Жұмыс мақсаты: есту қабілетін анықтау
Құрал-жабдықтар: сыбырлап сөйлеуді анықтауға арналған сөздер жазылған кесте, 7 м-ден кем емес рулетка.
Жұмыс барысы
Бұл зертханада біз жұппен жұмыс жасадық: алдымен бір оқушы зерттелуші,екінші оқушы зерттеуші рөлін атқарды. Сосын рөлдерін ауыстырды.
1. Толық тыныштықта 6,5 - 7 м арақашықтықта зерттелуші кестедегі сөздерді құлаққа сыбырлап айтты.
2. Зерттелуші кезек-кезек біресе оң , біресе сол құлағын жауып, зерттеушінің сөзін қайталады. Зерттеуші сөздің дұрыс не қате айтылғанын жазып алып отырды.
3. Егер айтушының сөзі қате болса, арақашықтық біртіндеп 5 м – ге дейін қарастырылды.
Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал:
Жиілігі төмен сөздер
|
Жиілігі жоғары сөздер
|
Бала
|
Рига
|
Вагон
|
Саша
|
Шұжық
|
Басқа
|
Дәм
|
Бөбек
|
Мәре
|
Жас
|
Шұлық
|
Шу
|
Олжа
|
Дін
|
Өрік
|
Шаш
|
Тас
|
Тіс
|
Үкі
|
Қайрат
|
Қалам
|
Шай
|
Зат
|
Босқа
|
Қорытынды: Есту қабілеті— адам мен жануарлар организмінің дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті. Есту қабілетінің үлкен қызметі болып табылатын естудің жәрдемімен бала өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай, оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға мүмкіншілігі болады. Жалпы қоршаған орта дыбыстарға толы болып келеді, әрі олар әртүрлілігімен ажыратылады. Біздер музыкалық, шулы, табиғи дыбыстарды естиміз. Сонда адамның дамуында естудің үлкен орны бар екендігі белгілі. Ал баланың жалпы дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады.
№ 13 Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |