Өскемен қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақша» кмм



Дата06.02.2020
өлшемі33,22 Kb.
#57341
Байланысты:
баяндама

Өскемен қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақша» КММ

Тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігігінің апталығы


баяндама



Тақырыбы: Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттілігін қалыптастыру.

Дайындаған «Қошақан»

тобының тәрбиешісі:

Беркутова Н.Ш

Өскемен қаласы,

2017 – 2018 оқу жылы

Тақырыбы ; Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттілігін қалыптастыру.

Мақсаты;

Балалардың тілін дамыту, сөйлеу  мәдениеті  мен  ой -өрісін,  дүниетанымын жетілдіру. Сөз  өнерін  қастерлей  білуге,  өз  білімін  көтеруге,  шешендікке баулу.Ертегілерді  пайдалана  отырып – балалардың құзыреттілігін қалыптастыру.



Міндеттері:.

Балаларды  адамгершілікке  баулу, ойын  нақты  тапқыр  сөйлеуге, ақылды,  салмақты  ой  айтуға үйрету .

Баланың  қиялын  есте  сақтауын шығармашылық қабілетін  дамыту, ойдан  әңгіме,  ертегі  шығарып  айтуға  дағдыландыру.

Баланың  әлеуметтік  және  эмоционалдық  дамуына  жағдай  жасап,  әр  баланың  жеке  дара  әртістік,  шығармашылық  қасиеттерін  ескере  отырып, өзін  қоршаған  ортаға,  адамдарға, құрбыларына, өзіне  деген  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру.

  Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. 
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф – хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінеді

Ерте – ерте ертеде деп ертегінің баслатуынан ақ байқауға болады. Ертегі деген сөз ертеде ерте күндегі деген сөздерден туған. Сол ертегіні нақшына келтіріп айтатын адамды ертегіші, ертекші деп атаған. Ертегі қиял қазынасы ертегілерді ойдан шығарылған, шындыққа айналатын кездері болған. Ертегі арқылы балаға жақсы мен жаманның не екенің ұғынатынын қарапайым тілмен түсіндіруге болады. Ертегі баланың бойында болашаққа сенімділікті орнықтырады. Оқиға соңы қашан да жақсылықпен аяқталынып кейіпкердің кез келген қиындықты жеңіп шығуы баланы батылдыққа баулиды. Қысқасы жас балаға қарапайым ақиқат шындықты тез түсіндіргіңіз келсе, ертегі айтыңыз. Ертегі көне заманнан бері, ең тәрбие тәсілі болып келеді. Мектеп жасындағы ересек балалар үшін пайдалы, әсіресе 3,4,5 жастағы балалардың психологиясына тигізер әсері мол.

Ертегі – қай халықтың фольклорында да ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімін, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлген жөн.

Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухни мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді. Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын» -деген екен. [1]

Бала тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңістігінің басты міндеттері болып табылады. Қиял-біздің өміріміздің бір қыры. Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер туындылыры, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. Балалардың дамуы үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек. Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды

Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі – рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі" - деп анықтама береді [2].

Бала ертегіні тыңдау арқылы жақсылықтың оңай келмейтінің патшалық пен сұлу ханшайымды біреу бере салмайтынын түсінеді. Баланың тілін бір жүйеге келтіріп қоршаған адамдармен, балалармен, ортамен қарым қатынасқа түсуді үйретеді. Жас балаға ойын – тілін жетілдіру үшін тез түсіндіргіңіз келсе, ертегі айтып беріңіз. Осыған ертегі арқылы бала өзінің ертегіден түсінгенің, өз тілі арқылы жеткізе біледі. Осыдан барып, баланың ойлау қабілеті артып, тіл байлығы молайа түседі. Айталық үлкендерді тыңдамай, ақыр соңында опық жегізген «Бауырсақ», «Қызыл телпек», «Алдар көсе мен балықшы» ертегілерінен көп ғибрат алуға болады. Қатігездік туралы ертегінің өзі баланың үрейін қашырып жас балаға қиындық пен қатер аяқ астында тап болуы, басыңа іс түскенде әрекет етуі бағыт – бағдар сілтейді. Қазақ ауыз әдебиетінің ішінде ертегінің ролі зор, одан халқымыздың өткенің білеміз. Бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Бала не нәрсе болса да, соған құштар болып тұрады.

Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір жүрегі. Баланың да өзіндік пікірі, көзқарасы, психологиялық ерекшеліктері бар, олар педагогикалық ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтан да, ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологиялардың атқаратын орны бөлек.

Ергетіні әңгімелеуге бір ғана суретті пайдаланып қоймай, әр түрлі көрнекіліктерді пайдаланып, дауыс ырғағын келтіре отырып баланың есінде қалатындай оқу керек. Осы ертегінің ішінен бала жағымсыз кейіпкердің жаман әрекетінен бой тартып, жақсылыққа ұмтылады. Көркем әдебиет сабағында сахналық ойындар басқа адамның сөзін тыңдауға, үлкенге жәрдем, кішіге қамқор, құрбы - құрдастары мен араласуға дағдыланады.

Ертегілер құрамы жағынан әр алуан. Ертегіні әр түрлі әдіс –тәсілдерді қолдана отырып, балаға жеткізе білу керек. Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйретеміз, оқиғаларымен  қызықтырып, ой-қиялын дамытамыз, оны баяндауға жетелеп, тілін дамытамыз, адамгершілікке,

 кішіпейілділіккке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ұрпақ  тәрбиесінде  ең  тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл,  түсінуі оңай болғандықтан,  ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін  дамытуда  да атқарар  қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала — үздік бала, себебі жоғарыда аталғандар — жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ.

   Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде өз тәжірибемде «Ертегілерді сюжетті суреттер арқылы әңгімелеймін.» Ертегі мазмұны салынған сюжетті суреттер арқылы әңгімелеуде баларды қиялдап, өз ойын қосып айтуға, болатын оқиға туралы білетінін, аңғарғанын жеткізе білуге үйретеді.Әдеби мәтіндерді қолдана отырып дыбыс тіркестерін, сөзді айтуға, еліктеу қимылын жасауға үйретеді, бұл ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті баланың әсерленгіш сезімдерін кеңейтеді, сөзді тыңдауды, зейіндерін дамытады

     Мысалы:  «Ауру Арыстан»   ертегісі арқылы балаларды  ашкөздік  озбырлық,  әлсіздерге  әлімжеттік жасау  сияқты жаман қасиеттерден  бойларын  аулақ ұстау  үшін арыстанды қалай  жақсы кейіпкер етсек деген  сауал тастаймын.Балалар өз ойларын айтады.Балалармен бірлесе отырып ертегі желісін былайша өзгерттім.

  Нәтижесінде балалардың  өз қиялдарынан  туған жаңа дүние оларға ерекше әсер етті, бір-бірімен ой бөлісіп, ынтымақтастыққа тәрбиеленді.

  Біз білетін «Бауырсақ» ертегісінде түлкі бауырсақты жеп қояды,  яғни бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. Ертегінің жаңа нұсқасында біздің  бауырсағымыз жаңа достар тауып,  жаны жақсылыққа  кенеледі.      

     Ертегісінің жаңа нұсқасы балаларды достыққа, адалдыққа, шыдамдылыққа  үйретеді.  

          Мектепке дейінгі жасөспірім бала  тілін дамытуда ертегілерді сахналау ерекше рөл атқарады. Сахналық  қойылым әр  балаға қуаныш,  ұмытылмас әсер сыйлайды,  оның көркемдік талғамын,  еліктеуі мен  қиялын дамытады.Балалар  рөлге енеді, көркемдік оқу әдісі, кейіпкер      бейнесін сомдауы, сөйлеу мәнері,  бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Сөйлеу логикасы  мен дикциясын, дұрыс артикуляциясын  меңгере  біледі,  тілі дамиды.

Ертегілерді сахналық қойылымдарға айналдырып, балаларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

 Қорыта келгенде, балалар ертегіні тамашалай отырып:

  Кейіпкерлердің  жағымды, жағымсыз қасиеттерін айыра  білу және жеткізе білу қабілеті дамиды.   

  Бір текті ұғымдарды салыстырып,ұқсастықтары мен даралық қасиеттерін өз жастарына сай ажырата білуді үйретеді.

 Ойлау тəсілдері, оның ішінде  жұптасып, топтасып ойлау қасиеттері дамиды;

 Кейіпкерлерді сипаттау арқылы бұрын таныс емес сөздерді үйренеді.

Зат  немесе   табиғат  құбылыстары    туралы  жаңа ұғымдармен танысады.

 Ертегі  сюжетін қызғылықты етіп баяндау шеберлігіне машықтанды.

 Өз пікірін іркілмей айтуға бейімделді.

Түрлі ғажайып оқиғаға құрылған ертегілерді жігін бұзбай өрістете айтып, əрбір эпизодты арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыруға талпынады.  

Ертегілердің əрбір кейіпкеріне  жас  ерекшеліктеріне сай   лайықты мінездемелер беру, оладың образдарын, көз алдына елестетерліктей шағын портреттер  жасау, əрқайсысының іс-əрекеттеріне қарай сөз таба білуге дағдыланады.

Бала  эмоционалдық  жағынан дамиды;

 Сөйлеу логикасы  мен дикциясын, дұрыс артикуляцияны  меңгере  біледі.



  Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Менің кішкентай тәрбиеленушілерім  болашақта от ауызды,  орақ тілді  қайсар қазақ халқының  рухын биіктетер азаматтары болатынына сенемін. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет