Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана



бет7/31
Дата06.07.2018
өлшемі5,7 Mb.
#47953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

бірінші қадамқажетті функцияны іздеу, категорияны және функцияны таңдау бөлімдерінен тұрады (3-сурет).


2-сурет

3-сурет. Функция шеберінің сұхбаттық терезесі.
2) 2-ші қадам – функцияны берілген аргументтері бойынша есептеу бөлімдерінен тұрады, мұндағы:

1 – аргумент енгізілетін функция аты;

2 – аргументтер енгізілетін өріс;

3 – аргументтер енгізілетін өрісті орау батырмасы. Егер өріс ораулы болса, осы батырманы қайта басу арқылы ашамыз;

4 – аргументтер мен функцияның ағымдағы мәні;

5 – функцияны бейнелеу аймағы;

6 – берілген функция жөнінде анықтама алу батырмасы.

Функцияға аргументтерді келесі тәсілдермен енгізуге болады:

1)қажетті адресті немесе ұяшықтар блогын пернетақтадан теру арқылы;

2)жұмыс кітабындағы қажетті ұяшықтарды немесе ұяшықтар блогын белгілеу. Бұл кезде аргументтер енгізілетін өрісті орап қоюға немесе басқа жерге апарып қоюға болады (3).

Кейде есептеулерді қандай да бір «тізім» арқылы жүргізуге тура келеді, яғни функция аргументі ретінде қандай да бір ішкі функция алынады. Мұндай кезде формула қатарындағы функция аттары көрсетілген ішкі тізімді қолдануға болады.

Мысалы: А1 ұяшығында х=1 мәні енгізілген, А2 ұяшығындағы ln(sin x) функциясын есептеу жолын қарастырайық.



А2 ұяшығында Функция шеберін шақырамыз. Шыққан сұхбаттық терезенің Математикалық категориясынан LN (натураль логарифм) функциясын таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз. Функция аргументін енгізу үшін Функция Аттары бөлімінен қажетті функцияны көрсетеміз. Ішкі функцияның аргументі ретінде А1 ұяшығындағы мәнді белгілейміз. Жалпы функцияны есептеу формуласы 4-суретте көрсетілген.


4-сурет. Ln(sin x) функциясын есептеу жолы.
Статистикалық функциялар:

МАКС(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің максимумын анықтайды;

МИН(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің минимумын анықтайды;

СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің орта мәнін есептейді;

СЧЕТЕСЛИ(диапазон; условие) – шартқа сәйкес келетін диапазон аралығындағы аргументтер санын есептейді;

Мысал: Экономикалық есепті шешу.

Мына шартпен берілген эллипсоидтың жоғарғы бетін тұрғызайық:


х[-3; 3], y[-2; 2] диапазон аралығында =0,5 қадаммен екі айнымалы да өзгереді.

2)Ол үшін:

2.1)х айнымалысын А1 ұяшығына, ал А2 ұяшығына аргументтің сол жақ мәнін (-3) енгіземіз;

2.2)А3 ұяшығында қадамды қосқандағы мәнді енгіземіз, яғни =A2+$K$2 формуласын енгіземіз және осы формуланы А14 ұяшығына дейін толтырамыз;

2.3) у айнымалысының мәнін В1 ұяшығына енгіземіз және С1 ұяшығында қадамды қосқаннан кейінгі мәнді есептейміз, яғни =B1+$K$2 формуласын енгіземіз, оны J1 ұяшығына дейін созамыз;

2.4)z айнымалысының мәнін есептеу үшін В2 ұяшығын екпінді жасағаннан соң Функция шеберін шақырып, оның екінші қадамында «Категория» өрісінен «Математикалық» типін таңдаймыз. Функция өрісінен «Корень» функциясын таңдаймыз және шыққан сұхбаттық терезеге түбір асты айнамылысының бірініш мәнін есептеуге қажетті формуланы енгіземіз, яғни: =КОРЕНЬ(1-$A2^2/9-B$1^2/4), бұдан соң ОК батырмасын шертеміз. В2 ұяшығында #ЧИСЛО! мәні шығады, өйткені х=-3 және у=-2 нүктелерінде тұрғызылатын эллипсоид жоқ;

2.5) Нәтижеде 5-суреттегідей мәндер кестесін аламыз:


5-сурет.Эллипсоид функциясын есептеу кестесі.


3)Берілген функцияның диаграммасын тұрғызу үшін Диаграмма шеберін шақырамыз. Содан соң:

3.1)1 қадамда диаграммы типін – «Поверхность», ал көрінісін – «Проволочная (прозрачная) поверхность» деп аламыз;

3.2)2 қадамда «Диапазон данных» өрісінде тышқан нұсқағышының көмегімен B2:J14 аралығын көрсетеміз, ал «Подписи оси Х» өрісінде х айнымалысының мәндер аралығын көрсетеміз: А2:А14. у айнымалысының мәндерін «Ряд» өрісінде бейнелейміз, яғни «Ряд 1» жазбасын белгілеп алғаннан соң «Имя» өрісін ағымды етеміз де у айнымалысының бірінші мәнін (-2) енгіземіз. Дәл осылай «Ряд 9» жазбасына дейін қайталаймыз. Қажетті жазбалар орындалып болғаннан соң «Далее» батырмасын шертеміз;

3.3)3 қадамда диаграмма тақырыбын және осьтерін енгіземіз;



3.4)4 қадамда диаграмманың орналасу орнын анықтаймыз. Диаграмма көрінісі 6-суретте берілген.

6-сурет. Эллипсоид диаграммасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет