Мәтіндегі сөйлем
Синтаксистік деңгей бірліктері (сөйлемдер, айтылымдар, күрделі фразалық тұтастық) туралы өткен тараулар мен параграфтарда жан-жақты айтылды.
Мәтіннің күшті позицияларын, яғни басы мен аяғын толтыруда, семантикалық, синтаксистік және стилистік байланыстың мәтін құрылымының доминантты семантикалық-стилистік элементтерін бірыңғай тұтас мәтін мағынасына интеграциялауда мәні ерекше. Автордың коммуникативтік-шығармашылық ниетін айқынырақ айтатын мәтіннің композициялық-сюжеттік құрылысы осындай байланысқа айналады. Оқырманның мәтіннің бастапқы және соңғы позицияларында меңгеретін білім аясының көлемі де әр қилы, егер мәтіннің басын қабылдағанда жазушының шығармашылығы туралы оның білімі бұлыңғыр болса, шығарманың соңғы жолын оқығанда ол сюжеттік эпизодтардың, көркем бейнелердің және мәтінде интеграцияланатын сөз бірліктерінің жүйелік жиынтығына қанығады.
Достарыңызбен бөлісу: |