Ісік (латынша-tumor,blastoma, )- тұтас ағзаның жүйкелік – эндокриндік реттеулеріне бағынбай,өз бетінше дербес өсетін,құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақ-тықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалар-дың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады.
Ісік (латынша-tumor,blastoma, )- тұтас ағзаның жүйкелік – эндокриндік реттеулеріне бағынбай,өз бетінше дербес өсетін,құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақ-тықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалар-дың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады.
Ісіктер тек адамдарға ғана емес хайуанаттар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде кездеседі. Ісіктер қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде екінші орында тұр. Адамдардың әрбір бесінші немесе алтыншысы осы қатерлі ісіктен өледі екен. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін, оның таралу жолдарын, морфологиялық өзгешеліктерін білу және үйрену медицина тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе. Ісіктерді зерттеумен онкология ғылымы шұғылданады.
Канцерогенез дегеніміз-(“канцер”-ісік, “генезис”-пайда болу), яғни ісіктің пайда болу процесі.
Канцерогенез дегеніміз-(“канцер”-ісік, “генезис”-пайда болу), яғни ісіктің пайда болу процесі.
Ағзадағы қалыпты жасушалар өзіне көршілес жатқан жасушалармен байланыс орнатқанға дейін бөлінеді. Жасушалар арасында қатынас орнағаннан кейін жасушалардың бөліну тоқтайды.Мұны ғылымда жанасып тежелу деп атайды.Ал ісік жасушалары,эмбриондық жасушалар,ішек эпителиі, ми жасушалары бұл заңдылыққа бағынбайды.Еш жүйемен басқарылмайтын пролиферация-ісік жаушаларының айрықша белгісі болып табылады.Сонымен қалыпты жасушалар in vitro шарты бойынша, көршілес жасушалармен жанасқанға дейін бөлінсе,ал ісік жасушаларының бөлінуі шегі шексіз. Мұны төмендегі схемадан көруге болады
Ісіктердің пайда болу себептері бойынша
Химиялық канцерогенездер:
Физикалық ықпалдар Биологиялық ықпалдар
Канцерогендер
Кез келген ісіктің пайда болуы жасушадағы ДНК-ның зақымдануынан басталады.Бұл - генетикалық дефект экзогенді канцерогендерге: онкогендік вирустар,мысалы:Эпштейн-барр вирусы,гепатит В вирусы, бензпирен,фенантрен,амино қосылыстар, анилиндік бояғыштар,ароматты қосылыстар,асбест; темекі түтінінен, ультракүлгін сәулелердің, рентгендік сәулелердің әсерінен;
эндогенді канцерогендердерге: стероидтық гормондар(әсіресе экстрагендер) холестерин, витамин Д,алкоголь,триптофанға айналатын өнімдер әсерінен, сонымен қатар,протогендер мен антионкогендердің зақымдалуынан пайда болады.
Әдетте ісік иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда: қарттарда, иммунодепрессивтік препараттар қабылданған ауруларда көп ұшырайды.Сонымен канцерогендік заттар да иммундық жүйе қызметін басып тастайды.
Әдетте ісік иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда: қарттарда, иммунодепрессивтік препараттар қабылданған ауруларда көп ұшырайды.Сонымен канцерогендік заттар да иммундық жүйе қызметін басып тастайды.
Көптеген ісік жасушаларының антигендік құрамы қалыпты жасушаларға өте жақын,сондықтан ісік дамуының алғашқы кезеңінде ағзада ісікке қарсы бағытталған күшті иммундық реакция байқалмайды. Тек антигендік ерекшелігі жақсы дамыған ісіктер пайда болғанда ғана иммунды жүйенің белсенді қарсылығы көрінеді. Ісікке қарсы күресте негізгі рөлді жасушалық иммунитет атқарады. Ісіктің өсу аймағының айналасында Т-лимфоциттер шоғырлары көрінеді, олар қаншалықты көп болса, бұл ісіктің нәтижесі соншалықты оң болады. Осындай әртүрлі ісіктердің кейде бүтіндей жойылып кетуі иммундық жүйе қызметіне байланысты.
Ал иммундық жүйені әдейі басып тастағанда (бақа ағзаларды көшіріп отырғызу,яғни трансплатация операциясына байланысты) ісіктің пайда болу мүмкіншілігі 100 рет артады. Дeмек иммундық жүйенің қалыпты қызметі ісік пайда болудың тежеуші факторларының бірі болып есептеледі. Көп жағдайларда рактың шығуы жасқа байланысты. 60 жастан кейінгі кәрі адамдарда ракпен ауру мүмкіншілігі өте көп. Бұл құбылыс организмде жас өткен сайын канцерогендік заттардың жиналып қалуымен, қоршаған ортаның ластануымен ракалды процестерінің көбеюімен, иммундық жүйенің, әсіресе, тимус қызметінің әлсіреуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар өсіп келе жатқан ісік организмнің жүйке жүйесі жағдайына үлкен әсер етіп, аурулар-дың психикасы өзгереді, қозу, тежелу үрдістерінің арақатынасы бұзылады, созылмалы күйзеліс жағдайы дамиды.