86
Жарғылық капитал.
Ол шаруашылық қызметін жүзеге асыруды бастау
үшін оның активтерін қалыптастыруға инвестицияланған корпорация
капиталының бастапқы меншікті сомасын сипаттайды.
Оның мөлшері
корпорацияның жарғысымен айқындалады. Жарғылық капиталдың ең төменгі
мөлшері заңнамасымен реттеледі.
Резервтік капитал.
Ол оның шаруашылық қызметін ішкі сақтандыру
үшін арналған корпорацияның меншікті капиталының
резервке қалдырылған
бөлігін білдіреді. Резервтік қорды қалыптастыру корпорацияның пайдасы
есебінен жүзеге асырылады. Резервтік қорға пайдадан аударылатын
аударымдардың ең төменгі мөлшері заңнамамен реттеледі.
Қосымша капитал.
Ол құрылады: негізгі
қорларды қайта бағалау
нәтижесінде мүліктің құнының өсуі есебінен; эмиссиялық кірістің (номиналды
акциялардан сату бағасының артуы есебінен); өндірістік мақсаттарға өтеусіз
алынған ақшалай және материалдық құндылықтардың есебінен. Ол мүлікті
басқа кәсіпорындар мен тұлғаларға жарғылық капиталды ұлғайтуға өтеусіз
берген, есепті кезеңде кәсіпорынның жұмыс нәтижелері
бойынша анықталған
залалды өтеудің шығындарын жабуға пайдаланылуы мүмкін.
Бөлінбеген пайда
. Ол корпорацияның алдындағы кезеңде алынған және
меншік иелері және персоналдардың тұтынуға пайдаланылмаған пайдасының
бөлігін сипаттайды.Пайданың бұл бөлігі
капиталдандыруға арналған,яғни
өндірісті дамытуда қайта инвестицияланған. Өзінің экономикалық мазмұнына
байланысты ол алдағы кезеңде оның өндірістік дамуын қамтамасыз ететін,
корпорацияның белгі бір меншікті қаржы қаражаты резервінің формасы болып
табылады,
Достарыңызбен бөлісу: