Тақырып 8. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі ұлт-азаттық күрес.
Тапсырма: И.Тайманов пен М.Өтемісовтың басшылығымен Бөкей Ордасындағы көтерілісті қарастырыңыз.
Осы тақырыпты толығымен қарастыру үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіз және жауапты конспекттеңіз.
1. Бөкей Ордасының қалыптасуы қандай оқиғалармен байланысты?
2. Бөкей Ордасының әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қандай болды?
3. И.Таймановтың көтерілісіне не себеп болды?
4. Көтеріліс жылдарындағы негізгі шайқастар?
5. Неліктен көтеріліс жеңіліске ұшырады және тарихи маңызы қандай?
ОСӨЖ жүргізу нысаны: Диспут.
Әдістемелік кеңестер
Көтерілісті қарастырмас бұрын, Бөкей Ордасындағы әлеуметтік қатынастарға назар аудару керек. И.Тайманов пен М.Өтемісовтың бұрынғы қызметіне назар аударыңыз. Көтеріліске итермелеген оқиғаны табыңыз. Ресей саясатының отарлау бағытын және онымен тығыз байланысты жергілікті феодалдардың саясатын дәлелдеңіз. Ерекше маңызды оқиғаларды, шайқастарды қарастырыңыз. Қорытындылай келе, жеңілістің себептеріне және көтерілістің тарихи маңыздылығына назар аударыңыз.
Тақырып 9. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы.
Тапсырма: ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы патша үкіметінің отаршылдық реформалары туралы материалды өз бетіңізше оқып шығыңыз, конспект жасаңыз және кестені толтырыңыз (кесте екі беттік параққа құрастырылады және оқытушыға тексеруге тапсырылады).