Осман империясының тарихында ХІХ ғасыр «Реформалар ғасыры» деген атпен тарихқа енді. Империя өзінің бұрынғы күш-қуатын қайта тіктеп, заманауи саяси-тарихи процеске ілесуге тырысты



бет6/9
Дата02.02.2022
өлшемі60,7 Kb.
#117069
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
annotation166920
annotation166920
Талдау. Зерттеу тақырыбының тарихнамасының басты бағыты тақырыпқа қатысты ғылыми мәселелер көтерген тарихшы, шығыстанушы ғалымдардың еңбектерін талдаумен сипатталады. Танымал түрік тарихшысы, әлемдік османистиканың ең ірі өкілдерінен саналған Халил Иналдык Танзимат Реформалары кезіндегі Осман империясының саяси-әлеуметтік тарихы бойынша зерттеулер жүргізген (İnalcık: 1976). Халил Иналжык негізінен Османлы мемлекетінің экономикалық тарихын зерттеп, сонымен бірге Танзиматтың саяси-әлеуметтік тарихына қатысты мәселелермен айналысты. Түрік тарихшысы Э. Куран Осман империясының Еуропа мемлекеттеріне ашылған елшіліктері туралы ғылыми кітабын жариялады. «Еуропада Османлы елшіліктерінің құрылуы» деп аталатын бұл еңбекте Мұстафа Решид пашаның Осман империясы мен Еуропа мемлекеттерінің саяси, дипломатиялық қатынастар деңгейі көрсетіліп, көптеген тың тұжырымдар жасалған (Kuran: 1957, 15).

Сонымен бірге, елшінің еуропалық үлгіде жаңа реформа жүргізу ұсыныстары айтылған. Түркияда Осман империясы мен Англия экономикалық қатынастары тарихын зерттеп оның көш басында Мубахат Кутукоглы тұрды. М. Кутукоглы өзінің екі томнан тұратын «Осман-ағылшын экономикалық байланыстары» атты екі томдық ғылыми жұмысында Осман империясы мен Англияның экономикалық қатынастар тарихын және осы экономикалық байланыстар негізінде Танзимат реформаларының қабылдауында Англияның ерекше қолдау көрсеткені туралы қарастырған (Kütükoğlu: 1976, 19).

Француз тарихшысы Ф. Бродель өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бүкіләлемдік капитализмнің даму тенденцияларына арнап, оның ішінде Еуропадағы және Шығыстағы капиталистік қатынастарды дамуына ерекше мән берді. «Капитализм және материалдық өмір» атты еңбегінде «Осман империясы орта ғасырларда Еуропада көш бастаған мемлекеттердің бірі болса, жаңа заманға келіп, экономикалық даму бойынша еуропалықтардан қалып қойды және олардың көрсеткен экономикалық қысымына шыдай алмастан құлдырады» - дейді (Braudel: 1976).

Англияда Осман империясының Еуропа мемлекеттерімен қарым-қатынасы мен еуропалықтардың Танзимат реформасына ықпалы туралы Бернард Льюис пен Манчестер университетінің профессоры Ф. Ясами зерттеулер жүргізді. Танзимат реформалары кезінде Осман мемлекетінің Еуропа елдерімен саяси қатынастарын зерттеген тарихшылардың қатарында атақты тарихшы, шығыстанушы ғалым Бернард Льюистің (Lewis:2001, 21-25) еңбегін ерекше етіп көрсеткен жөн. Б.Льюис Осман-Еуропа қатынастарына қатысты ғылыми тұжырымдарының басым бөлігін Батыс пен Шығыс арасындағы саяси және мәдени байланыстар негізінде ұсынған. Ф. Ясами Осман империясының сыртқы дипломатиясына қатысты ғылыми мақалалар жинағы осман дипломатиясы тарихын зерделеген ең ірі ғылыми жұмыстардың бірі болды (Yasamee: 2014).

Американдық тарихшы Р. Дэвисон 40 жылдай уақыт бойы Вашингтон университетінде қызмет етіп, Осман империясы мен Еуропа елдерінің сыртқы саяси, дипломатиялық қатынастары мен реформаларға қатысты реформаларға негізделген ғылыми жұмысы тақырыпқа қатысты ең ірі ғылыми жұмыс болды (Davıson: 1999). Тарихшы Р. Оуэннің 1838 жылы Англия мен Осман империясы арасында қабылданған сауда-экономикалық келісімшарт тарихына қатысты ғылыми еңбектері жарық көрген (Owen: 2015). АҚШ-та ХХ ғасырдың соңы мен қазіргі уақытқа дейін Осман империясының сыртқы саяси тарихы мен экономикалық қатынастары туралы Огайо университетінің профессоры Картер Финдлей көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми монографиялар жариялады (Findley



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет