Основные цели проекта: Для того, чтобы узнать, с книгами и журналами о растениях, произрастающих в районе Шортанды. Для определения растений при ходьбе и исследования. Методы исследования: Видя; Исследуя



бет2/4
Дата28.01.2018
өлшемі5,59 Mb.
#35172
1   2   3   4
Түймедақ гүлінің аталуы

Қазақ халқы түймедақ гүлі туралы да біраз мәліметтерге ие. Бұл гүлдің атын «түймедақ гүл» деп атауының да өзіндік ерекшелігі бар. Түймедақ гүлі маусым айының басынан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Гүл шоғы әдемі де әсем жасалған түймеге ұқсайды. Гүл шоғының ортасында сары дағы бар, ақ түсті дөңгелек гүл. Сары дағының жан-жағына ақ көкшіл, әдемі, ұсақ жапырақтар жайып тұрады. Әбден толық гүл жарғанда әдемі түймеге ұқсап, гүлі даланы ару түске бөлеп тұрады. Қазақ бұл гүлдің осы бейнесіне қарап «түймедақ гүл»,«түймедақ», «танагүл», «дала түймесі» деп әр алуан аттармен атаған.

Қазақтың жаңа туылған балаларына Түймебай, Түймегүл, Түймедақ, Танабай, Танагүл деген тәрізді аттарды әдейі ырыммен қоюы осы түймегүлдей әдемі, сұлу, ажарлы, бай-бақытты болсын дегені.



Түймегүлің әп-әдемі түймедей,

Хан-патшаның қыз ұзатқан күймедей.

Ару дала, әсем гүлге оранып,

Түймегүлмен түймеленіп жатқандай.

Түймегүл – ару даланың әсем гүлдері арасынан түймедағы арқылы ерекше көзге түседі. Гүл шоғының ортасындағы сары түймесі арқылы басқа көп гүлдерден ерекшеленеді.

Қазақтар түймегүлін үзіп алып, балаларына тұмар ретінде тағады. Той-томалақ, топты жиылысқа барғанда, ұл бала болса, оның омырауына, қыз бала болса, оның шашына қадап қояды. Солай жасаса, басқалардың тіл мен көзі тимейді, сұғы өтпейді, «Түймегүл - тұмар гүл» деп ырым етеді. Жақсылық және әсемдік ретінде бағалайды.

Көбеюі



Табиғаттағы түрлері өздігінен тұқымы шашылып көбейеді. Ал, көгалдандырудағы сұрыпталған түрлерін көктемде түбін бөлу арқылы көбейткен тиімді, әрі оңай. Көшеттің арақашықтығы биіктігінің жартысындай болу керек. Мысалы: түймедақтың биіктігі 70 см болса, арақашықтығы 35 см болғаны абзал. Түймедақтың түбін жыл сайын көбейтіп тұрмаса, гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.

Тұқымы немесе түбінен бөлу арқылы көбейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет