ӨСӨЖ №4 «Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті» тақырыбына контент-талдау әзірлеу
Дайындаған : Сағийдолла Томирис 103 АО
Оқытушы : Сағындықова Сандуғаш Сатыбалдиевна
Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама -қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан пайда болды.

Арал қасіреті
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған.Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді. Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың,киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді.

Аралдың өзіне тән ерекшеліктері аз емес. Академик Берг Лев Семенович осы ғасырдың басында Арал теңізін зерттеп жүріп, оны «Керіағысты теңіз» деп атаған. Оның мәнісі мынада: Солтүстік жарты шарда барлық денелер жердің айналу бағытының әсерімен оңға қарай қозғалады. Гольфстрим ағысы да солай. Ал, Арал бұл заңға «бағынбайды», солға қарай ағады.

Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Апатқа ұшырағанға дейінгі
Көлемі
1066 км³
Тереңдігі
30-60 метр
Тұздылығы
10-12%
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді.
Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал апатына себеп болған факторлар:
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар.
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу аркылы суды молайту.
Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
Жер асты суларын пайдалану.
Арал теңізіиің өздігінен табиғи реттеулін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымьның білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы тұрде ғылыми негізде жүмыстар жасалуда.
"Арал тағыдыры - адамтағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтын болашақ алдындағы борышы.