Қосымша материалдар Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде Мәтін лингвистикасы


Когезияның композициялық – құрылымдық формаларына



бет14/41
Дата28.02.2022
өлшемі409 Kb.
#133702
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
осымша материалдар М тін лингвистикасы ылыми п н ретінде М тін

Когезияның композициялық – құрылымдық формаларына бірінші кезекте хабардың сабақтастығы мен логикалық ұйымдасуын баяндаудың негізгі тақырыбымен (сюжетімен) тікелей байланысты емес оқиғаларды, құбылыстарды, іс-әрекеттерді мезгілдік немесе кеңістіктік сипаттаумен, түрлі шегіністермен, сөз араластырумен шектелген тіл материалы жатады. Мұндай «бұзушылықтар» әңгіменің негізгі желісін бұзып, кейде хабардың екінші кезегін танытады. Кірігудің композициялық-құрылымдық формалары фильмдерде пленкаларды кесектеп құрастырғанға ұқсайды.
Өмірде жақсылық пен жамандықтың, қуаныш пен реніштің, сәттілік пен сәтсіздіктің алмасып отыруы – ақиқат шындық. Барлық өнер туындылары тәрізді көркем әдебиет шығармасы да өмірді әр қырынан көрсетуге тырысады, когезияның композициялық-құрылымдық түрлерімен жүзеге асырылатын формасы оның барабар айтылымына айналады. Бейқисын тұрғыдағы когезияның композициялық-құрылымдық формаларында, мысалы, ассоциациялық когезия формаларында әңгіменің бөлшектенген кесектерін қисынды байланыстыруы мүмкін сөздер мен айтылымдарды ойша елестетуге болады. Мысалы: баяндау тақырыбынан ауытқып, баяндаудың басқа желісіне ауысып, бұл менің ... есіме түсірді, осымен қосарлана, басқа мезгілде, басқа жерде, осыған ұқсасты байқау, т.б. әдетте бұл сөздер мен айтылымдар басқа мәтіндерде, мысалы, ғылыми мәтіндерде ашық көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет