5. Абсорбциялық құрылғылардың сызбалары
Абсорбциялық құрылғылардың өнеркәсіптік сызбалары қарсы ағындық, тура ағындық, рецеркуляциямен бір сатылы және рецеркуляциямен көп сатылы болады.
Абсорбцияның қарсы ағындық сызбасында (XI-31 сурет) газ абсорберден төменнен жоғары қарай, ал сұйық жоғарыдан төмен қарай ағып өтеді. Қарсы ағында кететін газ таза абсорбентпен беттесетіндіктен компонентті газ қоспасынан кететін газ сіңірілетін газдың концентрлі ерітіндісімен беттесіп тура ағындық сызбадағыдан (Х1-32 сурет) толығырақ бөлініпалуы мүмкін. Одн басқа тура ағында сіңіргіштің айырылатын компонентпен қанығудың жоғарылау дәрежесіне қол жеткізуге болады, бұл өз кезегіндеабсорбент шығынын төмендетеді. Абсорбция кезінде бөлінетін жылуды шығару үшін және де қондырмалы бағаналарда суландыру тығыздығын жоғарылату үшін абсорбент бөлігін рецеркуляциямен сызбаларды жиі қолданады.
ХI-33 суретте абсорбенттің бөліктеп рецеркуляциясымен бір сатылы абсорбцияның сызбасы бейнеленген. Концентрациясы Хс сұйықтың бір бөлігі бағананың төменгі бөлігінен нәтижелік өнім ретінде алынады, ал басқа бөлігі сорғышпен бастапқы концентрациясы Хб сіңіргішке қосылатын бағананың жоғарғы бөлігіне қайтарылады. Нәтижесінде концентрациясы Хқ болатын қоспа түзіледі және Хқ > Хб.
Сұйықтың бір бөлігінің рециркуляциясымен өтетін көп сатылы абсорбцияның сызбасы XI-34 суретте көрсетілген. Бұл жағдайда газ барлық бағаналардан сұйыққа қарсы өтеді. Y—X диаграммасында бүкіл жүйе үшін жұмысшы сызық АВ түзуімен бейнеленеді. Бұл түзу жеке бағаналар үшін жұмысшы сызықтарға сәйкес келетін AC, CD және DB кесінділерінен тұрады. Рецеркуляция болмағанда берілген жүйені бөліктерге бөлінген бір абсорбер ретінде қарастыру мүмкін болушы еді. Егер, әрбір жеке бағана сұйықтың рецеркуляциясымен жұмыс істесе, онда бұл бағаналардың әрқайсысы үшін жұмысшы сызықтар A'С, C'D және D'B кесінділерімен өрнектеледі. Қарастырылған сызба өнеркәсіпте кең тараған.
Сіңіргіштің рецеркуляциясымен жұмыс істейтін абсорберерден өтетін сұйық мөлшері таза абсорбенттің шығыны бірдей болғанда рецеркуляциясыз сызбалардағыдан айтарлықтай жоғары болады. Нәтижесінде үрдістің қозғаушы күші төмендеуімен сұйық фазадағы масса беру коэфициенті bс артады (ХІ-34 сурет).
Сіңіргіштің рецеркуляциясымен сызбаларды қолдану келесі жағдайларда орынды болады:
1) масса беруге қарсы негізгі кедергі сұйық фазада шоғырланғанда;
2) абсорбция үрдісінде сіңіргішті суыту қажеттілігі туғанда;
3) қондырманың сулануын жақсарту үшін (суландыру тығыздығыаз болғанда).
Сонымен қатар сұйық рецеркуляциясы абсорбциялық құрылғылардың күрделенуіне және рецеркуляцияланатын фазаны тасымалдауға энергияның қосымша шығындарына әкеледі.
XI-33—XI-35 суреттерде келтірілген құрылғылардың сызбалары абсорбция үрдісінде ішкі жылу берудің ұйымдастырылуы қиынға соғатын қондырмалы абсорберлерге жатады. Табақшалы абсорберлерде суытқыш құрылғыларды (мысалы, жыланшаларды) табақшаларға тікелей орнатады, бұл оларда өтетін жылудың көп мөлшерінің бөлінуімен өтетін абсорбциялық үрдістерді жүргізгенде осы аппараттардың өте маңызды артықшылығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |