Ұстаз-ұлағатты ұғым, қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым әрбір шәкірттің жүрегінде қалары сөзсіз.
«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Олай болса осы ұстаздық жолға келудегі өмірімді баяндайын.
Мен Бурамбаева Айнұр Шамшадинқызы 1978 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келдім. 1984 Арал ауданындағы №86 мектепке қабылданып, бакстауыш сыныпты бітірдім. 1988 жылы осы ауылдағы №62 мектепте 2 жыл оқып, 1990 жылы №13 мектепте 4 жыл оқып, 1995 жылы соңғы жылымды №62 мектепте бітірдім. Сол жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетіне түсіп, физика-математика факультетін 1999 жылы бітіріп шықтым. Содан соң 2000 жылы ұстаздық өмірімді Ақтөбе қаласында бастадым. 2000-2002 жылдар аралығында сол жақтады №42 қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым. 2003-2005 жылдар аралығында Қызылорда қаласы №187 орта мектебінде жұмыс атқарып, 2005 жылдан бастап осы кезге дейін 15 жыл бойы И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжінде физика пәні мұғалімі болып жұмыс атқарып келемін.
Мен ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.Осы тұста Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Шын ұстаз — ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу мен үшін үлкен мақтаныш.Әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім — тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту арқылы оларды үлкен өмірге дайындау менің бойымдағы жауапкершілік сезімін оятады. Өз мақсатыма жету жолында бойымдағы табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекті ұштастырып, үлкен белестерді бағындырдым. 1914 жылы И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің директорының Тәуелсіздікке байланысты «Құрмет грамотасын» алдым, «Қазақстан ұстаздары» мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасында 1-орын, 2015 жылы минергия ғылымы әдістемелік орталығының дипломымен, 2016 жылы «Ізденіс жолы» республикалық қоғамдық қорының дипломымен марапатталып, 2017 жылы «Татулық кілті-достықта» атты колледжішілік треннингін өткіздім. Республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасында 1-дәрежелі дипломын алып, «Ең үздік қазақ тілді сайт» байқауының жеңіпмазы атандым.
Ұстазшщәкірті үшін тынбай, талмай еңбек еткен ерен тұлға. Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау. Мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы демей не дейсіз? Ал, сол білімді дамытып, халқымызды өркендететін біздің шәкірттеріміз, жастар, яғни, болашақ ұрпақ.
Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ. Себебі, технологияның дамыған кезеңінде өмір сүріп жатқан жастарға алаңсыз білім алуға жан- жақты жағдай жасалған. Елбасының айырықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтауарқылы білім сапасын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді.Осының барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде , күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген Серке Қожамқұловтың сөзінен ұстаз қауымына деген үлкен құрметтеушілікті байқаймыз. Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі- терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек. Балаға деген шексіз махаббаттың иесі болған ұстаз ғана өз еңбегінің жемісін көре алары сөзсіз.
Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.