Өскемен 2015 Әож 811. 512. 122: 37. 09


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА САПАЛЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ МЕН КӨПТҮРЛІЛІГІ



бет2/2
Дата22.12.2016
өлшемі0,61 Mb.
#4280
1   2

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА САПАЛЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ МЕН КӨПТҮРЛІЛІГІ

Өскемен

2015

ӘОЖ 811.512.122:37.09

Әдістемелік нұсқаулық, ШҚО білім басқармасы жанындағы эксперттік кеңестің шешімімен ұсынылды., хаттама №35 , 24.02.2015


Пікір жазғандар:

Игибаева А.К С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің п.ғ.д, профессоры

Сейфутанова А.Х. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ф.ғ.к, доцент

М.И Асанова «Шығыс» өңірлік орталығының директоры

Ақтанова А.Қ. Оқыту мазмұны және білім беру сапасының мониторингі кабинетінің меңгерушісі

Сабиева Р.С. «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері


Астана қаласындағы Ұлттық Бірыңғай тестілеу орталығында тест сараптамашысы, Өскемен қаласындағы ШҚМУ тест орталығында шағымдану комиссиясының тұрақты мүшесі,Өскемен қаласындағы қазақ мектептерінің шығармашылық топ мүшесі, оқушылары ҰБТ-да жоғары деңгейде сапа көрсеткішін беріп келе жатқан, сонымен қатар, қала, облыс, халықаралық олимпиада мен түрлі жобалардың жеңімпазы, Өскемен қаласы №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жаңашыл мұғалімі Ахметова Хабира Берикболкызының оқушыларды ҰБТ-ға даярлаудағы озық іс-тәжірибесі ұсынылады.Осы еңбекте ұстаздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға даярлауда пайдаланатын тесттер мен тапсырмалардың жаңа түрлері берілген. Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.



Алғы сөз
Білім жүйесіне жыл сайын тың өзгерістер еніп жатқаны баршамызға аян.

Осыған орай, мектеп пен ұстаздар қауымының алдына жаңа мақсат пен міндеттер қойылды. Қазіргі қоғамның өзгермелі жағдаяттарына тез бейімделе алатын, жауапкершілігі мол, құзыретті тұлға тәрбиелеп оқыту - ұстаздар қауымының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім сапасы қазіргі таңда жұртшылықтың назарында екені даусыз, себебі білім жүйесіне бірнеше жылдар бұрын енген Ұлттық Бірыңғай Тестілеу мектептердегі білім сапасының негізгі көрсеткішіне айналды. Мектеп баланы оқытамыз, ал оның он бір жылғы білімінің көрсеткіші бір- ақ күнде жарыққа шығады.

Соңғы жылдары тестілеуге сапалы даярлықта іс - тәжірибелер таратылып, көптеген семинарлар, курстар өткізіліп жүр.Мектеп бітіруші түлектердің сапалы білім көрсеткіш беруі - кәсіби біліктілігі жоғары, жаңашыл ұстазды талап етеді.

Бұл жинақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ - да кететін кемшіліктер мен сапалы даярлаудағы тест түрлері мен тапсырмалардың үлгілері топтастырылып берілген.

Болашақта білім жүйесіне енгізілетін жаңа тест үлгілері: ашық тест, сәйкестендіру, бірнеше жауапты тест тапсырмаларының үлгісі енгізілді.

Сонымен қатар, әдеби эссенің үлгілері берілді. Соңғы жылдарда эссе жанрының дамып келе жатқандығы өздеріңізге белгілі.

Жас мамандар мен өз тәжірибесін бөлісемін деген әріптестерімізге алдын ала алғыс білдіреміз.



Хабарласу үшін: h.ahmetova@mail.ru электронды поштасы немесе 87758945876 телефоны

Қазақ тілі мен әдебиетінен ҰБТ-ға сапалы даярлаудағы тапсырмалардың жаңашылдығы мен көптүрлілігі
Елбасының өз Жолдауында қазақ тілінің бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналғанын, тек соңғы үш жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге қаржы бөлінгенін айта келе: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», - деуі қазақ елінің әр ұланының кеудесін қуанышқа толтырады. Бұл бағыттағы түйінді тұжырымды ұлт ұрпағына зор қуат берер қағида деп тануға болады.

Бүгінгі білім берудің басты нысаны - әлемдік білім кеңістігіне кіру екендігі баршамызға айтпаса да түсінікті. Алдымызға қойылған басты мақсат -

бүгінгі қоғамға лайықты білікті де білгір азамат тәрбиелеу. Біз тәрбиелеп, оқытқан тұлға өз ұлтының және өзге ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтарын қастерлейтін, саналы деңгейде пікірлесе алатын дәрежеде болуы керек.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жоғарыдағы мақсаттарға жету үшін ең ауыр салмақ мектеп мұғалімдеріне түсіп отыр.Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда түйіні шешілмеген мәселелер баршылық. Ең алдыменен, тіліміз бен әдебиетіміздің басты құндылықтарын баланың бойына сіңіретін тіл мамандары қандай болуы керек?- деген сауал туындайды.

Ұлағатты ұстазымыз Қ.Бітібаева бірде өз сөзінде «Әдебиет дегеніміз – жүрек», -деген еді. Ал, жүрексіз адам өмір сүре ала ма?.. Қазақ тілі мен әдебиеті маманы тіл мен әдебиеттің қыр –сырын толық меңгеріп қоймай, сол пәнді сүюі керек, көңіл қалауымен беру керек.Себебі, біз тілге, әдебиетке деген құрмет арқылы оқушының бойындағы патриоттық сезімдеріне қозғау саламыз.Сондықтан да өзге пәндерден біздің пәніміздің ерекшелігі осында жатыр.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда мұғалім жаңашыл болып қана қоймау керек.Біз - оқушының басты мотиваторы, қозғаушы күшіміз.Қазіргі таңда толығымен тестілеу жүйесіне көшкенімізбен, оқушы тілін, танымын дамыту жағын ұмытпауымыз керек.

Еліміздің білім беру жүйесіне осыдан бірнеше жыл бұрын енген Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жүйесі жыл сайын жетіліп, мектепті аяқтаушы түлектердің білім деңгейін шынайы анықтауда үлкен септігін тигізуде.Дегенмен осы ҰБТ қалай жүргізілуде, жекелеген пәндерден даярлаудағы кездесетін кемшіліктер мен олқылықтарды жою қаншалықты деңгейде жүргізілуде деген сауалдар туындайды.Бұл - осы аймақта жұмыс жүргізіп отырған мұғалімдер қауымының үлесінде шешілетін түйінді мәселенің бірі.

І бөлім

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу не береді?

Тестілеу жүйесіне келетін болсақ,оның шығу тарихы өте әріде жатқаны байқалады.Тестілеу жүйесінің шығу тарихына зер салсақ, алғашқы тестілеу комиссиясының 1925 жылы құрылғанын көреміз. 1926 жылы табиғаттану мен есеп шығаруға арналған алғашқы тест жинағы шыққан екен.Бұл тестілеу жүйесінің бұдан бұрын да маңызды болғанын көрсетеді.

ҰБТ бала білімін бағалаудың жаңа формасы ретінде енгізілуі ел арасында, әсіресе педагог қауым арасында бүгінге дейін әр түрлі көзқарас қалыптастырып отыр.

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде:

Біріншіден,бала білімін бағалау мектептерде негізгі проблемаға айналып отыр.Яғни, мектеп баланы оқытады, ал тест арқылы жұрт оның сапасын бақылайды.

Екіншіден,ҰБТ қорытындысы оқушыға аттестат алып, жоғары оқу орнына тегін түсуіне жағдай жасайды.

Үшіншіден, жоғарғы оқу орындарына оқушының ҰБТ нәтижесі негізінде қабылдануы.Кеңестік жүйе кезіндегі сияқты мың баланың тағдыры бір адамның қолында емес,баланың тағдыры өз қолында болады.

Мектеп бітіруші түлектің алдында бір ғана мақсат қоятынын білеміз.

Ол - оқу грантын жеңіп алу.Осы мақсаттың орындалуы үшін «не істеу керек?» деген сауал туындайды.Ол үшін Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыруда кездесетін негізгі кедергілерді жоюға жұмыс жасау керек деп ойламын.

Талай жылдар бойы бақылаудың негізінде мына кедергілерді айқындадық:

1. Ең бастысы, бала біліміндегі олқылықтарды жою.Ол олқылықтар қайдан пайда болады?Ол баршамызға аян, мектеп қабырғасында білім алып жатқан баланың әр сыныпта меңгермеген оқу материалдары 11-сыныптың соңында олқылыққа айналады.Яғни, бала сабаққа келмей қалды немесе басқадай себептер де болуы мүмкін, міне, дер кезінде түзету жұмыстарны жүргізілмегендіктен, осындай күрделі мәселеге айналады.

2.Психологиялық кедергі. Белгілі бір тексерудің, емтиханның алдында әр адамда қорқыныш сезімі, үрейі басым болады.Бұндай бала білгенін ұмытады немесе шатыстырады.Бұл, әрине, ҰБТ көп ұпай жинауына үлкен кедергі жасайды.Психологтердің пайымдауынша, ең жақсы оқитын бала мен нашар оқитын баланың бойында қорқыныш сезімі басым болады екен.

3.Зейіннйң төмендігі, мұқият болмау.Тапсырмаларға жауап бергенде немесе белгілегенде сұрақты толық оқымай жатып дұрыс жауапты іздеу, қателікке апарып ұрындырады.Сондықтан, әр сұрақты зер сала отырып оқыған дұрыс.

4.Уақытты ұтымды пайдалана білмеу. Оқушылар берілген уақытты тиімді қолдана білмейді.Оқушы бірінші білетін сұрақтарға ғана жауап береді, білмегенін көзді жұмып белгілей салады, яғни ойлануды қажет деп таппайды.

5.Техникалық ақау. Жауап парағындағы шеңберді немқұрайды бояй салады.Жауап парағы мен тест кітапшасымен жұмыс жасай білмейді.

6.Оқушының әлеуметтік жағдайы. Бұған ата-ана жауапты.Отбасындағы түрлі стресс тудыратын жағдайлар, баланың ұйқысының дұрыс қанбауы, кейбір ауруларының тест алдында сыр беруі кедергі жасайды.

7.Кәсіби біліктілігі жоғары,жауапкершілігі жоғары,білімді,шебер,тәжірибелі маманның аздығы балаға білім беруде басты кедергі болмақ.

Міне, жоғарыда аталған кедергілерді жойғанда ғана біздің оқушыларымыз жоғары көрсеткішке қол жеткізбек.

Бұл - жалпы ҰБТ бойынша айтылған кедергілер мен олқылықтар.

Енді қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша айтар болсақ, Елбасы «Қазақ тілі –мәдениеттің бір бөлігі ретінде барлық қазақстандықтарды біріктірудің қосымша құралы болуға тиіс.Ол барлық ұлттар мен ұлыстарға қазақ халқының мәдениетін,дәстүрін,әдет-ғұрпын,тұрмыс-тіршілігін танып-білудің негізі болып табылады» деген. [14] Қазақ тілі пәнінің ҰБТ-ға енгізілуі –тіл мәртебесін көтеретін факторлардың бірі, мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге асырудың сара жолы.Ал халқымыздың сөздік қоры, тіл байлығы, сөз мәйегі әдебиетімізден көрінеді.Тіл білімінің әрбір сала, тақырып бөліміне дейін іздене отырып, тест құрау, сол тесті меңгергеннен кейін жалпы тақырыптық тесті шешіп отыру - оқушы білімін көтерудің бір жолы.

Өз тәжірибемде оқушыларды Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге әзірлеуді негізгі үш кезеңге бөлемін.

1.Теориялық кезең

2.Практикалық кезең

3.Психологиялық кезең.

Бұл үш кезең бір- бірімен тығыз байәланыста болуы шарт.

Осыған орай, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге сапалы даярлау үшін тест түрлері мен тапсырмалардың өзін түрлендіріп алған жөн.

Соңғы жылдарда Астана қаласындағы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу орталығымен тығыз байланыста жұмыс істеп отырғандаықтан, менің Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге сапалы даярлаудағы тәжірибем тыңайып келеді.Облыс мұғалімдеріне екі рет, қала мұғалімдеріне үш рет тәжірибе таратылды.

ҰБТ- ға даярлықтың өзі 5- сыныптан басталуы керек.

ҰБТ, ОЖСБ- ға даярлықта төмендегі тест түрлерін қолданамын.

1.Өзін-өзі бақылау

2.Өзін-өзі тексеру

3.Жылдамдық пен шапшаңдыққа үйрету.

4.Сынақ тесті.

5.Балама тест

Былтырғы оқу жылынан бастап, тәжірибеме:

1.Ашық тест

2.Сәйкестендіру тесті

3.Бірнеше жауапты тест

4.Мәтінді оқу және түсіну тесті қосылды.

Биылғы Білім және ғылым министрлігі шығарған тест жинағының алғы сөзін оқысаңыздар осындай тесттердің үлгісі берілген де, бұл болашақта алынатын тест үлгілері екендігі ашып айтылған.Себебі, 2016 оқу жылында ҰБТ форматы өзгеруі әбден мүмкін.Біздер, ұстаздар қауымы, ең алдыменен өзіміз осы жаңашылдыққа даяр болуымыз керек деп ойлаймын.

Өзім ШҚМУ тарапынан өткізілетін ҰБТ- да бірнеше жыл қатарымен шағымдану комиссиясы ретінде жұмыс істеп келемін.Сол кездегі жұмысты және пән мұғалімі ретінде сараптай келе ҰБТ- ға даярлықтағы қазақ тілінен кездесетін кедергілерді көрсеткім келеді:

1.Оқушылардың тіл білімінің әр түрлі саласындағы белгілі бір тақырыптарды нашар білуі(бұл орта буында кеткен кемшіліктер);

2.Оқушылардың сөздік қорының аздығы(синонимін,омонимін таба алмай жатады);

3.Сөз төркінін терең түсінбеуі;

4.Оқу техникасының төмендігі(ондай оқушылар сұрақты қате,баяу оқиды);

5.Тіл білімінің негізгі салаларына кіретін объектілерді білмеуі;

Осындай кедергілерді көрсете келіп, оқушылардың көп қате жіберетін және қиын деген тақырыптарын қарастырайық:

1.Диалект сөз бен кәсіби сөзді шатастыруы

2.Сұраулық шылаулар мен болымсыз етістік жұрнағын ажырата алмауы

3.Қабысу мен жанасуды ажырата алмау

4.Құрмалас сөйлем түрлерін шатастыру

5.Сөз тіркесі мен күрделі сөздерді ұқсас деп ойлау

6.Есімдіктің тәуелденуі,септелуі,жіктелуі.

7.Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын аша алмау

8.Дыбыс үндестігі.

9.Орфография мен орфоэпия нормаларын сақтамауы(сөздің айтылуы бойынша жазылуын таба алмай жатады,себебі қазіргі жастар орфография бойынша сөйлейді)

Бұл қиын тақырыптар жоғарыда көрсетілген кедергілер негізінде туындап отырғаны белгілі.

Таңдау пәні ретінде кейбір оқушылар қазақ әдебиеті пәнін таңдайды.Бұл пәнді қандай оқушы таңдайды?

1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болғысы келетін;

2.Тілші мамандығын алғысы келетін оқушы;

3.Театр,әртістікке баратын оқушы т.б

Қарап отырсақ, осы пәнді дарынды оқушылар таңдайды екен.Ол оқушы орфография мен орфоэпия заңдылықтарын терең меңгерген, сауатты, шешен тілді, қаламы қарымды, әртістік шеберлігі жоғары болу керек.Осындай оқушыны қазақ әдебиеті пәнінен даярлап, жоғары нәтижеге жеткізу шебер мұғалімнің қолынан және еңбекқор, талантты оқушының қолынан келеді демекпін.

Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тест сауаттылығына үйрету мақсатында төмендегі жұмыстарды өз тәжірибемнен ұсынбақпын.



Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде жоғары нәтижеге жету үшін:
1.Пайдалануға тиіс оқулықтар, қосымша оқулықтар Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқулықтар болуы керек.
2.Сол оқулықтарда кеткен (баспадан не басқа жағдайда) қателіктерді талдап, ұсыныстар жіберіп отыру.
3. Жаңа оқулықтағы жаңалық, өзгеріс, оны бұрынғымен салыстыра оқыту

(1-сыныптан қалыптасып қалған дағдылы ережелерді еске түсіріп, оның жаңа заңдылықтарын түсіндіру);


4. Тіл білімінің әр саласына енетін объектілерді анықтау;
5. Фонетикалық, морфологиялық , лексикалық, синтаксистік, пунктуациялық таладаулар жасату;
6. Кешенді талдау жасату;
7. Өз ойын поэзия, проза, тіпті сахна тілінде жетік білуге ұштау, дайындау;
8. Даталы күндерге шығарма жаздырып отыру;
9.Мәнерлеп оқудың технологиясын үйрету,
10. Әдебиетте де мәтіндік талдау табиғатын білгізу:
- әр жанр табиғаты, мәтін тақырыбы, композициясы;
- эпилог, пролог, монолог, даму, шиеленісу, шарықтау шегі;
- кешенді әр түрлі тұрғыда:
тарихи, әдеби, мәдени, психологиялық, проблемалық талдауларды үйрету.

ҰБТ- да қазақ әдебиеті пәнінен берілетін сұрақтардың мазмұнындағы үлкен кемшілік ғылыми мәнінің жоқтығында, себебі әдебиет пәнін оқытудың түпкі мұраты-сөз өнерінің мәнін, маңызын түсіндіру, оқушының бойында эстетикалық байлығын қалыптастыру,ақын-жазушыларымыздың шығармаларының халықтық сипатын ашу.Мысалы, тестілеуде мынадай сұрақтар жиі кездеседі:

1.Ш.Уәлихановтың туған жері

2.М.Өтемісұлының туған жылы

3. «Қартқожа»романының шыққан жылын көрсет т.б./2009/Осындай сұрақтардан гөрі әдеби туындының ерекшелігін талдауға қызмет ететін сұрақтар болса,әдебиет пәнінен тест тапсырмасының маңызы мен сапасын арттырып,түпкі мұратына қол жеткізуі мүмкін болар ма еді?

Бұл турасында З.Қабдоловтың мына пікірі шешуші рөл атқарады: «...шығарма талдар болсаңыз,ондағы көркемдік мәселесі ешқашан назардан тыс қалмауы керек.Көркемдік сайып келгенде,тілге тіреледі.Ал тіл-жазушының шеберлігін тексерудің бірден-бір құралы,тіпті технологиясы екені даусыз»/142/

ҰБТ-ға даярлауда мұғалімнің орны ең басты назарда тұруы қажет.Әр мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде әрекет жасауы тиіс.Тоқсаныншы жылдарда енген «инновация» ұғымы баршамызға мәлім.Инновация білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығарушы, игеру, қолдану және тарату.Осыған орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып,мектеп өміріне енгізілгенін білеміз.Сондықтан да мұғалімнің өзі- жаңа технологиямен үздіксіз жұмыс жасайтын, жеке тұлғаны қалыптастыруда орны ерекше адам.

Қорытындылай келе, әлемдік тәжірибеде ТМД елдерінде тестілеу әдісінен артық тәсіл әзірше жоқ, - дейді зерттеушілер мен сараптамашылар. ҰБТ-орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтиханымен біріктірілетін жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.



Барлық әріптестерім мен сараптамашылардың айтқандарын қорытындылай келе, ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:

1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.

2.Мектептердің білім сапсына нақты баға беріледі.

3.Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге жұртшылықтың көзін жеткізеді.

5.Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетеді.

Сондықтан ұстаздар қауымы,қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармайық.Ел болашағы-білімді жастардың қолында.сол себепті білімді ұрпақ,жеке тұлға қалыптастыру-біздің ең басты мақсатымыз болсын!


ІІ бөлім- Үлгі тапсырмалар мен тест түрлері
Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге сапалы даярлауға бағытталған пән мұғалімдеріне көмекші тапсырмалар мен тест түрлерін ұсынамын.
1.Жабық сұрақ тапсырмасы (теориялық білімді тексеруде, бекітуде маңызды)


р/н

Тапсырмалар

Жауаптар (бала жазады)

1.

Лексика нені зерттейді?

Сөз мағынасын

2.

Сыпайы сөйлеу дегеніміз не?

Дисфемизм

3.

Омоним дегеніміз не?

Жазылуы, айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі

4.

Біріккен сөздер қалай жазылады?

Бірге жазылады

5.

Кірме сөз дегеніміз не?

Басқа тілден енген сөздер

2 . Балама сұрақ

Тапсырма

Жауабы Иә/ жоқ

Дауыссыз дыбыстар буын құрай ала ма?

Иә

Атаулы сөйлем мүшесіне талдана ма?

Жоқ

Жақсыз сөйлемде бастауыш бол ма?

Жоқ

«Қашық», «шалғай» сөздері синоним бола ала ма?

Иә

3.Сәйкестендіру тапсырмасы

Сұрақтар

Дұрыс жауабымен сәйкестендір

Табу сөз дегеніміз

жалаң

Қазан айы. Қандай сөйлем?

Салалас, сабақтас, аралас

Ой астарлы болады

«Кодекс куманикус»

Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем

Атаулы

Құрмалас сөйлем түрлері

Атын тура атауға тыйым салынған сөздер

Қыпшақ тіліндегі қолжазба

Мәтелде


4. Жаттығу жұмыстары

1 - тапсырма

Төмендегі сөйлемдердегі көнерген сөздердің астын сызып, түрлеріне ажыратыңыз.

1. Ол шекпенін жамылып шықты.

2.Шықсаң ұзақ сапарға,арымас ат – отарба.

3. Қолына ұстаған садағы бар екен.

4.Ынтымақ – оқ өтпес сауыт, татулық – тамаша сауық.

5.Бақа – көлінде патша, жігіт – елінде патша.

6. Қазақ халқы ұрын бару, әмеңгерлік салттарға берік болған.
2- тапсырма

Мәтіндегі диалект сөздерді тауып, астын сызыңыздар және мағынасын ашыңыздар

Қауын егіп болған соң қарттың көңілі тына қойған жоқ.Тоғайға барып, шартаққа деп екі-үш күн ағаш кесті.Қауыны біркелкі жақсы шықты. Қарт енді қауындық жерінің басынан шықпайтын болды. Қарықтардыңарасына шыққан отақтарды шабады. Болашақ шартақ құратын жерді тегістеп, шаңы бұрқырап жатпасын деп су салады. Пәлектер гүлдей бастаған соң, қарттың ісі тіпті басынан асып кетті.Қауын пәлегінің өркенге құлауы да, гүлдеуі де ол үшін кішігірім мереке болды.


3- тапсырма

1.Оқып шығып,сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңдар.



2.Жай сөйлемдердің айтылу сазына қарай қалай бөлінетіне көңіл бөліңдер.

3.Нүктенің қойылу себептерін түсіндіріңдер.

а) Салалы мұртын самалға сүйгізіп, Сарыарқаның саумал желімен Ұлы теңіз - егін теңізі тебіреніп жатты...Тілсіз жаудың жаландаған қызыл жалын тілі диқанның маңдай терімен бітік өскен қалың егінге қарай лап қойды.. Жалақтаған жалынмен арпалысқа түсті...Қып-қызулы шоқты,қып-қызыл өртті бітік өскен бидайға жібермеу үшін,алапат апатпен жан сала айқасты...Күш атаулы өзінен күштіге ғана бас имек...Тауды түлеткен ,құба жонға гүл еккен, сайын далада сақи мекен салған қаһармандардың салтанатты саны...Құлан жортпаған құла дүз...(Ә.Т.)



4- тапсырма

Берілген басыңқы сөйлемдерге өз ойларыңнан бағыныңқы сөйлем ойлап, сабақтас құрмалас сөйлем етіп құрастырыңдар ; бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары әр түрлі болсын.

1. ... жыл сайын бір жаңалық қосылады. 2. ... Ермек телефонның құлағын қайта іліп қойды. 3. ..., менде басқа сөз жоқ. 4. ...,ертең маған қорытқан жобанды айта келерсің. 5. ..., тағы да аз уықытқа тыныштық орнады. 6. ..., тояды қарның тіленбей.



5- тапсырма

Қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауыштарының астын сызыңдар да, жасалу жолын түсіндіріңдер.

  1. Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі-үш шақырым шамасы бар. 2. Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. 3. Жарысқа түспегені болмаса, анық ақын дейді. 4. Күн райының қабағы түйіле түскеніне қарамастан, көркем Қарқаралыны тағы да бір аралап түспек болдым. 5. Көкдолы асау болғанмен, түбі көрінген саяз болатын. 6. Саяси сезімі әлі оянбаған Ботагөз қашаннан таныс екендіктерін ести отыра, мән берген жоқ. 7. Екі ат терлегенше, бір ат терлесін. 8. Менің соңғы қимылым бұрынғыдан әлдеқайда қиын болса да, апырып-жапырып-ақ тастадым.

6- тапсырма

Сабақтастардың түр-түріне (қарсылықты, себеп, шартты бағыныңқы) ажыратыңдар; бағыныңқы сөйлем баяндауыштарының астын сызып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

1. Адам жаны адамның ісі мен әрекетінен көрінер болса, Құсбеков те Дербасовтың ішкі дүниесінен біраз асыл қасиеттерді аңғаран еді. 2. Зейнетке шыққанмен. Құрышбай үйді тегін отырмайды. 3. Асқар кеш жатса да, белгілі мерзімде тұрды. 4. Сұр жорға разъезден табылған соң, Дәметкеннің баланы алып пойызға мінуіне ешкім күдіктенген жоқ. 5. Дарияның құмға ауып кеу қаупі бар, одан осындай шараларды қолданғанда ғана құтылармыз. 6. Ол шараларды жүргізбей, Бақабастан каналдың сағасын алуға болмайды. 7. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жассайды.



Тест түрлері

Болашақта болатын тест тапсырмаларының түрлері

1.Ашық тест

2.Жабық тест

3.Бірнеше жауапты тест

4.Сәйкестендіру тесті

  1. Ашық тест тапсырмалары

Ашық тест тапсырмаларында сұрақ қана беріледі.Бала жауапты өзі жазады.Жауаптың синонимі болуы мүмкін, сондықтан дұрыс жауаптың екеуі де(синонимі болған жағдайда) бағаланады.

001


Сөздің затты, құбылысты атап білдіретін мағынасы - ...

$$$1 тура мағына

$$$2 бастапқы мағына

{ Синонимдер саны}=2

{ қиындығы}=A

{оқулық}= Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова, 2010 жыл, 5 – сынып, «Атамұра»,

002

Тура мағына - ...



$$$1 бастапқы мағына

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=A

003


Сөздің екі я одан көп мағынаға ие болуы - ...

$$$1 көп мағыналы сөз

$$$2 полисемия

{ Синонимдер саны}=2

{ қиындығы}=B

004


Мағыналары жақын, әр түрлі дыбысталады - ...

$$$1 синонимдер

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=A

005

Атын тура атауға тыйым салынады - ...



$$$1табу сөздер

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=A

006


Эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс - ...

$$$1 дисфемизм

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=A

007

Бірнеше сөздер тұтасып келіп бір мағынаны білдіретін тіркестер - ...



$$$1 тұрақты сөз тіркесі

$$$2 фразеологизмдер

{ Синонимдер саны}=2

{ қиындығы}=C

008

Ойды бейнелеп, тұспалдап жеткізеді - ...



$$$1мәтел

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=A

009


Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы - ...

$$$1сөздік құрам

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=C

010

Дәуірі өтіп кеткен сөздер - ...



$$$1 тарихи сөздер

$$$2 историзмдер

{ Синонимдер саны}=2

{ қиындығы}=B

011

Сөздік қорға жаңадан енген сөздер - ...



$$$1жаңа сөздер

$$$2неологизмдер

{ Синонимдер саны}=2

{ қиындығы}=A

012

Басқа тілден енген сөздер - ...



$$$1кірме сөздер

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=A

013


Әдеби тілде баламасы болады - ...

$$$1диалект сөздер

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=C

014

Ғылым, техника салаларында қолданылатын сөздер - ...



$$$1термин

$$$2 арнаулы сөздер

{ Синонимдер саны}=2

{ қиындығы}=B

015

Сөздік құрамды құрайды - ...



$$$1байырғы төл сөздер

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=B

016


Кәсіби сөздің түрлері - ...

$$$1 қолөнершілік, ауыл шаруашылығы

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=B

017

Лексиканың зерттеу объектісі - ...



$$$1сөз және оның мағынасы

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=A

018


Тура мағына негізінен туған мағынаны - ...

$$$1туынды мағына

$$$2ауыспалы мағына

{ Синонимдер саны}=2

{ қиындығы}=B

019


Жұрнақтар қосылау арқылы жасалған омонимдер - ...

$$$1 туынды омонимдер

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=B

020

Қарама- қарсы сөздерді - ...



$$$1 антоним

{ Синонимдер саны}=1

{ қиындығы}=A


  1. Лексика тарауына арналған бірнеше жауапты тест тапсырмаларының үлгісі

Бірнеше жауапты тест тапсырмаларында бір немесе екі, үш жауабы болады. Құрылымы жағынан күрделі болады.Ой қорытуды, салыстыруды қажет етеді.

1. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесі

A) қоңырау соғылды

B) асыл тас

C) күн сәулесі

D) адал адам

E) ой сәулесі

F) қоңыр сиыр

G) жеңіл тас

H) жел соқты

{Дұрыс жауабы}= E

{Қиындығы}=А

{Оқулық}= Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова, 2010 жыл, 5 – сынып, «Атамұра»,



2. Тура мағыналы сөз тіркесі

A) долы жел

B) сары уайым

C) жылы жүз

D) терең құдық

E) сары күз

F) қатал тағдыр

G) өмір қиясы

H) тәтті түс

{Дұрыс жауабы}= D , E

{Қиындығы}=А

3.Тұрақты сөз тіркесі

A) жүрегі ауырды

B) жүрегінен оқ тиді

C) жүрек жұтқан

D жүрегін ұстады

E) жүрек жеді

F) жүрегінің түгі бар

G) жүрегі шайлығу

H) жүрек тамыры

{Дұрыс жауабы}= F, G, C

{Қиындығы}=B

4.Синонимдер қатары

A) өткір, жасық

B) байыпты, салмақты

C) ғажап, уәде

D) тұспалды, болжамды

E) бойшаң, аласа

F) қараулық, жомарт

G) аспан, биік

H) мықты, қоңдану

{Дұрыс жауабы}= B, D

{Қиындығы}=B

5. Синонимдер қатары

A) абысын, келін

B) бәйге, көмбе

C) жамағат, көрші

D) көздеген, қашық

E) егіншілік, кәсіп

F) дұшпандық, жаулық

G) мола, өлді

H) ақсаңдау, шойнаңдау

{Дұрыс жауабы}= H, F

{Қиындығы}=B

6. Көп мағыналы сөздер қатары

A) қара, лезде

B) ата, бел

C) жас, өмір

D) ат, су

E) төркін, құлақ

F) кілт, аспан

G) түп, ағаш

H) түбір, ана

{Дұрыс жауабы}= B, E

{Қиындығы}=C

7. Антонимдер қатары

A) көк - аспан

B) аласа - тайпақ

C) жайпақ- шұңғыл

D) заңғар - биік

E) сараң - қарау

F) өсек - қауесет

G) жер - көк

H) өмір - тіршілік

{Дұрыс жауабы}= C, G

{Қиындығы}=B

8. Омонимдер қатары

A) ат, ос, он

B) жүз, күй, шап

C) қырық, сан, қызыл

D) әке, жең, жүдеу

E) оң, көз, сүйек

F) аш, жыл, қарт

G) әже, үй, тарта

H) өнер, ой, бала

{Дұрыс жауабы}= B

{Қиындығы}=C

9. Синонимдер қатары

A) тоқтық, аштық

B) аймақтық, шеткері

C) жоқшылық, тапшылық

D) тәуірлену, ажарлану

E) келемеждеу, ажуалау

F) қажырлы, осал

G) көпшілік, елсіз

H) бағалы, құнсыз

{Дұрыс жауабы}= C, E

{Қиындығы}=B

10. Табу сөз

A) жасыл, қасқыр, ит-құс

B) шырақ, жылан, найзағай

C) мырза, айналайын, ауру

D) шешек, еркежан, арыстан

E) бөрі, бикеш, ісік

F) ұлыма, қорасан, шырайлым

G) індет, жай, тыйым

H) жасын, ит, ене

{Дұрыс жауабы}= F

{Қиындығы}=C

11. Тұрақты тіркестер

A) жүрегіне батты, қарақат терді

B) құрдай жорғалау, қақалып- шашалды

C) аты шулы, елге танымал

D) аяғына жығылу, қатты қорқыту

E) аузы-аузына жұқпау, еңбегі жану

F) бәйек болу, құлағына сыбырлау

G) бетінен қақпау, жолын кесу

H) әкесін таныту, көзінен ұрды

{Дұрыс жауабы}= E, G

{Қиындығы}=C

12. Мәтелдер қатары

A) Ақылы асқанды аға тұт, Суға кеткен тал қармайды

B)Кәрі түлкі қақпанға түспес, Қыздың көзі қызылда

C) Ауыртпалық ақыл қосар, Еңбек ер атандырады.

D) Сұлуынан жылуы, Досы көпті жау алмайды

E) Екі қораз ен қораға сыймас, Ата көрген оқ жонар

F) Анасын сүйгеннің, баласын сүй, Кіші үлкенмен керіспес.

G) Байтал түгіл бас қайғы, Кең болсаң, кем болмайсың

H) Соқыр тауыққа бәрі бидай, Батыр туса, ел ырысы.

{Дұрыс жауабы}= B

{Қиындығы}=C

13. Көнерген сөздер

A) садақ, мешіт

B) жаппа, жасақ

C) барымта, құда

D) биқасап, пітір

E) дүрия, мата

F) патсайы, сауыт

G) әкім, күпі

H) адырна, отарба

{Дұрыс жауабы}= F , H

{Қиындығы}=A

14. Жаңа сөздер

A) дернәсіл, үлескі , өскін

B) үнтаспа, бақша , жасуша

C) діл, қаудан, саяжай

D) зейнетақы, саяжай, былғары

E) жолсерік, інжу, мешіт

F) колхоз, желім, түйме

G) қадақ, ғарышкер, өсімтал

H) құжат, кеден, жылыжай

{Дұрыс жауабы}= A, C, H

{Қиындығы}=B

15. Кірме сөздер

A) жарлық, Арыс

B) әдебиет, кітапхана

C) Қордай, бай

D) қоғам, Баянауыл

E) адам, тәрелке

F) кәмпит, жаңалық

G) телефон, жыр

H) ұлыс, жазба

{Дұрыс жауабы}= E, D

{Қиындығы}=B

16. Диалект сөздер

A) зайырлы, ұжым

B) ұшақ, үшем

C) немелтай, әлем

D) сіріңке, тыңла

E) тәртіп, бережақ

F) ішқұста, нән

G) тұқым, жәшік

H) қабырға, ағза

{Дұрыс жауабы}= E, F

{Қиындығы}=С

17. Кәсіби сөздер қатары

A) қылша, гидрат

B) дром, аммиак

C) өркен, құты

D) жәмше, торлама

E) пәрбі, атауыз

F) әмбебеп, бұйым

G) әнұран, кіл

H) залал,кигіз

{Дұрыс жауабы}= E, D

{Қиындығы}= C

18. Термин сөздер қатары

A) түбіртек, кәуіп

B) кәсе, карта

C) жом, загон

D) кеден, диалект

E) бап, әуежай

F) отбасы, дүмбі

G) азон, жарғы

H) сота, куб

{Дұрыс жауабы}= E, G

{Қиындығы}= B

19. Термин сөздер қатары

A) түбіртек, кәуіп

B) кәсе, карта

C) жом, загон

D) кеден, диалект

E) бап, әуежай

F) отбасы, дүмбі

G) азон, жарғы

H) сота, куб

{Дұрыс жауабы}= E, G

{Қиындығы}= B

20. Эвфемизмдер қатары

A) қырт, қайтыс болды

B) сөзуар, ала жібін аттамау

C) есалаң, өтірікші

D) ақсақ, саңырау

E) жан тәсілім етті, ауру

F) ақ саусақ, ақымақ

G) ұрланды, қыртпа

H) қолды болды, дүние салды

{Дұрыс жауабы}= H

{Қиындығы}= A


  1. Сәйкестендіруге арналған тест тапсырмалары

Алғашқы берілген үшеуі тест сұрақтары болып табылады.Төменде берілген алты жауаптың үшеуі осы үш сұрақтың жауабы болып сәйкестенеді.

  1. Сөздің мағынасына қатысты сәйкестік

$$$1 сөздің затты, құбылысты атап білдіретін мағынасы

$$$2 бір сөздің бірнеше мағынаға ие болуы

$$$3 сөздің туынды мағынасы

A) тура мағына

B) негізгі мағына

C) бірнеше мағына

D) ауыспалы мағына

E) полисемия

F) түбірі

{ Дұрыс жауаптары}=1-A, 2-E, 3-D

2. Көп мағыналы сөзге қатысты сәйкестік

$$$1 ата сөзінің бастапқы мағынасы

$$$2 түбір сөзінің туынды мағынасы

$$$3 кілт сөзінің бастапқы мағынасы

A) ата жұрт

B) үлкен әке, әкенің әкесі

C) сөздің түбірі

D) өсімдіктің түбірі

E) дүниенің кілті

F) ашатын құрал



{ Дұрыс жауаптары}=1-B, 2-C, 3-F

3. Сөздің мағынасына қатысты сәйкестік

$$$1 өкшелес буын

$$$2 терең құдық

$$$3 ойы аспанда

A) көп мағына - ұрпақ

B) ауыспалы мағына – арман мен қиялға беріліп кету

C) ауыспалы мағына – артқы ұрпақ

D) тура мағына – терең қазылған құдық

E) полисемия – артқы ұрпақ

F) тура мағына – арман мен қиялға беріліп кету



{ Дұрыс жауаптары}=1-C, 2-D, 3-B

4. Туынды сөз бен қосымшаға қатысты сәйкестік

$$$1 сөз тудырушы және сөз түрлендіруші

$$$2 сөз мағынасын түрлендіреді

$$$3 жаңа мағынаға ие болған сөздер

A) жалғаулар

B) туынды сөздер

C) жұрнақ түрлері

D) сөз түрлендіруші жұрнақтар

E) сөзге ерекше мән қосады

F) негізгі түбір



{ Дұрыс жауаптары}=1-C, 2-D, 3-B

5. Етістікке қатысты сәйкестік

$$$1 заттық ұғымдағы сөздердің іс - әрекетін білдіреді

$$$2 бір ғана сөзден тұрады

$$$3 бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді

A) етістік

B) туынды етістік

C) есімше

D) күрделі етістік

E) дара етістік

F) көмекші етістік



{ Дұрыс жауаптары}=1-A, 2-E, 3-D

6. Сөйлемге қатысты сәйкестік

$$$1 сөйлемнің грамматикалық негіздері

$$$2 сөйлемге тән белгі

$$$3 жай, құрмалас

A) тұрлаулы мүшелер

B) күрделі сөз

C) сөйлем

D) сөйлем түрлері

E) интонация

F) басыңқы, бағыныңқы



{ Дұрыс жауаптары}=1-A, 2-E, 3-D

7.Стильге қатысты сәйкестік

$$$1 дидарластық сөздің қолданылу орны

$$$2 эмоционалды, экспрессивті сөздер

$$$3 мазмұны екіұшты болмай, нақты жазылады

A) екі немесе бірнеше адамның сұхбатында

B) бетпе – бет екі адамның тілдесуі

C) леп, сұрау белгісі

D) іс қазағаздар стилі

E) Күз тақау болғандықтан, бетеге, бурыл, көде сарғыш.

F) Мемлекеттік тіл – тұрғылықты халықтың тілі.



{ Дұрыс жауаптары}=1-A, 2-E, 3-D

8. Құрмалас сөйлем түрлеріне қатысты сәйкестік

$$$1 салалас, сабақтас, аралас

$$$2 құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер байланысы

$$$3 алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз

A) құрмалас түрлері

B) салаласа

C) сөйлем

D) сабақтас

E) салаласа, сабақтаса

F) сабақтас түрлері



{ Дұрыс жауаптары}=1-A, 2-E, 3-D

9. Көмекші сөздерге қатысты сәйкестік

$$$1 лексикалық мағынасынан айрылған сөздер

$$$2 зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болатын сөз

$$$3 көмекші есім, көмекші етістік, шылау

A) көмекші сөздер

B) негізгі зат есім

C) бейнелеуіш

D) көмекші етістік

E) көмекші есім

F) көмекші сөз түрлері



{ Дұрыс жауаптары}=1-A, 2-E, 3-F

10. Етістіктің ерекше түрлеріне қатысты сәйкестік

$$$1 сөйлемде екі түрлі қызметте қолданады

$$$2 -ғалы, -гелі,-қалы,-келі

$$$3 шақпен де, жақпен де байланысы болмайды

A) көсемше

B) етіс

C) есімше

D) көсешенің жіктелмейтін түрі

E) туынды етістік

F) тұйық етістік



{ Дұрыс жауаптары}=1-C, 2-D, 3-F
ІІІ бөлім

Соңғы кезде білім жүйесіне барлық пәннен эссе жазу еніп жатыр.Мектептерде, жоғары оқу орындарында, тіпті кез келген маман иелеріне эссе жазу талаптары қойылып жатқанын білеміз.

Жинақта эссенің үлгілері берілген, осыған қарап мұғалімдер мен оқушылар эссе жазуға бағыт алуға болады деп ойлаймын.

Эссе №1.

«Абай жолындағы» символизм және Абай мен халық
Халқымыздың жарты ғасыр өмірін көрсеткен шығарманың бірі – «Абай жолы» роман –эпопеясы. «Абай жoлы» рoманы - жазушының өмір-дәптеpі десек те болады. «Абай жолы» романы халқымыздың болмыс –бітімін, ұлттық бояуын төрткүл әлемге паш еткен шығарманың бірі десем, артық айтқандық емес.

Романның алғашқы кітабында оқудан қайтқан бала Абаймен бірге жарысып келсек, соңғы кітапта кемеліне келген ұлы ақынмен қоштасамыз. Абай ақынның азаматтық, ақындық бейнесінің өсуіне куә боламыз.

Романның «Абай жолы» деп аталуының себебі неде?

Романның «Абай жолы» аталуында үлкен символдық мән бар. Романның «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деп бөлімдерінің аталуында астар бар.Осыны біріне - бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл - Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Сонда, Абайдың жолы - «қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы - «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда» болады. Бірі - көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы.

Алғашқы екі кітап “Абай”, үшінші кітап – “Абай аға”, кейін төрт кітап “Абай жолы” аталуында меңзеулік мән бар. Жеке тарау аттарының символдық мағынасын аңғаруға болады. Абай «үлкен аға, ел ағасы» деген мағына білдірері даусыз. Сондықтан Абай – халықтың жоқшысы, ұлы ақын, халық өмірінің символы ретінде қабылданады. Ал, романдағы: « Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты»  деген жолдары Құнанбай образы арқылы қатыгездіктің, озбырлықтың үлгісін танытады. «Абай жолы» - жарқын болашақтың, білімнің, ғылымның жолы болса, Құнанбай жолы –ескіліктің жолы ретінде беріледі. Өмірдің небір тамаша нұрлы жақтары – әже мен ананың перзентке деген шексіз махаббаты (Зере, Ұлжан – Абай), аға мен іні арасындағы қаяусыз адалдық (Абай – Оспан) , өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық (Абай – Ербол), мәңгілік махаббат (Абай –Тоғжан) арасында суреттеледі.Бұл – романның басты идеяларды толықтырып отырады.



Романның жетістігінің бірі - еңбекшіл халық өкілдерінің бейнелері ұтымды сомдалған.
Бұлардың іс-әрекетін, үміт-арманын, қоғамдағы орнын көрсету — романға
жетекші болған негізгі идеялардың бірі. Қарапайым халықтың қайнаған ортасын таныстыру, мұңы мен сырын сездіру, жүрек түкпіріндегі тілек-талабын айту эпопеяның халықтық сипатын ашады. Айрықша атап айтарлық бедерлі бейнелер - Дәркембай мен Базаралы. Балағаз бен Абылғазыдан Дәрмен мен Сейітке дейінгі ондаған кейіпкерлер - Дәркембай мен Базаралының әлеуметтік ортасы.Бұл екеуі жүрген жерлердегі келешек үшін күрестің де сыр-сипаты бөлек, қарсыластардың ара жігі ақ пен қарадай айқын. Осылар арқылы автор романдағы жүздеген типтер мен характерлер ішінен уақыт сынынан өтіп өсетіндерін де, келешегі жоқ өшетіндерін де өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады.Абайға қарапайым халықтың тұрмысын баяндағанда Абай Дәркембайдың шешен тіліне сүйсінеді, халық мұңын терең түйсініп, олармен тілеулес, пікірлес болады.Абайдың Базаралыға қол ұшын беруі романда бірнеше жерде айтылады.Абайдың үлкен үміт артқандығы болашағы зор халықты бастайтын ұшқынды көреді.  Абайдың Дәркембайлар мен Базаралылар арқылы өзінің туған халқымен, оның езілген еңбекші бұқарасымен, дәл осы тілектестігі - халықтық эпопеяның шырқап шыққан идеялық шыңы деуге де болады.Халықпен біте қайнасып, мұңын мұңдап, жоғын жоқтау арқылы Абай кемеліне толысады.Дәлірек айтсам, Абай бейнесін бұқара халықтың бейнесінен бөліп алып тастауға болмайды, себебі, Абай таңдауындағы жол - халық үшін, халықтың жарқын болашағы үшін еді.

Қорытындылай келе, өз басым «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады деп ойлаймын.



Эссе №2.

Оралхан Бөкей «Апамның астауы»

«Ол кезде мен бала едім» деп басталатын авторлық шегініспен жазылған Оралхан Бөкейдің әңгімесі - үлкен философиялық тереңдікке құрылған шығарма. Ұғар санаға әңгіме негізгі кейіпкері - апа арқылы, оның өмірдегі жарқын бейнесі мен әрекеттері арқылы қаншама құнды дүниелерді айтады. Шығарманың өн бойында әженің аты аталмай, үлкен әріппен «Апа» деп қана аталуы автордың да, немеренің де, оны білетін барлық адамдардың да оған деген ыстық ықылас-ілтипатының белгісі іспетті. Қазақ дәстүріндегі үлкенге деген құрметтің көркем шығармадан шебер көрініс табуы - бұл. Жалпы, бұл шығарма шын мәніндегі тұрмыстық – салттық өмірдің, этикалық, этнографиялық, археологиялық, ұлттық құндылық пен адамдық құндылықтың таразыға түсіп талқылануы ма деп те ойлайсың...

Шығармадағы апа – ата – бабаларымыздың, астау – ұлттық құндылықтарымыздың символындай. Автор ата – бабаларымыздың өмірін, саналы да сапалы ұрпақ жалғастығы жолында жасаған дүниелерін апаның өмірі арқылы көрсетіп тұрғандай. Демек, апа бейнесі – үлкен көне көз бабалардың жиынтық образында. Апаның көрген қиыншылығы – ата – бабаларымыздың көрген қиыншылығы. Автор апаның бейнесін: «арық, ашаң кемпір, тарамысты, мықты саусақтар, ерні мен иегін күйік шалып, тыртықтанған әдемі ажар, кимешегінен дудырап шығып жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш қана...» деп көз алдымызға әкеледі. Апа бейнесі - қайратты, қажырлы, күшті. Шығармадағы кемпірдің ақ шалмаған қара бұйра шашы - осы күштіліктің символы. Автордың шығарманы «Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен - ау» деп аяқтауы да тегін емес. Ардақты, асылдарымызды көзі тірісінде, қолда барында құрметтеп, ұлттық асыл құндылықтарымызды жоғалтып алмай келесі ұрпақтың санасына орнықтыру қажеттігін айтады.

...Құдай – ау, мәңгілік тіршіліктің жоғын сезе тұрып, Апам сынды адамдарды жер басып жүрген кезінде неге ардақтамадық, неге бағаламадық? Хан көтеріп, пір тұтудың орнына, шікірейіп жүріп, өлтіріп алдық. Егер олар ортамызда жүрген шағында ардақтап, әр сөз, әр ісін жоқ дегенде үйреніп үлгерсек – өлмегені ғой, өлтірмегеніміз ғой, ал біз тірі кезінде-ақ өлтіріп аламыз... Міне, автордың негізгі айтпақ ойы. Міне, автордың жас ұрпақтан қалауы. Өмірдің жалғасуы, үлкенге деген құрмет, тұрмыстық, салттық, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпау, керісінше қадір тұту, аялау автордың оқырманға ой салар түйіні - осы.


Эссе №3

«Мен жастарға сенемін»

Арыстандай айбатты, 


Жолбарыстай қайратты - 
Қырандай күшті қанатты. 
Мен жастарға сенемін! – деп, болашаққа үлкен үміт артқан Мағжан ақын – нағыз ұлтын сүйген жүрек дер едім...

Ақынның осы өлеңінің идеясы өте тереңде жатыр.Бүкіл қазақ болмысының табиғатын ашып, болашағына асқан сенім білдіреді.Қазағымыздың болашағын жасайтын қырандай текті, тұлпардай жүйрік, ойы озық, жаны таза жастарға елінің болашағын аманат етеді.

Сүттей таза жүректер, - деп адам жаны таза болса, ойы мөлдір болса, орындалмайтын тілек болмайтынын меңзейді.Жастық жалында қажу, талу деген жоқ, сондықтан да жастарға сенемін деп нық басып айтады.Ақынның осы өлеңін оқыған әрбір «елім» деп соғар жүрегі бар адамның селт етпеуі мүмкін емес...

Өлеңді оқып отырып, ақын өмір сүрген қоғам көз алдыма елестейді, ойға шомамын ...қазіргі заман үнімен салыстырамын. Дәл қазіргідей тәуелсіз өмірді аңсаған ақынның сол кездегі арманы бүгінде орындалып отыр.Демек, ақынның жастарға артқан сенімі ақталды!Мынау қоғам, тіліміз, дініміз, рухани байлығымыздың бәрі жастардың, біздің, еншімізде, мен соны түсіндім.Ақын елінің болашағын болжап кеткендей...



Халықтан «Тау суындай гүрілдер, Айбынды Алаш елім дер, Алтын Арқа жерім дер» жастардың туатындығына  кәміл сенеді.

Ақын сенім артқан жастар қазіргі таңда ел тізгінін тең ұстап, әлемдік деңгейге халқымызды танытып жатыр. Мағжан сенген жастар - әлемнің ең озық технологиясын меңгерген, білім нәрімен сусындаған, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қоятын, зияткер ұрпақ.

 Мен сенемін жастарға, 
Алаш атын аспанға 
Шығарар олар бір таңда, 
Мен жастарға сенемін!  - деген ақынның үміті, расымен де, ақталып, қалың «Алаштың» атын бүкіл ел мойындады.Ақынның осы өлең жолдары жастарымыздың басты ұраны мен бойтұмарына айналды.

Сонымен қатар, түсінген адамға, ақын болашақтан күдер үзбеу керектігін ұғындырады.Мен Мағжан ақынды пір тұтамын!


Эссе №4

«Шұғаның белгісі» повесіндегі әңгімелеушінің рөлі
« Ой, шіркін, өзі де Шұға десе – Шұға еді –ау...»

(«Шұғаның белгісінен»)
«Шұғаның белгісі» хикаяты өзге шығармалардан несімен ерекшеленеді?

Бұл шығармадағы оқиға бастан аяқ әңгімелеуші жігіт Қасымбектің аузымен баяндалады. Біз екеу едік...деп басталатын оқиғада әңгімелеуші жігіттің рөлі ерекше.Ол кім?

Автордың суреттеуінше отыз –қырықтардың шамасындағы, сиректеу сақал –мұрты бар, қара бқжырлау, сөйлемпаз адам.Осы сөйлемпаздығы болар, қара кер атын тебініп, шаужайлап келіп жолаушы серігін әңгімеге тарта беріп, Шұғаның оқиғасына алып келгені.Серігін «ой, шіркін, өзі де Шұға десе – Шұға еді –ау..»деп ынтықтыра оқиғаны баяндап береді.Әңгімелеуші жігіттің өте шешен тілді, шебер суреткер екенін Шұғаны сипаттаған тұсынан байқаймыз.Оның Шұғаның сипатын суреттегенінен - ақ , расында да , Шұға кім екен, не болған деген сияқты сауалдар қамап, оқиғаны білуге ынтыға түсесің.Оқиға әңгімелеуші жігіттің аузынан өте тартымды шыққан.Шұғаның портретін бергендегі «өй, шіркіннің өзі де келбетті еді – ау...» деп тамсана суреттегеніелең еткізерлік күйді кешіртеді.Өзінің жастық заманының қыр –сырын да әңгімеге негізгі арқау етеді.Салыстыра сипаттайды. «Жеңілдікдегеннің не екенін білген бала емес.Бұл күнде ондай қыз қайда?Заман бұзылған ғой...» деп өз кезіндегі жастық шағының тамаша келбетін сомдайды.

Әңгімелеушінің бізді Әбдірахманмен таныстырғаны да өзгеше.Шұға екеуінің арасындағы қып – қысқа диалогтен Әбдірахманның кім екенін бұрыннан танитындай біле кетесің.Сонымен қатар әңгімелеушінің «сіз білмейсіз ғой...» деп әңгімені одан әрі қыздыра түсуі тіптен ғажап!Шұға мен Әбдірахман арасындағы пәк махаббат сезімніңің қалай тұтанып, немен тынғанын шебер суреттеп, бірде сүйсінтіп, бірде қынжылтып тастайды.Әңгімелеушінің осыншама жанды суретті көз алдымызғаәкеліп тастауының басты себебі, Әбдірахман мен Шұғаның арасындағы махаббаттың нәзік жібін жалғаушы өзі болғандығында.Бар оқиғаның басы –қасында жүрген басты куәгер өзі.Шұға мен Әбдірахманның хаттарын жатқа оқуы – бас кейіпкерлерге деген ерекше құрметін көрсетеді.Әңгімелеуші оқиғаны қарапайым сөйлеу тілімен суреттей отырып, оқырманның жүрегіне үлкен жол тапқан, себебі, бұл оқиғаны оқыған адам, өз басым, талайға дейін екіұдай сезімнің арасында жүрдім.Иә, Шұға десе, Шұға екен –ақ...


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992

2. Мырзабеков С. Ќазаќ тілі фонетикасы. Алматы: Қазақ университеті, 2004

3. С.Исаев, К.Назаргалиева, Ж.Дәулетбекова. Алматы «Атамұра», 2010

4. С.Аманжолов, А.Аманжолв, Алматы, «Мектеп», 2010

5. Н.Уәли, Ө. Қыдырбаев, «Мектеп», 2006



Мазмұны

Алғы сөз

3

Қазақ тілі мен әдебиетінен ҰБТ-ға сапалы даярлаудағы тапсырмалардың жаңашылдығы мен көптүрлілігі



4

І бөлім Ұлттық Бірыңғай Тестілеу не береді?


4

ІІ бөлім Үлгі тапсырмалар мен тест түрлері


8

ІІІ бөлім эссе үлгілері


21




Каталог: assets -> images -> files -> ENT
ENT -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
images -> Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»
images -> О работе с сайтами суицидальной направленностью
files -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
images -> «Бекітемін» ШҚО білім басқармасының басшысы А. Садыкова
ENT -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
images -> Құрметті жерлестер шығысқазақстандықтар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет