Қосымша желілік орындары бар «Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасына



Дата07.02.2022
өлшемі7,73 Kb.
#87442
түріБағдарламасы
Байланысты:
Хаттама


Қосымша желілік орындары бар
«Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасына
қызмет көрсетуді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
ХАТТАМАСЫ
№ 01
Ақтөбе қаласы «27» маусым 2010г.
«Ақтөбе қаласының біржолғы талондар беру жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы:Ақтөбе қаласы, Сәңкібай-батыр даңғ.10 уйі, қосымша желілік орындары бар «Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасына қызмет көрсетуді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізді.

  • Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға негіз Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-ІІІ Заңының 32-бабының 1-тармағы және 2011 жылғы 10 маусымдағы №15-Ө Бөлім бұйрығы, сәйкестендіру, стандарттау және бар қызметтермен қоса атқаруды қамтамасыз ету.

  • «Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасы «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ 2011 жылғы 29 сәуір айындағы № К-130 бұйрық шешімімен бөлім балансына берілді. Қосымша желілік орындары бар «Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасы «1С:Предприятие версия 7.7. Фирма "1С"» негізінде жасалған, негізгі және қосымша желілік орындарын қоса алғанда 3 компьютерге, соны ішінде 1 компьютерге бағдарлама базасы орнатылған. 1 компьютерде бір жолғы талондардың кірісі, 2 компьютерде шығысы жүргізіледі.

  • Әлуетті жеткізуші Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-ІІІ Заңының 8-бабында қаралған біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

  • Әлуетті жеткізуші Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 25-үйде орналасқан «Алекс-компани» ЖШС. «Біржолғы талон беру есебінің жүйесі» бағдарламасына қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу шартының сомасы 240 000 (Екі жүз қырық мың) теңге.

Тапсырыс беруші Г.Қ.Бисекешева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет