Қосмекенділер. Қосмекенділердің түр саны



бет1/3
Дата10.11.2022
өлшемі70,5 Kb.
#157597
  1   2   3


Қосмекенділер.
1. Қосмекенділердің түр саны:
А) 9 мың В) 5 000 астам С) 40 – 45 мың D) 80 мың Е) 20 мың
2. Қосмекенділердің Қазақстандағы түр саны:
А) 12 В) 4000 С) 170 D) 30 Е) 400
3. Қосмекенділердің сауасқтарының саны:
А) 1 В) 3 С) 4 D) 5 Е) 2
4. Қосмекенділердің мойын омыртқа саны:
А) 1 В) 3 С) 4 D) 5 Е) 7
5. Қосмекенділерде ең алғаш пайда болды:
А) Бауыр, қарын В) Қуық, тері бездері
С) Ішек, клоака D) Клоака, қуық Е) Тері бездері, ортаңғы құлақ
6. Қосмекенділердің жүрегі:
А) Бір қуысты В) Үш қуысты
С) Екі қуысты D) Төрт қуысты Е) Бес қуысты
7. Қосмекенділердің зәршығару мүшесі:
А) Екі бүйрек, екі несепағар, қуық, клоака
В) Бір бүйрек, бір несепағар, қуық, клоака
С) Бір бүйрек, бір несепағар, клоака
D) Бір бүйрек, қуық, клоака Е) Бір несепағар, қуық, клоака
8. Қосмекенділердің алдыңғы аяғының бөлімдері :
А) Қар, білек, сирақ В) Сан, сирақ, табан
С) Қар, білек, алақан D) Сан, білек, сирақ Е) Білек, сирақ, алақан
9. Қосмекенділердің иық белдеуін құрайтын сүйектер:
А) Мықын, жауырын, иық В) Бұғана, қарға, жауырын
С) Иық, жауырын, қарға D) Білек, қарға, жауырын Е) Білек, бұғана, иық
10. Бақа дернәсілінің ересек бақаға айналу уақыты:
А) 2 жыл В) 3 жыл, 4 ай С) 3 ай D) 2 жыл, 8 ай Е) 2,5 ай
11. Қосмекенділердің ежелгі арғы тегі:
А) Ракоскорпиондар В) Латимерия
С) Трилобиттер D) Стегоцефалдар Е) Сауытбастылар
12. Аяқсыз қосмекенділерге жатады :
А) Саламандра В) Сақиналы құртпошым
С) Жетісулық бақатіс D) Даната құрбақасы Е) Жасыл бақа
13. Құйрықты қосмекенділер отрядына жатады:
А) Саламандра В) Сақиналы құртпошым
С) Құрбақа D) Даната құрбақасы Е) Жасыл бақа
14. Құйрықты қосмекенділердің түр саны :
А) 12 В) 3 С) 170 D) 30 Е) 400
15. «Аяқты балық» -
А) Саламандра В) Сақиналы құртпошым
С) Жетісулық бақатіс D) Даната құрбақасы Е) Жасыл бақа
16. Жетісулық бақатісінің дене тұрқы:
А) 12 - 13 см В) 20 – 25 см С) 30 – 35 см D) 40 – 45 см Е) 50 – 55 см
17. Алдыңғы аяғы төрт, артқы аяғы бес саусақты қосмекенді:
А) Саламандра В) Жетісулық бақатіс
С) Тритон D) Даната құрбақасы Е) Жасыл бақа
18. Құйрықсыз қосмекенділердің түр саны:
А) 12 В) 4000 С) 170 D) 30 Е) 400
19. Құйрықсыз қосмекенділер отрядына жатады:
А) Саламандра В) Жетісулық бақатіс
С) Тритон D) Даната құрбақасы Е) Сақиналы құртпошым
20. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген:
А) Даната құрбақасы, саламандра, қызылаяқ бақа
В) Даната құрбақасы, жетісулық бақатіс, қызылаяқ бақа
С) Жетісулық бақатіс, тоған бақасы
D) Тритон, сібірлік бақа, жетісулық бақатіс
Е) Көл бақа, тоған бақасы, сүйіртұмсық бақа
21. Балқаш көлінің маңында тарлаған қосмекенді:
А) Даната құрбақасы В) Қызылаяқ бақа
С) Жетісулық бақатіс D) Сібірлік бақа Е) Сүйіртұмсық бақа
22. Жер астында ін қазып тірішлік ететін қосмекенді:
А) Саламандра В) Жетісулық бақатіс
С) Тритон D) Даната құрбақасы Е) Жасыл бақа
23. Көл бақаны сипаттап жазған ғалым:
А) К. Линней В) И. И. Мечников
С) П. С. Паллас D) А. О. Ковалевский Е) И. Ф. Эшшольц
24. Шөп бақаны сипаттап жазған ғалым:
А) К. Линней В) И. И. Мечников
С) П. С. Паллас D) А. О. Ковалевский Е) И. Ф. Эшшольц
25. Зайсан, Балқаш, алакөл өңірінде таралған қосмекенді:
А) Даната құрбақасы В) Қызылаяқ бақа
С) Жетісулық бақатіс D) Сібірлік бақа Е) Сүйіртұмсық бақа



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет