Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12



Pdf көрінісі
бет13/82
Дата04.10.2023
өлшемі1,98 Mb.
#183667
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Байланысты:
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

2.4 Тәжірибелік жаттығулар 
 
Есеп 1.
Инвестициялау мерзімі 5 жыл, пайыздық мөлшерлеме 12%. Ақша 
қаражатының ағымдағы және болашақ құнының (дисконттау коэффициенті) 
факторын анықтаңдар.
Есеп 2
Коммерциялық ұйым 5 жылдық мерзімге, пайыздық ставкасы
жылына 20 % болатын, еркін ақша қорын 30 млн теңгені инвестициялауды 
шешті. Ақшаның болашақ құның анықтаңыздар. 
Есеп 3.
Коммерциялық ұйым склад немесе офис құру үшін мекеме алуды 
жоспарлайды. Эксперттер мүліктің болашақ құнын 10 млн теңге деп бағалады. 
Банктік депозиттік есептермен күрделі пайыз ставкасымен есептелетін 32% 
жылына бекітілді. Банкке қанша салым салу керек, егер екі жылдан кейін 
мүлікті сатып алу үшін сомма жиналса: 
Задача 4. 
Жылына 
 
25% бойынша жай пайыздар ставкасы есептелу 
шартында, борыш үшін 100 мың теңгеге тең болғанда, 120 мың теңгеге дейін 
өскен жағдайда, күнмен несие мерзімі қандай болуы тиіс? 
Есеп 5. 
Банктегі ұйым шотында 120 млн. тенге. Банк 12,5% жылына 
төлейді. 5 жылдан кейін капиталды екі еселеуге уәде бере отырып, бірлескен 
кәсіпорынға барлық капиталды ұйымға кіруді ұйымдастыруды ұсынады. Бұл 
ұсынысты қабылдады ма? 
Есеп 6. 
Ұйым 150 млн теңге банктен кредит алды, 5 жыл мерзімге және 
10% жылына. Кредитті және пайыздық төлемдерді жабу 5 жыл ішінде біркелкі 
әдіспен өтелу тиіс. Банктік кредит бойынша жыл сайынғы төлемді аңықтаңыз 
Есеп 7.
5 жыл
 
ішінде ұйым 25 мың. шарт а.б. жинау қажет. Егер банк 
жылына 10% ұсынса, онда банктің жыл сайынғы жарнасы (пренумерандо 
сызбасы) қандай болуы тиіс. Осы мақсатқа жету үшін, банк бүгінге қандай бір 
реттік соманы салу қажет еді? 
Есеп 8. 
Несие беру шарттары қандай және неліктен банкке неғұрлым 
тиімді: а) тоқсан сайын есептеуде, 28% жылына,; б) жарты жылға есептеуде, 
30% жылына? 


23 
Есеп 9.
Өтелмеген қалдықтан күрделі пайыз сызбасы бойынша 
есептелетін,
 
8% - бен, 100 млн. тенге 5 жылға корпорация алған болатын. 
Анықтаңдар: а) үшінші жылда қандай пайыз төленетінін? б) алғашқы үш жыл 
бойынша несиенің қандай бөлігі өтелмей қалады? 
Есеп 10.
Келесі шартта кәсіпорын 150 млн.тенгеге ғимаратты сатып алды: 
а) 30% құнын дереу төлейді; б) күрделі пайыздар сызбасы бойынша несиенің 
өтелмеген бөлігі жылына 15% есептегенде 8 жыл аралығында жылдық 
төлемдердің қалғаны бөлігі тең есептеледі. 6жыл өткеннен кейін ғимараттың 
қандай бөлігінің құны төленбеген болуы мүмкін.


24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет