Қосымша желілік орындары бар «Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасына қызмет көрсетуді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу ХАТТАМАСЫ № 01
Ақтөбе қаласы «27» маусым 2010г.
«Ақтөбе қаласының біржолғы талондар беру жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы:Ақтөбе қаласы, Сәңкібай-батыр даңғ.10 уйі, қосымша желілік орындары бар «Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасына қызмет көрсетуді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізді.
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға негіз Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-ІІІ Заңының 32-бабының 1-тармағы және 2011 жылғы 10 маусымдағы №15-Ө Бөлім бұйрығы, сәйкестендіру, стандарттау және бар қызметтермен қоса атқаруды қамтамасыз ету.
«Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасы «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ 2011 жылғы 29 сәуір айындағы № К-130 бұйрық шешімімен бөлім балансына берілді. Қосымша желілік орындары бар «Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасы «1С:Предприятие версия 7.7. Фирма "1С"» негізінде жасалған, негізгі және қосымша желілік орындарын қоса алғанда 3 компьютерге, соны ішінде 1 компьютерге бағдарлама базасы орнатылған. 1 компьютерде бір жолғы талондардың кірісі, 2 компьютерде шығысы жүргізіледі.
Әлуетті жеткізуші Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-ІІІ Заңының 8-бабында қаралған біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Әлуетті жеткізуші Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 25-үйде орналасқан «Алекс-компани» ЖШС. «Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасына қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу шартының сомасы 240 000 (Екі жүз қырық мың) теңге.