Қосымша №1 Мәтін «Қайнау»



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі192 Kb.
#96082
  1   2   3   4
Байланысты:
Жаратылыстану 6 класс Заттар және материалдар. Заттардың құрылысы мен қасиеттері Қайнау және балқу температуралары 2-сабақ Дидактикалық материалдар



Қосымша №1 Мәтін «Қайнау»
Қайнау – бұл сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану процесі.
Су қайнағанда құтының үстіңгі жағында тұманды байқауға болады.Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді.Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болады. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шығады. Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да , жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында ызыл естіледі. Неге? Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су қайнай бастайды.
Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет