Тақырыбы: Қазақстандағы аштық. 1921-1922 жж құжаттар. Cтатистика, ақпарат деректері бойынша контент талдау.
1921-1922 жылдардағы аштық. Азамат соғыс аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс, жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн адам аштыққа ұшырады.
Қазақстанда жаңа эконмикалық саясатқа көшу орасан зор қиындармен басталды. 1921 жақында республиканың едәуір бөлігін қуаншылық жайлады. Оның алдында қатты жұт болып, ол кей жерлерде малдың 80%-ына дейін қырылуына әсер соққан еді. Республика халқының 1/3 қараша айында 1 млн 508 мың, 1922 жылдың наурыз айында 2 млн 303 200 адам болды, мамыр,маусым айларында бұл мөлшер кеми бастады
1921 жылдың жазында Бүкіл Ресейлік ОАҚ декретімен Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниямен аштық жайлаған аудандарға жатқызылды. Аштыққа індет қосылды. 1922 жылдың маусымына қарай Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар мен аурулар жалпы саны халықтың 82% дейін детті.
Қайыршылық пен аштық Кеңес өкметімен органдарнан өлкенің 2 млн-нан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөнінде төтенше шара қолдануды талап етті. Кеңестік Түркістан туысқндық көмек көрсетті, 20 мың ашыққан адамды қабылдады. 1921-1922 жылдардағы аштықтың салдарнан руспубликаның көшпелі және жартылай көшпелі аудандарындағы демографиялық жағдай одан сайын алқына түсті. Апат аймағында аштықтан тұтас ауылдар мен аудандар қырылып қалды. 1922 жылы Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Төрғай губерияларында ауыл халқының саны аштыққа дейінгі санының 1/3-іне дейін азайып кетті. 700 мыңнан астам адам, соның ішінде Ресей мен Украйнадан келген шарулар Республикадан тысқары жерге көшіп кетті.