101
ТАҚЫРЫП
8
КОРПОРАЦИЯНЫҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН
БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
Осы тақырыптың материалдарын зерделеп, сіз білесіз:
• қаржылық талдаудың мақсаттары, міндеттері, әдістері мен
көрсеткіштерін сипаттауға;
• қаржылық талдау нәтижелерінің әлеуетті пайдаланушылары мен
ақпараттық қамтамасыз ету түрлерін топтастыру;
• корпорацияның қаржылық жай-күйін бағалау әдістемесін және
талдау кезеңдерінің реттілігін көрсету;
• корпорацияның өтімділік, төлем қабілеттілігі мен қаржылық
тұрақтылығының көрсеткіштерін есептеу;
8.1 Негізгі теориялық жағдайы
Қаржылық талдау
– бұл оның жай-күйі және объективті дәл бейнесін
беретін кәсіпорынның қаржылық қызметінің негізгі нәтижелері мен қаржылық
жағдайын зерттеу процесі.
Қаржылық талдау қаржылық басқару(менеджмент)
және аудиттің елеулі
элементі болып табылады. Кәсіпорындардың барлық қаржылық есебін
пайдаланушылар іс жүзінде өз мүдделерін
оңтайландыру бойынша шешім
қабылдау үшін қаржылық талдау әдістерін пайдаланады.
Меншік иелері фирмалардың тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ететін
капитал табыстылығын арттыру үшін қаржылық есептерді талдайды.
Кредиторлар мен инвесторлар өзінің қарыздары
мен салымдары бойынша
қауіптерін
азайту
үшін,қаржылық
есептерді
талдайды.Қабылданатын
шешімдердің сапасы толығымен шешімнің аналитикалық негіздеу сапасына
тәуелді екенін сеніммен айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: