Екітаңбалы/үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға ауызша көбейту мен бөлуді орындау;
Сабақтың типі:
Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Білім беруді ізгілендіру,сұрақ- жауап,практикалық
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру, орындату, салыстыру, есептеу.
Пәнаралық байланыс:
ана тілі, қазақ тілі
Оқыту құралдары:
оқулық,тақта,борүлестірмелі материал.
Сабақтың жоспарланған барысы
Сабақта жоспарланған іс – әрекет
Ресурстар
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, түгендеу;
оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру;
сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық: Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күнсейсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. III.Өткен материялды қайталай отырып,жаңa материалға дайындық ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Балалар, үйге берілген тапсырманы орындадық па? Орындасақ, сынып болып талдайық?!
Математикалық диктант. 1.Ең үлкен бес таңбалы санды ата.
2.Ең кіші төрт таңбалы санды ата.
3.Ең үлкен төрт таңбалы сан мен ең кіші төрт таңбалы санның айырмасын тап
4.450635 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.
5.3 тәул. = сағ
6.1 км:50м = м
7.Жолаушы жолда 1 тәулік 6 сағат болды. Ол жолда барлығы неше сағат болды?
1.99 999
2.1 000
3.9 999-1000=8999
4. 450635=400000+50000+600+30+5
5.(72 сағ)
6. (20 м)
7.30 сағ
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар бүгінгі тақырыбымыз «Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері». Барлығымыз оқулығымыздағы 73-бетті ашамыз