Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12



Pdf көрінісі
бет72/82
Дата04.10.2023
өлшемі1,98 Mb.
#183667
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Байланысты:
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

несиелік жоспарды
құрастыру болып табылады. Несиелік жоспар – несиелердің түсу және оларды 
келісім-шартпен белгіленген мерзімдерде төлеу жоспары. Егер кәсіпорын қысқа 
мерзімді қаржыландыруға мұқтаж болса, онда ол коммерциялық банкке 
қайтару қажет пайызды есепке ала отырып сомманы белгілеп, сұрап отырған 
несие мөлшерін негіздеу керек, несиелік іс-шараның тиімділігін есептеп, 
банкпен несиелік қызмет көрсету жөнінде келісім-шарт жасасу керек.
Қаржылық жоспарлаудың қорытынды кезеңі 
жиынтық аналитикалық 
жазбахат 
құрастыру болып табылады. Онда жылдық қаржылық жоспардың 
негізгі көрсеткіштеріне (кірістердің, шығыстардың көлемі мен құрылымына, 
бюджетпен, коммерциялық банктермен, контрагенттермен өзара қарым-
қатынастарға) сипаттама беріледі. Инвестицияларды қаржыландыру көздерін 
талдауға ерекше рөл бөлінеді. Кірісті бөлуге үлкен көңіл бөліну керек.
Аналитикалық 
жазбахаттың 
соңында 
кәсіпорынның 
қаржылық 
ресурстармен жоспарлы қамтамасыз етілуі және олардың қалыптасу көздерінің 
құрылымы туралы қорытындылар шығарылады.
10.2 Бақылау сұрақтары 
 
1. Нарықтық экономиканы қалыптасу және қалыптастыру жағдайында 
қаржылық жоспарлау рөлі мен маңызы қандай? 
2. Қаржылық жоспарлаудың негізгі есебін атаңдар. 
3. Қаржылық жоспарды жасау кезінде қандай әдістер қолданылады? 
4. Қаржылық жоспарлаудың негізгі түрлерін атаңдар. 
 
10.3 Тесттік сауалдар 
 
1. Жоспарлау – бұл: 


134 
А) кәсіпорынның ақша ағындарының басқару қозғалысынның тиімді 
жүйесі
В) қаржы қарым-қатынасынан туындайтын қалыптастыру процесінде 
негізгі және айналым капиталы, қорлары, ақша құралдары және олардың 
пайдалануы 
С) нысаналы қондырғылардың сандық және сапалық тұрғыдан қабылдау 
мен жүзеге асыру кезеңдері, сондай-ақ анықтау жолдары, оларды неғұрлым 
тиімді қол жеткізу 
Д) жаһандық мәселелерді қамтамасыз ету жөніндегі компанияның 
қаржылық тұрақтылығының шешімі 
Е) кәсіпорынның есептік құжаттамасын жүргізуі 
2. Стратегиялық жоспарлау барысында жүреді: 
А) баламалы нұсқаларын таңдау және оның ішінде үздігін іздеу 
В) нақтылау және нақтылау көрсеткіштердің қаржылық көрсеткіштерін 
болжамды 
С) өткен кезеңнің қаржылық көрсеткіштерін қорытындылау
Д) кәсіпорынның қозғалыста заттай және құндық көрсеткіштерін, негізгі 
заңдылықтарын анықтау 
Е) қаржы жоспарын және оның орындалуын бақылап іс жүзінде енгізу 
3. Дұрыс жауабын көрсетіңіз: 
А) жоспарлау бір жағынан қаржы саласындағы іс-қимыл қателігін 
болдырмауға, басқалай- мүмкіндіктердің пайдаланылмау санының азаюына 
байланысты 
В) жоспарлау келешегі кәсіпорын мақсаттарының басты нысанын іске 
асыру болып табылады, пропорциясын және қарқыны кеңейтілген өсімін 
молайтуда аса маңызды көрсеткіштерді анықтайды
С) жоспарлау келешегі 1 жылға дейін мерзімді қамтиды
D) қаржылық жоспарлау келешегі қаржылық қызметті жоспарлауды және 
кәсіпорынның қаржылық стратегиясын өңдеуді қосады
Е) қаржылық стратегиясы негізінде қаржылық қызметінің нақты 
бағыттар бойынша кәсіпорынның қаржы саясатын айқындайды: салық, 
амортизациялық, дивидендтік, эмиссиялық және т. б.
4.
Дұрыс жауабын көрсетіңіз

А) оперативтік қаржылық жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде кассалық 
жоспарды және тұтыну есебін, төлем күнтізбесін жасауды және орындауды 
қамтиды
В) төлем күнтізбесі айлар бойынша тоқсанға бөлініп және одан шағын 
кезеңдер құрастырылады
С) күтілетін түсімдердің үстінен жоспарланатын шығыстардың асуы 
оларды жабу үшін өз мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігін білдіреді 
D) ақша қаражаттарының ағыны мен жылыстауы төлем күнтізбесінде 
теңдестірілген болуы мүмкін емес
Е) салықтық күнтізбеде кәсіпорын қашан және қандай салықтар төлеуге 
тиіс көрсетіледі 


135 
5. Қаржылық жоспарлау принципі, ақшалай қаражатты жоспарлауда, жылдың 
кез келген уақытында корпорацияның төлем қабілеттілігін көздейтінін 
қамтамасыз етуге тиіс. 
А) төлемқабілеттілік принципі 
В) қаржы қатынасы мерзімдерінің принципі 
С) шекті пайдалылық принципі 
D) қатысу принципі 
Е) дәлдік принципі 
6.
 
Кассалық жоспар кәсіпкерлік ұйыммен берілуі тиіс: 
А) салық инспекциясына ; 
В) қызмет көрсететін банкке; 
С) кредиторларға; 
D) клиенттерге;
Е) ешқайда берілмейді. 
7.
 
Қаржылық талдау есебін атаңыз. 
А) қаржылық жағдай көрсеткіштерінің өзгерістерін анықтау; 
В) кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды 
анықтау;
С) қаржылық жағдайдың сандық және сапалық өзгерістерін бағалау, 
белгілі бір күнге кәсіпорынның қаржылық жағдайы; 
D) кәсіпорынның қаржылық жағдайының өзгеріс үрдістерін анықтау; 
Е) барлық жауаптар дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет