Өсімдіктер клеткасының жалпы құрылымдык ерекшеліктері



Дата13.05.2020
өлшемі236,48 Kb.
#67724
Байланысты:
2 тақырып Әбиева А.


Өсімдіктер клеткасының жалпы құрылымдык ерекшеліктері

1.Клетка құрылымының биологиялық маңызы, оның мөлшері және сырткы пішіні.

2.Цитоплазманың клетка тіршілігіндегі манызы. Цитоплазманың жалпы сипаты мен қозғалысы.

3.Вакуоль жүйесі, оның клетка тіршілігін-дегі рөлі. Плазмолиз, деплазмолиз.

4.Пластидтер, олардын құрылыстық ерекшеліктері және биологиялық маңызы.

5.Клеткадағы органикалық және минерал-дық заттардың жинақталу түрлері және топтасуы.

6.Клетка қабықшасы. Клетка қабықшасы-ның қызметі мен маңызы.

7. Саңылаулар және олардың түрлері

Өсімдіктер клеткасының негізгі ерекшеліктері:

  • Әрбір клеткада өзіндік сыртқы қаңқа- клетка қабықшасының болуы;
  • Тұрақты вакуольді жүйенің болуы;
  • Өсімдіктердің жоғары синтездік қабілеттілігіне байланысты протопласта арнайы органелла – пластидтердің болуы;
  • Эргастикалық қосындылардың жиналуы:
  • Әртүрлі қоректік қор заттары (клетканың барлық бөлімдерінде) және зат алмасудың зиянды өнімдері (вакуольде);
  • Кариокинезде центриольдің болмауы және фрагмопластың цитокинезде пайда болуы.

Клетка құрылымының биологиялық маңызы, оның мөлшері және сырткы пішіні

Клетка — бұл жартылай өткізгіш мембранамен шектелген және тірі жүйелер жоқ ортада өздігінен көбеюге қабілетті тірінің (биологиялық белсенділігінің) негізгі бірлігі. Тіршілік клеткадан басталады. Клеткадан тыс тіршілік жоқ.

Клеткалық теорияның қазіргі даму кезеңі оның жағдайын клеткалардың нэзік қүрылысын, нуклеин қышқылдары мен белоктардың синтезін зерттеу, сонымен қатар гендердің белсенділігін реттеу кезінде алынған деректер негізінде тұжырымдау болып табылады. Клеткалық теорияның маңызды ережесінің соңғы дәлелденуі, оның тірінің қарапайым қүрылымдық-функциональдық бірлігі, онсыз тіршіліктің болмайтындығы, яғни клетка көпклеткалы организмнің құрылымдық және функциональдық қарапайым бірлігі болып табылатындығына көз жеткеннен кейін расталды. Клеткалар өте жоғары ұйымдасқан жіктелген туындылар болып табылады, ал клеткалардың көбеюі ата-ене клеткалары мен еншілес клеткалардың арасындағы генетикалық үздіксіздіктің физикалық негізін қамтамасыз етеді. Организмдердің белсенділігі оның клеткаларының белсенділігіне тәуелді және ұлпалардың өсуі, дамуы және жіктелуі жаңа клеткалардың түзілуіне тэуелді болатындығы анықталған. Клеткалар арқылы заттар мен энергияның сіңірілуі, айналуы, қорлануы және пайдалануы жүреді. Клеткалардың құрылымы көптеген биологиялық реакциялар, атап айтқанда, ферментация, тыныс алу, фотосинтез, хромомомалардың дупликациясы жүзеге асатын алаң болып табылады, сонымен бірге бұл процесстер бірклеткалы организмдерде де, сол сияқты көпклеткалы организмдерде де болды. Көпклетклы организмдердің тіршілігі олардың клеткаларының тіршілігіне негізделеді деп те айтуға болады.

Микоплазмалық клеткалардың пішіні сопақша, ал олардың мөлшерлері диаметрінде 0,1-0,25 нм-ге жуық. Олар үшін жұқа сыртқы плазматикалық мембрана (қалыңдығы — 8 нм-ге жуық) тэн, ол құрамында 800-дей әртүрлі белоктарды, РНҚ-ның әртүрлі типтерін, диаметрі шамамен 20 нм рибосомаларды кодтау үшін жеткілікті ДНҚ молекуласы бар цитоплазманы қоршайды. Олардың цитоплазмасында белоктар түріндегі әртүрлі кірінділер, липидтер түйіршіктері және басқа да қосылыстар болады. Клеткалық мембранасының жеткілікті түрде қатты болмағандықтан микоплазмалар бактериальды сүзгілер арқылы өтеді.

Табиғатта типсіз клетка болмайды, олардың бәрі өте алуан түрлілігімен сипатталады. Тіпті, барлық эукариотты клеткалар прокариоттық клеткалардан бірқатар қасиеттерімен жэне ең алдымен көлемі, пішіні және өлшемі бойынша ерекшелінеді. Көптеген эукариотты клеткалардың көлемі прокариоттардың көлемінен 1000-10 000 есе артық болады. Прокариоттық клеткалардың мүндай көлемі әртүрлі клеткалық қызмет атқаратын түрлі органеллалардың болуына байланысты. Эукариоттық клеткалар үшін көп санды генетикалық материалдың болуы тән, ол салыстырмалы түрде көп болатын хромосомаларда жинақталған және олардың жіктелуі мен мамандануын қамтамасыз етеді. Эукариоттық клеткалардың тағы бір маңызды ерекшеліктері, оларға ішкі мембраналық жүйелермен қамтамасыз етілетін компартментализацияның тән болуы. Осының нәтижесінде көптеген ферменттер белгілі бір компартменттерде шоғырланады. Мысалы, жануарлар клеткаларындағы белоктар синтезін катализдейтін барлық ферменттер рибосомаларда орналасса, ал фосфолипидтердің синтезін катализдейтін ферменттер клеткалық цитоплазмалық мембранада шоғырланған. Прокариоттық клеткалардан эукариоттық клеткалардың ерекшелігі соңғыларында ядрошық болады.

Эукариоттық клеткалар прокариоттықтармен салыстырғанда қоршаған ортадан заттарды сезінгенде, онсыз тіршілік мүмкін емес, біршама күрделі жүйеге ие болады. Эукариоттық және прокариоттық клеткалар арасында басқа да айырмашылықтар бар. Клеткалардың пішіні алуан түрлі болады және ол олардың атқаратын қызметтеріне тәуелді. Мысалы, көптеген қарапайымдылардың пішіні сопақша, ал зритроциттер сопақша диск сияқты болса, сүтқоректілердің бұлшық ет клеткалары созылған. Эукариоттық клеткалардың мөлшері микроскопиялық болып табылады.

Прокариоттықтар өсімдіктер әлеміндегі бірклеткалы организмдер, олар негізінен бактериялар болып табылады. Керісінше, эукариоттықтар негізінен бірклеткалы жануартектес, сол сияқты көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінің (мүмкін барлығының да) клеткалары болып табылады. Прокариоттық, сол сияқты эукариоттық клеткалар құрылымдық-функциональдық алуан түрлігімен сипатталады, олар бұлардың арасындағы елеулі айырмашылықтарды анықтайды.

Қазіргі кезде прокариоттық және эукариоттық клеткаларды ажыратады.

Бұл жүйе клеткалық плазмалық (цитоплазмалық) мембранадан, цитоплазмалық (эндоплазмалық) тордан (ретикулдан) және Гольджидың пластикалық кешенінен тұрады. а) Плазмалық (цитоплазмалық) мембрананың қалыңдығы 8-12 нм жэне үш қабаттан тұрады, олардың екеуі әрқайсысының қалыңдығы 3 нм болатын белоктық қабаттар, ал 3- (ішкі) — қалыңдығы 6 нм болатын қос фосфолипидті қабат болып табылады. Плазмалық мембрана жартылай өткізгіш құрылым болып табылады. Ол арқылы клеткаға қоректік заттар енеді және барлық «қалдықтар» (секреция өнімдері) шығарылады. Ол өткізгіштік тосқауыл құрады. Осының нәтижесінде плазмалық мембрана клетка мен сыртқы орта арасындағы эртүрлі заттардың алмасуын реттейді. Плазмалық мембранада көптеген маңызды ферменттер, АТФ-аза көмегімен натрий мен калий иондарын, сол сияқты аминқышқылдарын тасымалдайтын жүйелер болады.

Мембраналық жүйе



Өсімдіктер клеткаларында сыртқы құрылым қызметін қатты клеткалық қабырға атқарады, ол өте мықты талшықтар түзейтін целлюлоза молекулаларынан құрылған, олар басқа полисахаридтер мен лигниннің полимерлі заттарына еніп жатады. Өсімдіктердің сыртқы қабаттарының клеткалары кейде балауыз сияқты заттардың өте жұқа қабатымен жабылады. Плазмалық мембраналардың беттерінде электрлі зарядталған топтар болады, осылардан мембраналарда электр потенциалдарының айырмашылықтары ұсталып тұрады. Плазмалық мембраналардың беттерінде гормондар мен басқа қосылыстарға арналған маманданған рецепторлар да (анықтау учаскелері) бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет