормон клетканың созыла өсуіне әсер етеді?

1. гиббереллин

2. ауксин

3. цитокинин

4. АБҚ

5. этилен



41

Жапырақ түсерде қай гормон бөлгіш қабаттың пайда болуын қамтамасыз етеді?

1. АБҚ


2. ауксин

3. зеатин

4. гиббереллин

5. этилен



42

Апикальдық басымдылыққа қай гормон жауапты?

1. этилен

2. ауксин

3. кинетин

4. АБҚ

5. гиббереллин



43

Қай гормон сабақтың өсуіне оң әсер етеді?

1. ауксин

2. АБҚ

3. этилен



4. гиббереллин

5. цитокинин



44

Гиббереллиндер қандай қосылыстан түзіледі?

1. триптофаннан

2. ацетил-КоА-нен

3. экстенсин белоктан

4. этанолдан

5. глицераттан



45

Қай гормон жемістің пісуін жеделдетеді?

1. гиббереллин

2. этилен

3. ауксин

4. АБҚ

5. цитокинин



46

Өсімдіктің терең солу себептері неде?

1. траспирация

2. топырықтағы тиімді ылғалдың тапшылығы

3. атмосфералық құрғақшылық

4. әуәнің жоғары температурасы

5. күн сәулесі күші



47

Тұрақты су тапшылығының белгісі қандай?

1. ұлпалардағы су тапшылығының тал түстегі сақталуы

2. ұлпалардағы су тапшылығының кешкі мезгілдегі сақталуы

3. ұлпалардағы су тапшылығының таңертеңгі мезгілде сақталуы

4. ұлпалардағы су тапшылығының түнгі мезгілде сақталуы

5. ұлпалардағы су тапшылығының түн ортасындағы орын алу



48

Стресс кезінде мына қосылыстардың қайсысының мөлшері азаяды?

1. стрестік белоктардың

2. пролиннің

3. қанттардың

4. ауксиннің

5. өсу ингибиторларының (АБҚ мен этилен)



49

Стрессор әсер еткенде қандай құблыстар байқалады?

1. мембрана өткізгіштігі артады

2. кальций иондарының клетка қабығынан және органоидтардан цитоплазмаға енуі артады

3. тыныс алу қарқындйды

4. мембранамен байланысқан АТФ-азаның белсенділігі артады

5. түзілу процестері артады



50

тұзды топыраққа бейімделген өсімдіктерді қалай атайды?

1. гликофиттер

2. галофиттер

3. гигрофиттер

4. гидрофиттер

5. ксерофиттер



51

Өсімдіктердің cуыққа төзімділігі қандай қосылыстардың жоғары мөлшеріне байланысты?

1. қанттардың

2. белоктардың

3. майлардың

4. бос судың

5. байланысқан судың



52

Ауыр металдардың әсер ету табиғаты қандай?

1. ферменттердің байланысып олрадың белсенділігін тежейді

2. тыныс алу қарқынын арттырады

3. тотыға фосфорлануды арттырады

4. фотосинтез шығымы артады

5. протоплазманың тұтқырлығы төмендейді



53

Кребс циклінің негізгі және түпкілікті өнімі

1. СО2 мен О2

2. СО2, НАДФН, ФАДН

3. қымыздық сірке қышқылы мен пируват

4. СО2 мен АТФ

5. қымыздық сірке қышқылы мен АДФ



54

Тыныс алудағы оттегінің ролі

1. СО2 түзу

2. АТФ түзу

3. су түзу

4. пируватты тотықтыру

5. малатты тотықтыру



55

Электрон тасымалдағыш тізбк қайда орналасқан?

1. митохондрияның ішкі мембранасында

2. митохондрияның сыртқы мембранасында

3. цитоплазмада

4. митохондрия матриксінде

5. митохондрияның мембранааралық қуысында



56

Анаэробты дегидрогеназалар дегеніміз

1. электронды оттегіне жеткізгіш

2. электронеды, протонды аралық акцепторға және аэробты дегидрогеназаларға тасмалдағыш

3. электронды аралық акцептордан ажыратқыш

4. электронды оттегінен ажыратып алғыш

5. электронды НАД-тан ажыратқыш ферменттер



57

Аэробты дегидрогеназалар дегеніміз

1. электронды оттегінен бөліп алғыш

2. электронды ФАДН-қ тасымалдағыш

3. электронды НАДН-қа тасымалдағыш

4. электронды оттегіне жеткізгіш

5. протонды ФАД-тан ажыратқыш ферменттер



58

Оксидазалар дегеніміз

1. анаэробты дегидрогеназалар

2. электронда НАД-қа тасымалдағыш

3. электронды ФАД-қа тасымалдағыш

4. электронды оттегінен ажыратқыш

5. электронды оттегіне тасымалдағыш ферменттер



59

Цитохромдар дегеніміз

1. анаэробты дегидрогеназалар

2. мысты протеидтер

3 темірлі протедтер

4. оксигеназалар

5. флавинді ферменттер



60

Гликолиз қайда жүреді?

1. митохондрияда

2. вакуольде

3. эндоплазмалық торда

4. ядрода

5. цитоплазма мен хлоропласта



61

фосфоглюкомутазаның атқаратын қызметі

1. глюкозо-6-фосфатты тотықтыру

2. глюкозо-1-фосфатты ттықтыру

3. глюкозо-1-фосфатты глюкозо-6-фосфатқа айналдыру

4. глюкозо-6-фосфатты глюкозо-1-фосфатқа айналдыру

5. глюкозаны глюкозо-6-фосфатқа айналдыру




62

Гликолиз кезінде АТФ түзілетін реакция

1. глюкозо-1-фосфат→глюкозо-6-фостат

2. 3-фосфоглицерин альдегиді→1,3-дифосфоглицерат

3. фосфодиоксиацетон→3-фосфоглицерин альдегиді

4. 1,3-дифосфоглицерат→3-фосфоглицерат

5. энолпируват→пируват



63

Гликолиз кезіндегі тотығу реакциясы

1. энолпируват→пируват

2. 3-фосфоглицерин альдегиді→1,3-дифосфоглицерат

3. 3-фосфоглицерат→2-фосфоглицерат

4. фруктозо-1,6-дифосфат→3-фосфоглицерин

5. фосфоэнолпируват→энлпируват



64

Кребс циклі қайда жүреді?

1. митохондрияның ішкі мембранасында

2. митохондрияның сыртқы мембранасында

3. митохондрияның матриксінде

4. цитоплазмада

5. митохондрияның мембранааралық қуысында



65

Кребс циклінің пируват тотыққанда неше молекула СО2 бөлінеді?

1. 3


2. 2

3. 1


4. 5

5. 0


66

Бір молекула глюкоза тотыға ыдырағанда қанша АТФ түзіледі?

1.30


2. 38

3. 36


4. 40

5. 8


67

Глиоксилат циклінің маңызы

1. пируватты май қышқылына айналдыру

2. сукцинатты тотықтыру

3. глиоксилат қышқылын түзу

4. глиоксилат қышқылын тотықтыру

5. май қорын тыныс алу кезінде тиімді пайдалану



68

Глиоксилат циклнің жүру әртібі. Теріс жауапты кқрсетіңіз

1. цитрат→цисаконитат

2. малат→оксалоацетат

3. ацетал-КоА+глиоксилат→малат

4. малат+ацетил-КоА→цитрат

5. цис-аконитат→изоцитрат



69

Митохнодриядағы АТФ-тың түзілуі неге байланысты?

1. протондардың электрохимиялық потенциалына

2. макроэргті қосылыстардың түзілуімен

3. мембраналық белоктар түзілуімен

4. субстраттық фосфорланумен

5. фотофосфорланумен



70

Онтогенездің тыныс алу қарқынының өзгеруі

1. жас өсімдіктерге жоғарғы қарқын тән

2. қартайған өсімдікте тыныс алу қарқыны жоғары

3. дәннің өнуі кезінде тыныс алу қарқыны төмен

4. гүлдің тыныс алу қарқыны төмен

5. пісіп жетілген масақтардың тынысалу қарқыны жоғары



71

Тыныс алу мен ашу процестерінің бастамасында тұрған қандай қосылыс?

1. қымыздық сірке қышқылы

2. пиожүзім қышқылы

3 янтарьқышқылы

4. а-кетоглутар қшқыды

5. изолимон қышқылы



72

Гликолиз реакциялары қайда жүреді?

1. цитоплазмада

2. митохондрияда

3. Гольджи аппаратында

4. ядрода

5. рибосомада



73

Гликолиз неше кезеңнен тұрады?

1. 1


2. 2

3. 3


4. 4

5. 5


74

Гликолиздің дайындық кезеңі немен аяқталады?

1. глюкозо-6-фосфаттың үзілуімен

2. фруктозо-6-фосфаттың түзілуімен

3. фруктозо-1,6-фосфаттың түзілуімн

4. фосфатриоздың екі молекуласының түзілуімен

5. пирожүзім қышқыдының түзілуімен



75

Гликолиздің екінші кезеңі кезеңі немен аяқталады?

1. бірінші субстраттық фосфорланумен

2. екінші субстраттық фосфорланумен

3. гексозалар фосфорлануымен

4. фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуімен

5. фосфоэнолпирожүзім қышқылының түзілуімен



76

Гликолиздің үшінші кезеңі немен аяқталады?

1. НАДФН түзілуімен

2. пирожүзім қышқылының түзілуімен

3. фосфоглицерин қықылының түзілуімен

4. АТФ түзілуімен

5. фосфодоксиацетон түзілуімен



77

Гликолизді жан-жақты зерттеп анықтаған кім?

1. Гарден

2. Иванов

3. Эмбден, Майергоф, Парнас

4. Тунберг

5. Кребс



78

Қай фермент оксидазалар қатарына жатпайды?

1. цитохром жүйесі

2. полифенолоксидаза

3. аскорбитоксидаза

4. каталаза

5. изоцитратдегидрогеназа



79

Цитохромдар жүйесіне не енбейді?

1. циторомоксидаза

2. цитохром в

3. цитохом с

4. цитохром аа

5. убихинон



80

Мыналардың қайсысы гликолиздің қызметіне жатпайды?

1. тыныс алу убстраттары мен Кребс циклін байланыстыру

2. АТФ түзу

3. аралық өнім түзу

4. НАДФН түзу

5. үшкарбон қышқылдарын түзу



81

Неге гликолизді глюкозаның тотыға ыдырауының дихотомиялық жолы дейді?

1. гликолиз екі кезеңнен тұрғандықтан

2. глюкозаның екі триозға ыдырауы себепті

3. екі ферменттер жүйесі қатысқандықтан

4. екі молекула гексоздар қатысқандықтан

5. екі молекула АТФ түзілгендіктен



82

Кребс циклі жүру үшін ненің қажеті жоқ?

1. оттегінің

2. пирожүзім қышқылының

3. митохондрияның

4. мультиэнзим кешенінің

5. жарықтың



83

Кребс циклінің ферменттері....

1. альдолаза

2. малик-энзим

3. гликолатоксидаза

4. сукцинатдегидрогеназа

5. транскетолаза



84

Кребс цикліндегі АТФ түзілу субстратты фосфорлану қай қышқылының тот ығуымен байланысты?

1. лимон қышқылы

2. цис-аконит қышқылы

3. фумар қышқылы

4. α-кетоглутар қышқылы

5. янтарь қышқылы



85

Тыныс алудың негізгі субстраттары қатарына қай қосылыс жатпайды?

1. қанттар

2. майлар

3. белоктар

4. органикалық қыщқылдар

5. нуклеин қашқалдары



86

Тотыға фосфорлану деген не?

1. электроннның электрон тасыладағыш тізбекпен тасымалдануыы барысындағы АТФ-тың фосфорсыздануы

2. электрон тасымалына тәуелсіз АДФ-тың фосфорлануы

3. электрон тасымалымен қатар АДФ-тың фосфорланып АТФ-тың түзілуі

4. АДФ-тың АТФ түзбей-ақ фосфорлануы

5. электрон тасымалынсыз-ақ АТФ-тың фосфорсыздануы



87

Кребс циклінің ферменті.

1. глицерофосфатдегидрогеназа

2. фосфоглюконатдегидрогеназа

3. малатдегидрогеназа

4. глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа

5. фосфатаза



88

Тыныс алу барысындағы бөлініп шыққан көмірқышқылының сіңірілген оттегіне қатынасы қалай аталады?

1. тыныс алу бақылауы

2. тыныс алу коэффициенті

3. тыныс алу жылдамдығы

4. тыныс алу қарқыны

5. тыныс алу тиімділігі



89

Қай қосылыс тотыққанда ең жоғары тыныс алу коэффициенті байқалады?

1. гексоздар

2. май қышқылдарф

3. қымыздық қышқылы

4. глютамин қышқылы

5. белоктар



90


Митохондрияның АДФ мөлшеріне байланысты оттегін сіңіру процесі қалай аталады?

      1. тыныс алу бақылауы

      2. тыныс алу коэффициенті

      3. тыныс алу қарқыны

      4. Пастер эффектісі

      5. тыныс алу тиімділігі

91

СО2-нің жоғары концентрациясы тыныс алуға қалай әсер етеді?

          1. оттегін сіңіруді арттырады

          2. оттегін сіңіруді тежейді

          3. тыныс алуға еш әсер етпейді

          4. дәннің тыныштық күйін үзеді

          5. декорбоксиндену процесін арттырады

92

Ксилема сөліндегі басты қосылыс не?

              1. органикалық қышқылдар

              2. аминдер мен амин қышқылдары

              3. бейорганикалық заттар

              4. сахароза

              5. моносахаридтер

93

Ксилеманың иондармен толығу механизмдері қандай?

            1. протон насостары

            2. сорғыш күш

            3. осмос қысымы потенциалы

            4. калий насосы

            5. пасивті тасымал

94

Флоэма сөлінің құрамындағы басты қосылыс не?

            1. моносахаридтер

            2. сахароза

            3. азотты қосылыстар

            4. органикалық қышлылдар

            5. АТФ

95

Флоэманың заттармен толу механизмі қандай?

            1. сорғыш күш

            2. осмос қысымы потенциалы

            3. протондық насос

            4. пассивті тасымал

            5. диффузия

96

Толық немесе жартылай гетеротрофты мүшелерге не жатпайды?

              1. тамыр

              2. бүршік

              3. жеміс

              4. жапырақ

              5. ұрық

97

Клеткалары бөлінбейтін ұлпа қайсы?

  1. перицикл

  2. прокамбий

  3. феллоген

  4. камбий

  5. эпидерма

98

Тотипотенттік дегеніміз

  1. жекелеген бір клеткадан бүтін өсімдіктің түзілуі

  2. форма түзілу процесі, яғни клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің пайда болып өсіп дамуы

  3. әр клетканың өз даму жолын айқындауы

  4. клеканың жеке қызметтік жолға түсуі

  5. клетканың қартаю алдындағы соңғы даму кезеңі

99

Қай гормон клетканың созыла өсуіне әсер етеді?

  1. гиббериллин

  2. ауксин

  3. цитокинин

  4. АБҚ

  5. этилен

100

Жапырақ түсерде қай гормон бөлгіш қабаттың пайда болуын қамтамасыз етеді?

  1. АБҚ

  2. ауксин

  3. зеатин

  4. гибберрилин

  5. этилен

101

Плазмолеманың қызметтік белсенділігі оның құрамындағы қай қосылысқа байланысты?

    1. белоктарға

    2. қанттарға

    3. фенолдарға

    4. майларға

    5. Органикалық қышқылдарға

102

Қандай қызмет плазмолеммаға тән емес?

          1. қорғаныс

          2. сұрыптай тасымалдау

          3. тосқауыл

          4. секреттегіш

          5. механикалық тірек

103

Қандай сәуле фотосинтез тиімділігін көбірек артырады?

            1. Қызыл

            2. Жасыл

            3. Сары

            4. Күлгін

            5. Көк

104

Қарқынды фотосинтез қандай жағдайда байқалады?

        1. Жеңіл су тапшылығында

        2. Қатты су тапшылығы кезінде

        3. Жапырақтағы су мөлшеріне тәуелді емес

        4. Сумен толық қаныққанда

        5. Устьицелер саңылаулары жабық кезде

105

Мына қызметтердің қайсысы клетка қабығына тән емес?

        1. қорғаныш

        2. абсорбциялау

        3. ионалмастырғыш

        4. энергия өзгерткіш

        5. ішкі тұрақтылықты сақтағыш

106

Мына қосылыстардың қайсысы клетка қабығы құрамына енбейді?

        1. целлюлоза

        2. лигнин

        3. балауыз (воск)

        4. суберин

        5. цитозин

107

Бос секілді кеңістік дегеніміз не?

        1. плазмолемма мен қабық аралығы

        2. симпласт

        3. клетка қабығындағы молекулааралық кеңістік

        4. протопласт

        5. плазмодесма

108

Қай оргонелла тек өсімдік клеткасына тән?

        1. плазмалемма

        2. ядро

        3. эндоплазмалық тор

        4. вакуоль

        5. рибосома

109

Төменде келтірілген органоидтардың қайсысы тек өсімдік клеткасына тән?

        1. рибосомалар

        2. пластидтер

        3. лизосомалар

        4. митохондриялар

        5. ядро

110

Келтірілген құрылымдардың (оргоноидтардың) қайсысы тек өсімдікке тән?

        1. Гольджи аппараты

        2. митохондрия

        3. целлюлозалық клетка қабығы

        4. рибосомалар

        5. ядро




111

Лизосомалар қандай қызмет атқарады?

        1. клеткалық тыныс алуға қатысады

        2. әртүрлі заттардың ыдырауын жүргізеді

        3. фотосинтезді іске асырады

        4. тұқым қуалау, нәсілдік мағлұматты ұрпақтан ұрпаққа таратады

        5. белок түзуге қатысады

112

Рибосомалар қандай қызмет атқарады?

        1. зат алмасу өнімін сыртқа шығару

        2. фотосинтезге қатысады

        3. тыныс алуға қатысады

        4. белоктың түзілуін жүргізеді

        5. клетканың қозғалуын іске асырады

113

Аталған органоидтардың қайсысының табиғаты мембраналық емес?

          1. Гольджи аппараты

          2. рибосома

          3. митохондрия

          4. хлоропласт

          5. эндоплазмалық тор

114

Рибосомалық РНҚ қайда түзіледі?

          1. ядрода

          2. ядрошықтар

          3. эндоплазмалық тор

          4. Гольджи аппаратында

          5. рибосомада

115

Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор қандай қызмет атқарады?

          1. мембраналық белок синтезі

          2. липидтер синтзі

          3. полисахаридтер синтезі

          4. пигменттер синтезі

          5. гликопротеидтердің түр өзгерісі

116

Тамыр қысымы дегеніміз...

  1. төменгі бағытта ағынды қамтамасыз ететін тетік

  2. су тасымалының төменгі қозғаушы күші

  3. иондар тасымалын қамтамасыз ететін қуат

  4. заттардың радиалды бағытта тасымалдағыш күш

  5. бұндай түсінік жоқ

117

Пасока дегеніміз...

  1. өсімдіктің жер үсті бөлігін қиып тастағандығы түбірден бөлініп шығатын ксилемалық сөл

  2. жапырақ ұшынан бөлініп шығатын зат

  3. тамыр жүйесінің бөлінділері

  4. флоэмалық заттар

  5. өсімдік сорасы

118

Су тасымалының жоғары қозғаушы күші не?

  1. гуттация

  2. транспирация

  3. ассимиляция

  4. фотосинтез

  5. хемосинтез

119

Клеткадағы байланысқан судың көп мөлшерде болуы неге байланысты? Теріс жауапты табыңыз

  1. азотты тыңайтқыштың жоғары деңгейіне

  2. фотосинтез жоғары қарқындылығында

  3. транспирацияның жоғары ырықтылығына

  4. фотоассимиляторлардың көп түзілуіне

  5. су тапшылығы болмауына

120

Мына иондардың қайсысы судың тұтқырлығын көбірек арттырады?

  1. натрий

  2. магний

  3. аммоний

  4. литий

  5. фтор

121

Белгілі бір ионмен байланысқан суды қалай атайды?

  1. осмосты байланысқан

  2. бос

  3. қатты байланысқан

  4. әлсіз байланысқан

  5. иммобильденген су деп атайды

122

Симпласт деген не ?

  1. клетка қабығы жүйесі бірлестігі

  2. плазмодесмалар жүйесі

  3. протопласттар жүйесі бірлестігі

  4. эндоплазмалық торлар жүйесі бірлестігі

  5. микрофибриллалар жиынтығы

123

Байланысқан суды қалай атайды? Теріс жауапты табыңыз

  1. коллоидты байланысқан

  2. осмос байланысқан

  3. иммобильденген

  4. митохондриялық

  5. капиллярлы

124

Хлорофилдер толқын ұзындығы қандай сәулені сіңіре алады ?

  1. 550-600 нм

  2. 630-660 нм

  3. 300-350 нм

  4. 400-420 нм

  5. 500-550 нм

125

Каротиноидтардың атқаратын қызметі...

  1. қызыл сәулені сіңіру

  2. жасыл сәулені сіңіру

  3. хлорифильді тотығудан сақтау

  4. фотофосфорлану процесіне қатысу

  5. ультракүлгін сәулені сіңіру

126

Тилакоид дегеніміз...

  1. хлопластың сыртқы мембранасы

  2. хлопластың ішкі мембранасы

  3. ішкі мембраналардың ішке қарай өскенде пайда болатын құрылым

  4. митохондрия матриксы

  5. хлоропласт стромасы

127

I фотожүйеге кірмейді

  1. НАДФ

  2. П 700

  3. темірлі-күкіртті белок

  4. пластоцианин

  5. пластохинон

128

Фотосинтездің жарық сатысының өнімі...

  1. көмірсу (қант)

  2. оттегі

  3. су

  4. көмірқышқыл газы

  5. НАД

129

Фотофосфорлану жүретін орын...

  1. митохондрияның ішкі мембранасында

  2. хлорапластың сыртқы мембранасында

  3. хлорапластың стромасында

  4. грана тилакоидының мембранасында

  5. хлорапласт стромасының тилакоидында

130

С3-өсімдіктердегі СО2-нің алғашқы акцепторы не?

1. фосфоэнолпируват

2. рибулозо-1,5-дифосфат

3. фосфоглицерат

4. рибулозо-5-фосфат

5. рибозо-5-фосфат



131

Транспирация түрлері қандай? Теріс жауапты көрсетіңіз...

  1. устьицалық

  2. кутикулалық

  3. перидермалық

  4. бүршіктік

  5. тамырлық

132

1000 г су транспирацияланганда түзілетін құрғақ биомасса ненің көрсеткіші?

  1. транспирациялық коэффициент

  2. транспирация қарқыны

  3. транспирация өнімділігі

  4. транспирация жылдамдығы

  5. транспирация тиімділігі

133

Транспирация қарқыны деген не?

  1. белгілі бір уақыт пен ауданға шыққандағы сіңірілген су мөлшерлері

  2. буланған судың белгілі мөлшеріне сай, жиналған құрғақ биомасса

  3. 1 сағатта 1 г құрғақ биомассаға немесе белгілі бір ауданға шаққандағы буланған су мөлшері

  4. 1 г құрғақ биомасса түзілуге жұмсалатын су мөлшері

  5. 1000 г су буланғанда түзілетін құрғақ биомасса

134

Устьицалық транспирацияны реттеуге не қатысады? Теріс жауапты көрсетіңіз

  1. қоршаған клеткалар

  2. тургор қысымы

  3. калий иондары

  4. абсциз қышқылы

  5. жарық

135

СО2-ні С3-жолымен байланыстыратын негізгі ферменті қайсы?

1. фосфорибулокиназа

2. альдолаза

3. транскетолоза

4. триозофосфатдегидрогеназа

5. рибулозодифосфатдегидрогеназа



136

СО2-ні С4-жолымен байланыстыратын негізгі ферменті қайсы?

1. фосфоэнолпируваткарбоксилаза

2. карбоксилсіздендіргіш малатдегидрогеназа

3. гликолатоксидаза

4. глицераткиназа

5. аминотрансфераза



137

Кальвин циклінің өнімі. Теріс жауапты көрсетіңіз.

1. фосфоглицерат

2. эритрозо-4-фосфат

3. фосфодиоксиацетон

4. фосфогликолат

5. фосфоглицерин альдегиді



138

Фотофосфорлану дегеніміз...

1. фотосинтез барысындағы АТФ-тың гидролизі

2. тилакоид мембранасы арқылы протон тасымалы

3. НАДФН-тың түзілуі

4. фотосинтез барысындағы АТФ түзілу

5. I және II фотожүйелердің арақатынасы



139

Органикалық қосылыстар түзуге қай элемент қатынаспайды?

1. көміртегі

2. оттегі

3. азот


4. калий

5. сутегі



140

Өсімдік клеткаларының қабығын құрайтын негізгі элемент?

        1. гемицеллюлоза

        2. целлюлоза

        3. пектинді заттар

        4. лигнин

        5. суберин

141

Келтірілген органоидтардың қайсысы тек өсімдікке тән?

    1. Гольджи аппараты

    2. Митохондрия

    3. Целлюлозалық клетка қабығы

    4. Рибосомалар

    5. Ядро

142

Заттардың мембрана арқылы активті тасымалы дегеніміз...

        1. энергия жұмсамай-ақ

        2. метоболиттік энергия көмегімен

        3. концентрациялық градиентпен

        4. электрохимиялық градиентпен диффузия арқылы

        5. осмос қысымы градиентімен

143

Заттардың мембрана арқылы пассивті тасымалды дегеніміз...

        1. электрохимиядлық градиентке қарсы бағытта

        2. осмос қысымы градиентіне қарсы

        3. метаболиттік энергия көмегімен

        4. электрохимиялық градиентімен диффузия арқылы

        5. . мембраналық потенциалмен

144

Хлоропластың мүмкін өзгерістері

        1. протопластидке

        2. лейкопластқа

        3. хромопластқа

        4. амилопластқа

        5. әрқашанда хлоропласт күйінде қалады

145

Апоплас дегеніміз...

        1. протопластар жүйесі бірлестігі

        2. клетка қабығы жүйесі бірлестігі

        3. эндоплазмалық торлар жүйесі бірлестігі

        4. микрофибриллалар жиынтығы

        5. плазмодесмалар жүйесі

146

Макроэлементтер қатарына қай элемент жатпайды?

1. фосфор

2. күкірт

3. калий


4. хлор

5. кальций



147

Ең алғаш ашылған фитогормон

1. цитокинин

2. гибберллин

3. ауксин

4. этилен

5. АБҚ


148

Қай фитогормон фитопатогенді саңырауқұлақтан алынды?

1. цитокинин

2. гибберллин

3. этилен

4. АБҚ

5. ауксин



149

Төмен оң температураның өсімдікке залалды әсері. Теріс жауапты көрсетіңіз

1. мембрананың өткізгіштігінің өзгеруі

2. тургор қысымының төмендеуі

3. су сіңірудің артуы

4. белок ыдырауының артуы

5. ұлпаларда азоттың ерігіш түрлерінің артуы



150

Төменгі теріс температураның өсімдікке әсері. Теріс жауапты көрсетіңіз

1. клеткада мұз түзілу

2. өсі ингибиторларының артуы

3. клетканың сусыздануы

4. мембранаың зақымдануы

5. клеткадағы иондардың сыртқа шығуы



151

Галофиттер тұздан қалай сақтанады. Теріс жауапты көрсетіңіз№

1. тұзды вакуолінде шоғырлардырады

2. арнайы құрылымдар арқылы тұзды сыртқа шығарады

3. өсуді жеделдетеді

4. жапырағын түсіру арқылы тұздан тазаланады

5. тамыр арқылы тұздарды қабылдамауға тырысады



152

Өсімдікті төменгі температураға шыңдағанда қандай өзгерістер болады? Терім жауапты көрсетіңіз

1. ауксин мөлшері азаяды

2. гиббереллин мөлшері азаяды

3. АБҚ мөлшері артады

4. криопротектолар мөлшері артады

5. өсуді жеделдеткіш гормондар түзіледі



153

Өсімдіктің төменгі температураға бейімделуі. Теріс жауапты көрсетіңіз

1. мембрана өткізгіштігін жоғары деңгейге ұстау

2. крахмалдың гидролизінебола қанттың мөлшерін жоғары ұстау

3. гидрофильді белок мөлшерін арттыру

4. крахмал түзудің қарқының көтеру

5. қор заттарды жинақтау




154

Өсімдіктердің аязға төзімділігін зерттеуге қай ғалым үлкен үлес қосты?

1. М.Чайхалян

2. И.Туманов

3. В. Полевой

4. А. Курсанов

5. П. Генкель



155

Аязға төзімділігі арту үшін өсімдік қанша шыңдау кезеңінен өтуі керек?

1. 2


2. 3

3. 4


4. 5

5. 1


156

Өсімдіктердің ауру қоздырғыштарға қарсы табиғи қорғанысы қандай? Теріс жауапты табыңыз

1. клетка қабығының қарқынды лигнификациялануы

2. папилаөтөбешіктерінің түзілуі

3. перидерма түзілуі

4. фитонцидтердің қарқынды түзулуі

5. тыныс алу қарқынының баяулауы



157

Фитоалексиндер дегеніміз не?

1. патогенді түзілетін жоғары молекулалы антибиотиктер

2. өсімдікте патоген әсеріне байланыстан түзілетін антибиотиктер қасиеті бар молекулалары шағын қосылыстар

3. патогенді ыдырататын өсімдік ферменттері

4. өсімдіктегі зат алмасудың аралық өнімдері

5. өсімдіктегі зат алмасудың соңғы өнімі



158

Кребс циклінің ферменті.

1.глицерофосфатдегидрогеназа

2. фосфоглюконатдегидрогеназа

3. малатдегидрогеназа

4. глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа

5. фосфатаза



159

Кребс циклінің бір айналымында пирожүзім қышқылынан неше пар сутегі атомы бөлінеді?

1. 1


2. 2

3. 3


4. 4

5. 5


160

Гликолиз барысында бір молекула глюкоза тотыға ыдырағанда неше молекула АТФ түзіледі?

1. 28


2. 6

3. 36


4. 2

5. 42


161

Кребс циклінде бір молекула глюкоза ыдырағанда неше молекула АТф түзіледі?

1. 15


2. 20

3. 25


4. 30

5. 38


162

Глиоксилат циклі қайда жүзеге асады?

1.митохондрияда

2. рибосомада

3. гликосомада

4. хлоропласта

5. цитоплазмада



163

Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен тотыға ыдырауын қалай атамайды?

1. пентозофосфаттық циклі

2 гексозомонофосфаттық циклі

3. пентозалық шунт

4. дихотомиялық жол

5. апотомиялық жол



164


Пентозафосфаттық жолмен тотыға ыдырағанда 6 молекула глюкозадан қанша молекула АТФ түзіледі?

1.12


2. 18

3. 36


4. 24

5. 20


165

Пентозофосфаттық жолмен тотыға ыдырау қай органеллада жүрмейді?

1. цитоплазмада

2. пропластидте

3. хлоропласта

4. миохондрияда

5. хлоропласт стромасында



166

Пентозофосфаттық тотыға ыдырау қанша кезеңнен тұрады?

1. 1


2. 2

3. 3


4. 4

5. 5


167

Пентозофосфаттық тотыға ыдырау барысында түзілетін негізгі өнім?

1. АТФ


2. НАДН

3. НАДФН

4. ФАД

5. ЦТФ


168

Пентозофосфаттық тотығу жолының негізгі мәнісі неде?

1. қуат алмасуда

2. мағлұмат (информация) алмасуда

3. азот алмасуда

4. пластикалық заттар алмасуда

5. белок алмасуда



169

Кребс циклінің мәнісі неде? Теріс жауапты көсетіңіз

1. энергия алмасуда

2. аралық өнім түзуде

3. алғашқы амин қышқылдарының түзілуінде

4. белок, май және қанттар адмасуын өзара жалғастыруда

5. пентоздар түзуде



170

Глиоксилат циклі қай клеткаларға тән емес?

1. өсімдіктер

2. саңырауқұлақтар

3. жануарлар

4. бактериялар

5. майлы өсімдіктер



171

Глиоксилат циклі ненің түр өзгерісі?

1. Кальвин циклінің

2. Кребс циклінің

3. пентозафосфатты тотығудың

4. дихотомиялы тотығу жолының

5. гликолиздің



172

Глиоксилат циклінің ферменті...

1. малатдегидрогеназа

2. малатсинтаза

3. транскетолаза

4. фосфатаза

5. танальдолаза



173

Қандай жағдайда пентоафосфатты жолмен тотығудың белсенділігі артады? Теріс жауапты көрсетіңіз

1. құрғақшылықта

2. калийдің тапшылығында

3. инфекциялық ауру қозғанда

4. сортаң топырақта

5. әрдайым белсенді



174

Тыныс алу барысындағы бөлініп шыққан көмәрқышқылының сіңірілген оттегіне қатынасы алай ататлады?

1. тыны с алу бақылауы

2. тыныс алу коэффициенті

3. тыныс алу жылдамдығы

4. тыныс алу қарқыны

5. тыныс алу тиімділігі



175

Қай қосылыс тотыққанда ең жоғары тыныс алу коэффициенті байқалады?

1. гексоздар

2. май қышқылдарф

3. қымыздық қышқылы

4. глютамин қышқылы

5. белоктар



176

Митохондрияның АДФ мөлшеріне байланысты оттегін сіңіру процесі қалай аталады?

    1. тыныс алу бақылауы

    2. тыныс алу коэффициенті

    3. тыныс алу қарқыны

    4. Пастер эффектісі

    5. тыныс алу тиімділігі

177

СО2-нің жоғары концентрациясы тыныс алуға қалай әсер етеді?

          1. Оттегін сіңіруді арттырады

          2. Оттегін сіңіруді тежейді

          3. Тыныс алуға еш әсер етпейді

          4. Дәннің тыныштық күйін үзеді

          5. Декорбоксиндену процесін арттырады

178

Толық немесе жартылай гетеротрофты мүшелерге не жатпайды?

  1. тамыр

  2. бүршік

  3. жеміс

  4. жапырақ

  5. ұрық

179

Өсу неден тұрады? Теріс жауапты табыңыз

                1. клеткалардың бөлінуінен

                2. вакуольден судың шығуынан

                3. протоплазманың ұлғаюынан

                4. жаңа құрылымдардың туындауынан

                5. созыла өсуден

180

Дифференциация дегеніміз

  1. онтогенездегі морфогенез

  2. онтогенездегі даму процесі

  3. өсімдіктегі сапалық өзгерістер

  4. клеткалардағы қызметтік және құрылымдық өзгерістердің пайда болуы

  5. әр клетканың даму жолдарының нықталуы

181

Өсімдіктерге мынадай өсу заңдыықтары тән. Теріс ауапты табыңыз

  1. тотипотенттік

  2. регенерацияға қабілетсіздік

  3. корреляциялық

  4. полярлық

  5. өсу ритмі

182

Өсу фазалары. Теріс жауапты табыңыз

  1. тыныштық

  2. стациолнарлық

  3. бастапқы

  4. өсу үдеуі

  5. өсу баяулауы

183

Клеткалардың бөлінуі қайда жүреді? Теріс жауапты табыңыз

  1. меристемада

  2. камбийде

  3. перициклде

  4. эндодермада

  5. феллогенде

184

Созыла өсу кезіндегі болатын процесс. Теріс жауапты табыңыз

  1. Клетканың ісінуі

  2. Судың клеткаға енуі

  3. Ауксин әсерімен клетка қабығының босауы

  4. Гиббериллиннің әсерінен клетканың созылуы

  5. Целлюлоза ме басқа құрылымдық қосылыстардың түзіоіп, клетка қабығына орналасуы

185

Дәннің өнуі мен бүршіктің атуына қай гормон теріс ықпал ететді?

1. ауксин

2. этилен

3. АБҚ


4. цитокинин

5. гибберллин



186

Өсі корреляциясының мысалы. Теріс жауапты тап

  1. пасынкілеу (балақтау, жанама сабақты отау)

  2. төбелік күзеу (гүлшоғын алып тастау)

  3. мезгілдік өсу ырғағы

  4. апикальдық басымдылық

  5. көшеттеу

187

Дамуға бейім төбелік бүршік. Теріс жауапты табыңыз

  1. сабақ пен тамырдың созыла өсу аймағы клеткаларының өсуіне әсер етеді

  2. қолтық бүршіктердің өсуін тежейді

  3. басты тартқыш орталық (аттриагирующий центр)

  4. жапырақ, сабақ пен тамырдың кеңістіктегі орналасу ретіне ықпал етеді

  5. фотопериодтық реакцияны реттейді

188

Өсімдік тыныштық кезеңі неге байланысты? Теріс жауапты табыңыз

  1. фотопериодтық реакцияға

  2. сыртқы орта факторлеріне

  3. фитогормондар ара қатынасына

  4. су тапшылығына

  5. полярлыққа

189

Апикальдық басымдылыққа қай гормон жауапты?

  1. этилен

  2. ауксин

  3. кинетин

  4. АБҚ

  5. гибберилин

190

Апикальдық басымдылық дегеніміз

  1. сабақ пен тамыр апексінің қалануы

  2. сабақ пен тамыр апексінің даму кезеңі

  3. апекстің қоректік заттар мен гормондарға мұқтаждығы

  4. сабақ пен тамыр ұшының қолтық бүршік пен жанама тамырдың дамуын коррелятивті тежеу

  5. процестер мен құрылымдарды кеңістікте белгілі тәртіппен үйлесатіруі

191

Қай гормон қалемшелердің тамыр түзуіне оң ықпал етеді

  1. гиббериллин

  2. кинетин

  3. ауксин

  4. этилен

  5. АБҚ

192

Қай гормон транспирацияны тежейді

1. ауксин

2. АБҚ

3. этилен



4. гиббериллин

5. цитокинин



193

Қай гормон дәндегі амилаза мен гидролазалардың түлілуін бастайды?

1. ауксин

2. гиббериллин

3. этилен

4. цитокинин

5. АБҚ


194

Ауксиннің биосинтезі өз бастамасын қай қосылыстан алады?

1. глициннен

2. изопентиниладениннен

3. ацетил-КоА-нен

4. триптофаннан

5. ктоглутараттан



195

Кесілген жапырақтағы хлорофилдің ыдырауын қай гормон тежейді?

  1. ауксин

  2. АБҚ

  3. этилен

  4. гиббериллин

  5. цитокинин

196

Қай гормон тек тамырда түзіледі?

  1. гиббериллин

  2. ауксин

  3. АБҚ

  4. этилен

  5. цитокинин

197

Су тапшалағы кезінде қай гормонның мөлшері күрт артады?

1. этилен

2. АБҚ

3. цитокинин



4. ауксин

5. гиббериллин



198

Фотопериодтық сигналды қабылдаушы мүшеге не жатады?

  1. апекс

  2. меристема

  3. сабақ

  4. гүл

  5. жапырақ

199

Қай гормон ұзақ күндік өсімдіктің қысқа күндегі гүлдеуін жеделдетеді?

  1. гиббериллин

  2. этилен

  3. ауксин

  4. АБҚ

  5. цитокинин

200

Қай гормон жемістің пісуін жеделдетеді?

  1. гиберриллин

  2. этилен

  3. ауксин

  4. АБҚ

  5. цитокинин


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет