Қосмекенділердің эмбрионалды және постэмбрионалды дамуына сәл ортаның әсері



бет1/2
Дата11.05.2020
өлшемі119,28 Kb.
#67058
  1   2
Байланысты:
Амфибия


Қосмекенділердің эмбрионалды және постэмбрионалды дамуына сәл ортаның әсері

Қосмекенділер — алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортала: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000 - нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бас - сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңкасынан құрал ады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.

Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен - бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен тұрады. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болмайды. Аяқтарында жеке - жеке бұлшықеттер жақсы дамыған. Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқыбездің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоакаға айналады. Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз - жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.

Құрлықта атмосфералық ауамен тыныс алуына байланысты қантарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қан айналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер - оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ құлақшаға келіп аяқталады. Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған. Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз - жұтқыншақ қуысымен де байланысады. Дәм сезуі, тері арқылы сезуі нашар дамыған. Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған. Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабақтары.
Қосмекенділердің балықтарға ұқсас екі бүйрегі, екі несепағар түтігі және бір қуығы бар жақсы дамыған, ол клоакаға ашылады. Қажетсіз заттар клоакадан сыртқа шығарылады.
Қосмекенділер - дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады Дернәсілдері түрленіп дамып, ересектеріне айналады. Дернәсілдерінің басы жалпақ болғандықтан, оларды шөміш балық немесе иттабан; деп атайды. Қосмекенділердің көбеюі мен дернәсілдердің дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанғаннан кейін көл бақаларда (8 - 10 тәуліктен соң) дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда құйрығының көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы біртебірте қысқарып, жойылады.

Қосмекенділердің тек суда ғана тіршілік ететін түрлері де бар. Бақалар мен құрбақалардың ересектері суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Аздаған түрлері ағаш басында өрмелеп өмір сүруге бейімделген. Кейбір түрлері, яғни аяқсыз қосмекенділер тек жер астында ін қазып тіршілік етеді. Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су айдындарының болуы және ылғалдылық маңызды рөл атқарады. Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір түрлері: бақалар, саламандралар тағам ретінде пайдаланылады. Көл бақалар тәжірибелік зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.

Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер. Аяқсыз қосмекенділердің 170 - тей түрі Африкада, Америкада, Үндістанда, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Солардың бірі сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан, сақиналы құртпойым деп аталады. Бұлар аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер деп аталған. Олар - жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы. Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың басқа қосмекенділерден ерекшелігі - іштей ұрықтанады.

Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі - жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды. Дене тұрқы 20 - 25 см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы - жалпақ, тұмсығы - доғал. Алдыңғы аяқтарында төрт, артқы аяқтарында 5 саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді. Сырттай ұрықтанады. Дернәсіл кезеңінде қыстал шығып, келесі жылы ересек түріне айналады. Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі. Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі. Жетісу лық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет