Қолданылуы 1. Жабындық бұйымдарға жататын балшық черепицасы - үй төбелерін жабуға қолданылады. Черепица иленгіштігі жоғары оңай балқитын балшықты қалыптап, 950-1000оС-та күйдіру арқылы алынады. Черепицалар керітпелі штампталған, кертпелі ленталы, жайпақ (кертпесіз) ленталы, науалы, т.б. түрлі болады. Жайпақ ленталы черепицаның астыңғы бетіндегі ұстайтын құлағының тесігінен сым өткізіп, черепицаны үй шатырының торына байлап бекітеді. Ал кертпелі штампталған жəне кертпелі ленталы черепицалар шатырдың торы үстіне кертпесі арқылы бір-бірінежалғастыра бекітіледі. Шатыр құламаларының қиылысқан жеріне науалы түрлі черепицалар орнатылады. Черепицаның ию күшіне беріктілігі бір шаршы м-ге 70 кг, ол аязға да төзімді.
2. Керамикалық канализациялық құбырлар, металл жəне темірбетон құбырларымен салыстырғанда, агрессиялы ортаның, əсіресе өнеркəсіптердің қалдық суларының зардабына төзімді келеді.
3. Жолдық кірпіш (немесе клинкер кірпіші) қиын балқитын балшықтарды піскенше күйдіру арқылы шығарылады. Клинкер кірпішін жол мен тротуардың бетін, өндіріс ғимараттарының объектілерінің еденін, канализация коллекторын құру үшін қолданады.
4. Санитарлық-техника бұйымдары. Бұларды (ванна, унитаз, қол жуғыштар, су ағызатын бактар, т.б.) фаянстан, жартылай фарфор мен фарфордан жасайды. Ол үшін күйдіргенде ақ түсін өзгертпейтін, отқа төзімді жəне каолинитті балшықтар, кварц пен дала шпаттары қолданылады.
5. Қышқылға төзімділік дегеніміз – бұйымдардың қышқылдарда жəне сілтілерде ерімеуі. Кірпіштер мен плиткалар химия зауыттарының резервуарларының бетін, еденін тыстамалау үшін қолданылады. Ал құбырлар қышқылдарды 0,3 МПа-дан жоғары емес қысым күшімен басқа жерге жеткізу үшін пайдаланылады. Қышқылға төзімді бұйымдарды өндіру үшін химиялық төзімділігін кемітетін қоспалардан ажыратылған 1200оС мөлшерінде пісетін балышқтар пайдаланылады.
6. Отқа төзімді бұйымдар өндіріс пештерінің қабырғасын, күмбезін жəне табанын тыстау (қалау) үшін қолданылады.
7. Дренажды керамикалық құбырларды ішкі диаметрі 25-250 мм, ұзындығы 333, 500, 1000 мм, қабырғасының қалыңдығы 8-24 мм болатын отырғыш қоспасымен немесе қоспасыз балшықтан дайындалады. Олар кірпіш немесе арнаулы зауыттарда өндіріледі. Дренажды керамикалық құбырлар құрғату-ылғалдау және суландыру жүйелері, коллекторлы-дренажды су бұру құрылысына қолданады.
5-слайд